Алтын қыз | Феруза Нұрланмен


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


діни блог емес | менің ойларым ғана🌥
#өзіме_айттым

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


“әлем сенімен ғана әдемі”


орамал - мода емес
орамал - тағдыр…🍂


жүрек - Алланың үйі.
оны сақта. өзіңдікін де, өзгенікін де…
оны кірлетпе. өзіңдікін де, өзгенікін де…
оны таптама. өзіңдікін де. өзгенікін де…


сен разы болмаған амалдарым болса, сенің разылығыңнан мені алыстататын адамдарым болса, олардан менің жүрегімді өзің суыт…

сенің разылығыңа жақындататын адамдар болса, сенің разылығыңа жақындататын амалдар болса, оларға жақын ет. жүрегімді тек соларға қарай жылытқайсың…🕊🖇
#дұға


әкемнің бізге қойған өмірлік талабы жақсы сөз сөйлеу еді…

былапыт, жаман әрі ауыр тіркестерді естімеген жүректің қатыгез әлемнің сөздеріне үйрене де алмай жүргені бар.

“кет” демейтін, дегізбейтін. мектеп кезінде досымның “жоғал” деген сөзіне жылап қалғаным бар.
- неге жылайсың, ол жәй ғана сөз ғой?!
- бірақ мен үшін тым ауыр…

Раббым мені солай жақсы сөздермен тәрбиелеуді нәсіп етіпті әрі жақсы сөз сөйлеткізіпті… кейде ата-анаң айтпайтын жаман сөзді неге мына қоғамнан естуім керек деп те ойланасың?! бір-бірімізді “мақтамен бауыздап” әлі болмадық па?!

#алтын_күнделігімнен


қолыңнан келгенін жаса да,
қалғанын Раббыңнан тіле,

тіпті, әлем қарсы тұрса да,
мен қасыңда болам…💕


кішкентай ғана тыныш қаламды сағындым…🍂


білесіз бе,
сіз сирек хат жазасыз?
содан менде жиілеп сәт мазасыз,
ауыр ойдан қаламын арыла алмай,
…ал сіз ше?
тап-тазасыз!!!


егер жүрек сөйлесе не болар екен, қызық?!.🍂


— біз жақсы көретін адамдарымыз үшін неге жылайтынымызды білесің бе?
— оларды жамандыққа қимағандықтан…💔


• бір жыл бұрын достарымызбен Шымкентке қайту үшін билет алдық. жол жүретін жерге келсек, біз кешігіп жатқаннан кейін орынымызды басқа адамдарға заңсыз сатып жіберіпті…💔

• сол кезде маған ең үлкен инсайтты бізді қорғаған әже айтып еді: “ барлығын өз уақытында жаса. уақытында күл. уақытында ойна. уақытында жүр. уақытынан ешқашан кешікпе. себебі, ол дәл сол жерде сенің несібең бірге кетеді. өз берекеңді өз қолыңмен ұшырып алма” - деп еді…🍂






құрметті менің болашағым, саған мықты әрі сынақтарыңа дайын болып бару үшін өзіммен қалай күресіп жүргенімді білсең ғой…🍂


менің бүгінгі инсайттарым:

• біздің әрқайсымыздың ойымызда құрып алған түрме бар

• өзінің С - нүктесін тапқан адам артқа жолы жоқ, тек алға қарайтын тұлға

қатал болып үйрену керек еді🫠

• жаңа әрекеттер жаңа мақсаттар тудырады

• жалғыз құпия - күнделікті дұрыс қадамды үзбей жасау

өсу - іштегі қалауларыңды орындауда. өзіңді ашуға мүмкіндік беретін жерде бол🫠💛


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
“бұл - біздің өміріміз”


маған ұнаған бөлігі ғана🫠🫰🏻


жақсы істеріңмен бұл дүниеде емес, ақыретте мақтанатындардың қатарынан бол!


Салтыков Шедрин | Премудрый пискарь🫠🫰🏻


“қозғалып жүргеніңді әрекетпен шатастырып алма”


кек сақтамау ол да бақыт. үлкен бақыт.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

177

obunachilar
Kanal statistikasi