Kalima


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Араб тілі және әдебиетіне қатысты дүниелерді осы арнада көре аласыздар
أهلا وسهلا بكم
Админ: @JangeldiDarhan

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


أَنَا جَائِعٌ - Менің қарным аш 😏👍

صَاحَتْ عَصَافِيرُ بَطْنِي 🤩👍
Қарным шұрылдап кетті

Тікелей аудармасы: Қарнымның құстары айқайлады/шыңғырды


دَسَّ أَنْفَهُ فِيمَا لَا يَعْنِيهِ

Өзіне қатысы жоқ нәрсеге араласты

Тікелей аудармасы: Өзіне қатысы жоқ нәрсеге мұрнын тықты

لَا تَدُسَّ أَنْفَكَ فِيمَا لَا يَعْنِيكَ!

• Өзіңе қатысы жоқ нәрсеге араласпа!


سَلِمَتْ يَدَاكَ (كِ)

Қолың дерт көрмесін!

سَلِمَتْ يَدَاكِ يَا أُمِّي! الطَّعَامُ كَانَ شَهِيًّا جِدًّا

• Қолыңыз дерт көрмесін, анашым! Тамақ өте дәмді болыпты


بِاخْتِصَارٍ

Қысқаша; қысқасын айтқанда

هَلْ لَكَ أَنْ تَشْرَحَ لِي هَذَا بِاخْتِصَارٍ؟
• Бұны маған қысқаша түсіндіріп бересің бе?


إِيَّاكِ أَعْنِي وَاسْمَعِي يَا جَارَةُ

Тіліміздегі мағынасы: "Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда"

Бұл мақалдың өз шығу тарихы бар. Бірақ бұл топтағы қарамыз сәл көбейсін, сосын ол жайлы жазармын, ин шәә Алла!


شَيْئًا فَشَيْئًا
Бірте-бірте, аздап-аздап

تَنْقَرِضُ بَعْضُ الْحَيَوَانَاتِ شَيْئًا فَشَيْئًا
• Кейбір жануарлар бірте-бірте жойылып бара жатыр


كُلُّ مَنْ هَبَّ وَدَبَّ
Әркім, кім көрінген; әрбір адам, кез келген адам, кім болса сол

هَلْ هَذَا مُبَاحٌ لِكُلِّ مَنْ هَبَّ وَدَبَّ؟
• Бұл кім-көрінгенге болады ма?
• Бұны кім болса сол істей береді ме?

لَا تَحْدِقْ النَّظَرَ فِي كُلِّ مَنْ هَبَّ وَدَبَّ
Кім болса соған қадалып қарай берме


Әлемде кең таралған мақалдың бірі.
Тілімізде "Ит үреді, керуен көшеді" дейміз.


Кей кездері өмірде жақсы адамдар қателік жіберіп, сүрініп жатады. Міне сол кезде осы мақалды айтып жұбатамыз. Сөзбе-сөз аудармасы:" әр бір сәйгүлік сүрінеді". Халқымыздағы "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" деген мақалға келеді.
P.S. Бұл мақалды өмірі қателесіп, үнемі сүрініп, бір інге екі рет шағылып жүретін адамға қолданбаймыз.


Мағынасы: "Халима бұрынғы әдетіне қайта оралды".
Бұл мақалды бұрынғы жаман әдетін тастап, бірақ сол әдетіне қайта барған адамға қолданамыз. Біздегі "ескі әніне қайта басты" дегенге келеді.


عَلَى الْأَقَلِّ
Ең болмағанда, ең құрығанда, ең аз дегенде

اِقْرَأْ عَلَى الْأَقَلِّ كِتَابًا وَاحِدًا في الشَّهْرِ
Ең аз дегенде айына бір кітап оқы

يَسْتَغْرِقُ إِنْهَاءُ هَذَا الْمَشْرُوعِ سَنَةً عَلَى الْأَقَلِّ
Бұл жобаны аяқтау кем дегенде бір жыл уақыт алады


بِفَارِغِ الصَّبْرِ، بِصَبْرٍ نَافِذٍ، بِذَاهِبِ الصَّبْرِ
Асыға, тағатсыздана

أَنْتَظِرُ لِقَاءَنَا بِفَارِغِ الصَّبْرِ يَا صَدِيقِي
Кездесуімізді асыға (тағатсыздана) күтемін, досым


عَلَى عَجَلٍ
Асығыс, шапшаң, шұғыл, тез

خَرَجْتُ مِنَ الْبَيْتِ عَلَى عَجَلٍ
Үйден асығыс шықтым

لَا تُشْرَبُ الْقَهْوَةُ عَلَى عَجَلٍ
Кофе тез ішілмейді


Мағынасы: Менің қатысым жоқ. Маған қатысты емес.
Сөзбе сөз: онда менің інгенім де түйем де жоқ.

