Мағынасы: Менің қатысым жоқ. Маған қатысты емес.
Сөзбе сөз: онда менің інгенім де түйем де жоқ.
Бұл мақалдың шығу тарихы:
(Ислам діні келуден алдын) арабтардың ішінде Тағлиб пен Бәкір атты аталас рулардың арасында қырық жылға ұласқан Бассус соғысы орын алады. Соғыстың қысқаша тарихына келер болсақ, Тағлиб руының көсемі Кулайб, Бәкір руының Бассус есімді әйелдің астындағы інгенді садақпен атып өлтіреді. Бұл іске ашуланған Бассустың жиені Жассас Кулайбтың астындағы түйені өлтіремін деп Кулайбтың өзін өлтіріп алады. Содан екі ағайынды рулардың арасында соғыс оты тұтанады. Сол заманда Харис есімді батыр болған екен, міне сол батырдан соғысқа қатыспайсың ба дегенде: "менің онда (соғыста) інгенім де түйем де (өлген) жоқ", яғни бұл соғысқа менің қатысым жоқ, деп жауап беріпті.
P.S. Інген - ұрғашы түйе.
عَلَى سَبِيلِ الْمِثال:
هَذَا مَوْضُوعٌ لا نَاقَة لِي فِيهِ وَ لَا جَمَل
هذا أَمْرٌ لا ناقة لي فيه و لا جمل