Басқа қаладан келген бір досым бірде күлген “жылжы” деген мағынадағы “қаш” деген сөзге, “қашып кет” дегенге ұқсатып. Енді міне кешегі оқиғаның “арқасында” “қашу” деген сөздің әдеби мағынасын оңтүстік біраз адамы біліп қалды.
24 маусым.
Сағат таңғы тоғыздан кете телефоным шылдырлап, оятып жіберді. Дыбысын өшіріп қойып, әрі қарай ұйқыға кеттім. Бүгін демалатын күнім, жұмыс жоқ. Демек, асықпай тұрып, шай ішіп, көптен бері көрмеген достарыммен кездесемін.
Бірақ екінші мәрте мені оятқан телефоным емес, жарылыстың дыбысы болды. Не болып қалды, аулада біреу бірдеңе жарды ма деп, балконға жүгіріп шығып қарасам, ап-ашық аспанды қаптап жатқан түтінді көрдім. Не болып қалғанын әлі түсінбей тұрғанымда тарс еткен дыбыс құлақ шеміршегімді тітір еткізді. Жарылыстың лебі өзімді ұшырып әкетерін сезіп, адамды оңай құлатса, әйнектен не қалады деп терезеден әрірек тұрдым. Кейін болған оқиғаларды тіпті еске түсіру де қиын.
Асығыс жинала бастағаным есімде. Әлі де ұйқылай, бірақ әйтеуір заттарымды сөмкеге салып жинап жатырмын. Бүгін кездеспекші болған достарым хабарласып, мені 20 минуттан кейін көліктеріне мінгізіп алып кете алатынын айтты. Бірер минут бұрын сағынып отырған достарыммен бұндай жағдайда қауышамын деп ойламаған едім. Киініп, жиналып, керек болады-ау деген дүниенің бәрін сөмкеге салып, шығып бара жатқанда, артыма бір қарағаным сол еді, залдың терезесі тарс жарылды. Көзім бақырайып, үйімнен атып шықтым. Алды-артыма қарамай достарымның көлігін көріп, соған қарай қаштым. Бұрын да қаламызда жарылыс болған, бірақ бұндай жарылысты бірінші рет көріп тұрмын. Соңғы рет деп үміттенем.
27 мамыр, дәл бір ай бұрын
Интернеттегі бір видео: “Я проснулась в стране под пение птиц, а не под звуки взрывов…”.
Бибарыс, әлі түк өңделмеген әңгіме 👀