İmandy jürek🫀


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деп, оқуға бұйырған («Ғалақ» сүресі, 1-5-аят).

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Шәкірт📚 dan repost
Мы должны также признать тот факт, что манипулировать населением очень легко, и мы наблюдаем это на протяжении всей американской истории, вплоть до сегодняшнего дня. Если вы посмотрите на то, как средства массовой информации, социальные сети и образовательные учреждения манипулируют целым обществом, вы увидите, что общественное мнение обслуживает низменные инстинкты людей. Фактически, общественное мнение может ввести нацию в заблуждение относительно справедливости и морали.

📚Дэниэл Хакикатджу, из книги "Современные вызовы Исламу".


Бисмилляһ

Дінді тек жұмсақ тілмен жеткізе аламыз ол Ислам діні оны ешқашан қаттылықпен келмейді. Адамдарда сондай болу қажет жұмсақ мінезді болу қажет біреудің күнәсін әшкере ету мұсылманға жат қылық. Аллаһ қалаған адам тура жолға түседі, Аллаһ қаламаса ол кісі тура жолға түспейді. Оны қайта қайта айтып қазбалай беруге болмайды.

#Бәрімізгеде_қатысы_бар


Шәкірт📚 dan repost
Барлығымыз қателесеміз. Бірақ ең бастысы сол қателікті мойындау. Егер біреудің қателігін көрсек, оны бетке баспай, жұмсақ түрде жеткізуіміз қажет-ақ.


Tolib's Notes dan repost
Таратып, ілім жолындағы бауырымызға жәрдемдесіп жіберейікші🫂🤍


İmandy jürek🫀 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Бисмилляһ✨


Әр қыз баласы орамалға әртүрлі жолмен келеді. Ең әуелі Аллаһтың қалауымен🤲🏻 Сонымен қатар орамалға ең алғаш келгенде бірден шариғи тұрғыда киініп кету көп жаның қолынан келетін оңай дүние емес. Аллаһтың орнына шешім қабылдауды қою керек. Себебі бізді өзгертетін тек Раббымыз✨ Аз аздан үздіксіз, білімі көбейген сайын қыз баласы өзі түсініп келеді. Ислам дінің көркем түрде жеткізуді үйренейік🤲🏻 Алғаш орамалға келгенде киім көп болмайды, сол себепті футболка, нарукавник, шалбармен бастайтын жандар бар. Түсіністікпен қараған жөн. Оценка бермей, біреуді сынамай өмір сүрейік. Егер де адамның ақыретін шын мәнінде ойлайтын болсаңыз, онда жекесіне шығып көркем түрде жеткізіңіздер. Ол адамның қателігін көпшіліктің көзінше ашудың қажеті жоқ! Егерде ескертуіңіз өтпесе, онда ол адам үшін дұға етіңіз🫂Шынайы мұсылман адамның бейнесі сондай болу керек.


dapterone dan repost
— Темекі дәретті бұза ма?
— Темекі сені бұзады!


Пенде👳🏻‍♀️ dan repost
“Намаз мені тастады”- деп сылтауратпа.
Сен намазды тастадың.


Бисмилляһ✨

꧁Әр күніңді әсемде.꧂

«Шүбәсіз, ақырғы аялдама — Раббыңның құзыры. Күлдіретін де, жылататын да — Өзі»
«Нәжм» сүресі, 42-43 аяттар

«Қарқылдап күлу — шайтаннан. Ал, күлімсіреу болса — Рахманнан»
©Хадис Шариф

“Уа, Аллаһым! Көңілдерді жақсыдан жаманға, жаманнан жақсыға айналдыратын жалғыз сенсің. Көңілімді дініңе берік қыл!”

«Тіріде сыйласпаған, өліде жыласпайды»
✍Халық даналығы


Бисмилляһ✨

Адамдар кетеді, Аллаһ қалады.
ير حل الناس و يبقى ﷲ


Бисмилляһ✨

*Алла елшісі ﷺ бір хадисінде:*

" Расында қабірдің қысымы бар, одан ешкім аман қалмайды. Егер аман қалса, Сағд ибн Муғаз құтылатын еді" деді.

Имам ан Насафи осы хадисті түсіндіре келе былай дейді:

" Жер ол бүкіл адамзаттың анасы. Содан жаратылған, әрі соған қайтады. Сәби анасынан жырақта біраз уақыт жүріп, қайта қауышқанда құшағына қысқан секілді, адам баласы жер бетінде жүріп, жер қойнауына табысталғанда сол қысым болады. Егер жер бетінде Аллаға итағат етіп, салихалы жан болса, қабір оны сағынышпен жұмсақтықпен қысады. Ал егер жер бетінде Аллаға қарсы келіп, бойұсынбаған пенде болса, ол қысым ашумен, азаппен болады.


