Жаңа оқулықта Финляндия әдісі қолданылады
"Қарызсыз қоғам" жобасының құндылығы және оның қисынды аяқталуы – барлық мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында қаржылық сауат оқулықтарын әзірлеу болмақ. Бұл оқулықтарды жазарда 543 мың адамға сауалнама жүргізілді және қазіргі «Қаржылық сауат» пәнінің барлық кемшіліктері анықталды. Мысалы кей мектептерде қаржы саласына қатысы жоқ тарих, қазақ тілі, дене шынықтыру мұғалімдері сабақ береді екен. Оқу материалдары қызық емес. Мұны мектепте жүріп-ақ мобилограф, контентмейкер, СММ болып, табыс табатын оқушылар айтуда. Криптовалютаға, инвестициялық қорлар мен нарықтарға қызығатын ұрпақ өсіп келеді. Соған лайықты ұстаздар мен оқулықтар әлі жоқ.
Сондықтан Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, оқулық жазатын әдіснамалық топ құрдық. Бұл топ Финляндия мен Эстония тәжірибесін алуға арнайы барып, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. PISA рейтингінде Финляндия мен Эстония қаржылық сауат бойынша әлемде жетекші орын алады. Бұл елдерде бала кезінен ақшаны қалай жұмсау керегі, қауіпсіздік қоры үйретіледі. Біз Қаржы нарығын дамыту агенттігіне 2 мамырды Қаржылық сауат күні деп белгілеу жөнінде өтініш жолдадық. Бұл күні барлық ұйымдарда қаржылық сауаттың не екені айтылса, шеберлік сағаттары, семинарлар мен ашық есік күндері өткізілсе, қаржылық сауатты қоғамға бір қадам жақындаймыз деген ойдамын.