Бұл мақалдың шығу тарихы:
(Ислам діні келуден алдын) арабтардың ішінде Тағлиб пен Бәкір атты аталас рулардың арасында қырық жылға ұласқан Бассус соғысы орын алады. Соғыстың қысқаша тарихына келер болсақ, Тағлиб руының көсемі Кулайб, Бәкір руының Бассус есімді әйелдің астындағы інгенді садақпен атып өлтіреді. Бұл іске ашуланған Бассустың жиені Жассас Кулайбтың астындағы түйені өлтіремін деп Кулайбтың өзін өлтіріп алады. Содан екі ағайынды рулардың арасында соғыс оты тұтанады. Сол заманда Харис есімді батыр болған екен, міне сол батырдан соғысқа қатыспайсың ба дегенде: "менің онда (соғыста) інгенім де түйем де (өлген) жоқ", яғни бұл соғысқа менің қатысым жоқ, деп жауап беріпті.
P.S. Інген - ұрғашы түйе.

عَلَى سَبِيلِ الْمِثال:
هَذَا مَوْضُوعٌ لا نَاقَة لِي فِيهِ وَ لَا جَمَل

هذا أَمْرٌ لا ناقة لي فيه و لا جمل




رَجَعَ بِخُفَّيْ حُنَيْنٍ

Хунайнның екі кебісімен қайтты 🤔

Бұл тіркесті  сәтсіздікке ұшыраған, тұмсығы тасқа тиген, ісі өрге баспаған, жолы болмаған адамға қолданамыз.
Бұл мақалдың шығу тарихына тоқталсақ:
Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда Ирактың Хира қаласында он саусағынан өнер тамған, өте шебер Хунайн атты етікші болыпты. Бір күні дүкеніне шөл дала арабы келіп саудаласа бастайды. Қызыл кеңірдек болып ұзақ саудаласқаннан кейін әлгі арап ештеңе сатып алмастан, теріс бұрылып кетіп қалады. Бұл әрекеті шымбайына батқан Хунайн қатты ашуланып, кек алуға бекінеді. Содан әлгі арап қайтатын жолға кебістің бірін тастап, ал екіншісін одан сәл алыстау жерге тастайды. Ойында ештеңе жоқ шөл дала арабы жолдан кебісті көріп кілт тоқтайды. Нақтылап қараса сол баяғы атақты етікші Хунайнның тіккен кебісі екен. Бірақ "бір кебістің маған ешқандай да керегі жоқ", деп жолын жалғап кете береді. Алайда сәл жүргеннен кейін дәл сол кебістің екіншісін көреді. Оны көріп манағы бірінші көрген кебісті алмағанына іштей күйініп, түйесін заттарымен қоса сол жерде тастап, кебісті қолына алып артқа қайтады. Сол сәтте ағаштың тасасында бақылып отырған Хунайн келіп түйесін заттарымен қоса алып кетеді. Сәлден кейін қуаныштан жүзі жайнаған, қолында екі кебісі бар арап келіп түйесін таппай, салы суға кетіп, құр алақан еліне оралған екен. Еліне келсе, бұл сапардан келгенде сыйлық алуға әдеттенген бір топ ағайыны елпектеп алдынан шығып "не әкелдің?", дегенде "Хунайнның екі кебісін", деген екен.

Соңы.




Бұл тіркесті кішкентай, болмашы нәрсені үлкен мәселеге айналдырып жіберген кезде қолданамыз. Тіліміздегі "Түймедейді түйедей етпе" дегенге келеді. Ал сөзбе-сөз:
لا تَجْعَلْ - қылма, етпе
حَبَّة - дәнек, дән
قُبَّة - күмбез


بسم الله الرحمن الرحيم

Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын

19 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

57

obunachilar
Kanal statistikasi