صبر❤️‍🩹 dan repost
«Алла разы болсын» -деген сөзді жиі айтуға және естуге тырысыңыздар. себебі, ол сөзді жеткізуге періштелер таласады екен.

дұғалар


Бисмилляһ✨
Ассалам алякум баршаңызға


ескертуші dan repost
"Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайкә ләә шәрика ләкә ләббайк, инналхәмда уанни’мәтә ләкә уалмулк, ләә шәрика ләк" деп айт

لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لاَ شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ، وَالنِّعْمَةَ، لَكَ وَالْمُلْكَ، لاَ شَرِيكَ لَكَ

~ Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің әміріңе бой ұсындым. Сенің серігің жоқ, сенің әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ ~


Бисмилляһ✨

Қыздарым егер де өзгергіңіз, дамығыңыз, білім алғыңыз келсе аз-аздан үздіксіз амалдар жасап отырыңыздар, иә бәрі бірден болып кетпейді. Аллаһтың Әл-'Адл есімі бар ғой иә? Біздің жасаған әрекетіміге, ниетімізге, еңбегіңізге қарай жемісін береді🥰 Бастысы кез келген істі Аллаға тапсырып, тәуекел етуді бастап кету.

«Егер бір іске бел байласаң, Аллаға тәуекел ет. Сөзсіз Аллаһ тәуекел етушілерді жақсы көреді.»
(«Әли-Имран» - сүресі,159)
Егер де намазға ниет етіп жүрген болсаңыз сізге айтарым қорқудың қажеті жоқ! Аллаһ ойды бекер салмайды, сонымен қатар ол әрбір мұсылман адамның парызы (міндет).


Ілім_ізденуші ☪️ dan repost
Бақытты жоғардан іздесең әкеңнің қабағында,
Төменнен іздесең анаңның табанында...


𝐃𝐈𝐃𝐀𝐑-дан жаңа хат…✉️ dan repost
Сені 🫵🏻 күтемін пақыр пенде...

Кел. Келебер, сені қалай барсың, солай қабыл етемін. Еш нәрсең керек емес. Байлығың да, алтын-күмістерің де, атақ-абыройың да. Күтіп жатырмын. Құшағым тек сен үшін. Қатты құшақтап аламын келсең. Ант етемін, менің құшағымда саған ешбір адам тиісе алмайды. Қарым-қатынасымызға ешкім араласа алмайды. Құшағымда қандай хәлде болуың бүгін өзіңе байланысты. Маған келер жолда мені ұмытпа.

Құрметпен, сенің ҚАБІРІҢ


Бисмилляһ✨

📌 АДАМДЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНДЫРАТЫН 18 СЕБЕП

1. Үнемі «басқалар не айтар екен?» деп алаңдап жүру;
2. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін жолды таңдау;
3. Жалқаулану;
4. Тәуекел етуден қорқу;
5. Барлығына жағуға тырысу;
6. Жақындарың мен ата-анаңды ұмыту, олардың разылығын алмау;
7. Бос уақытты төрт қабырғада өткізу;
8. Өзіңді кінәлай беру;
9. «Қолымнан келмейді» деп үміт үзу;
10. Өкіну, өткен күннің шырғалаңынан шыға алмау;
11. Кек сақтау, біреуді жек көру;
12. Жауапкершіліктен қашу;
13. Орындай алмайтын уәде беру, сөзде тұрмау;
14. Жаман нәрселерді ойлау;
15. Біреудің жетістігін көре алмау, қызғану;
16. Үнемі өзгелерді кінәлауға асығу;
17. Жаман әдетке салыну (шылым шегу, арақ ішу, құмар ойын, т.б)
18. Өмірге, тағдырға налу. Баста тұрған бақытты бағалай алмау.


Бисмилляһ✨

“Уа, Раббым! Бізге Өзіңді, періштелеріңді, пайғамбарларың мен ізгі құлдарыңды жақсы көруді нәсіп ет. Біздің барша күнә-қателіктерімізді кешіріп, тақуалармен бірге қылғайсың”.

©Дұға


Júrek Tynyshtyģy ❤️‍🩹 dan repost
#Уағыз

«Жастық шағыңды Алланы танумен өткіз».
Ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет.


Уақыт.

| Абдуғаппар Сманов🎙️

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.