Bòlek álem dan repost
Естіп-білуім бойынша ертең о дүниеге адам таудай сауаппен барып, бірақ, бірнеше адамда ақысы қалып, ренжітіп, қарыздар болатын болса, ақысы қалған немесе қарыздар адам келіп "Мына кісінің менде қарызы бар еді",-деп оның сауабын өзіне алуға толықтай құқығы бар. Тіпті ол адамның сауабы таусылып қалған жағдайдың өзінде: "Ешқандай сауапты ісі қалмаса, мен өзімнің күнәмді іліп кетемін",- дей алады екен. Адамның бүкіл өмір бойы жинаған сауабын осылай жан-жақтан тартып ала алады екен. Тек бір ғана сауап түрін ешкім ала алмайды . Ол Оразадағы Алланың беретін сауабы. Дәл осы Рамазан айында берілетін сауапты ешкім алып қоя алмайды. Барлық дұға-тілектерді осынша рет оқыса осынша сауап беріледі дейтін саны болады. Тек осы Рамазан айында берілетін сауаптың қанша екені ешкімге беймәлім. Алла тағала бұл айда істеген игі істерің үшін, ұстаған оразаларың үшін, сауапты өзім берем деген екен. Бұл айда берілетін сауаптың саны тек Аллаға ғана мәлім. Ғалымдардың айтуы бойынша Алла өзім береді деген екен, демек, ол кеңінен, молынан береді. Себебі, Алла ең мейірімді, ең жомарт. Сондықтан бұл айда барынша көбірек сауапты істер істеп, дұға-тілектер оқып, имандарыңызды нығайтыңыздар. Ниеттеріңіз қабыл болсын!❤️