Jas Alaş Qozgalysy


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Тарих тек естелік емес, ол — болашаққа апарар бағыт. Бізбен бірге ұлы өркениеттер мен ұмытылмас оқиғаларды қайта ашыңыз.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Қай балаға болмасын бізде екі сезім болуы керек: бала болғаны үшін - сүйіспеншілік және оның еліміздің келешегі болғаны үшін - құрмет








Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/ dan repost
Айналайындарым!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ұлт-азаттығы жолында шейіт кеткен қазақтың хандары мен сұлтандарының, билері мен батырларының һәм Алаш қайраткерлерінің, сондай-ақ ашаршылықта, соғыста, Желтоқсан мен Жаңаөзен, Қаңтарда құрбан болған барша ерлердің рухына әл-Фатиха! Рухтары шат болсын!

Елдігіміз бекем, еркіндігіміз мәңгілік болсын!

Мен Қазақ мемлекетінің азаттығына қызмет қыламын!

Жасасын, Алаш, жасасын!




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Бостандык, теңдік, бауырластық ұғымдары, яғни демокра- тия кұндылықтары, бір жағынан, романтикалық құбылыс болып көрінсе, екінші жағынан, бұл ұғымдардын халык арасында кең таралуы демократияның жаңа кезеңге аяқ басуына әсерін тигізді. Бұл ұрандар адамның тегіне, нәсіліне, табына қарамас- тан барлығы демократиялық қоғамда тең екенін дәріптейді. Адам баласына берілген еркіндік, бостандық кана демократиялык және дамыған қоғам құруға мүмкіндік беретінін кейінгі кезендегі демократия тарихы көрсетіп берді. Адам баласының бір-біріне жақындығы, туысқандығы тек қана қан жақындығы тұрғысынан емес, идеяластығы тұрғысынан да мүмкін екенін көрсетті.


Өз бостандығынан бас тарту- өзіндік адами қадір-қасиеттен, адам табиғаты құқықтарынан, тіпті оның міндеттерінен безу деген сөз. Бәрінен бас тартып адам табиғатымен үйлеспейді; адамды ерік бостандығынан айыру оны кандай да бол- масын адамгершілік жағынан айыру деген сөз», дейді Жан- Жак Руссо. Жан-Жак Руссо жалпы бостандықтың қадірін білуді моральдық тұрғыдан сөз етсе, алаш зиялылары бостандыкты дұрыс пайдалануды кең өлшемде айтқан!


Бернард Шоу: «Бостандық дегеніміз - жауапкершілік» дейді. Ал Міржақып Дулатұлы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Біздін істер» мақаласында бостандық пен теңдік сол халыққа берілген жауапкершілік жүгі екендігін айтып, сөз қозғайды:
"Зор езгеріс болды, ескі үкім жоғалды. Теңдік заманы туды әр жұрттың өз тізгіні өзіне берілді. Бұл сөздер неше айдан бер халықтың құлағына сіңулі. Бірақ шын тізгіннің қолға алынуы земство ашуымыз.
Іс басынан түзелмесе болмайды, бұл табиғат законы. Әліппе оқымай әбтиекке түсуге, әбтиек оқымай құранға түсуге болмайды. Бастауыш мектепте оқымай дарылфун, университетке тусуге болмайды. Біздің қазақтың өз арасындағы ісі ілгері баспаса, өз шаруасын өзі басқара алмаса, өнер-білімге өзі ұмтылмаса, тендікке жетуге өзі талпынбаса, Николайдын айтылғанынан, министрлердің абақтыда жатқанынан, бостандық болды деп жұрттын шулап жүргенінен түк пайда жоқ. Бостандық жемісінен жұрт қатарлы пайдалану үшін көзіміз ашық, көңіліміз жетік болу керек. Не нәрсені түсініп, пайда-зиянын айырып, іске кірісуіміз керек Көңілінде саңылау, сана-сезімі жоқ құлды азат қылғанымен, ол барып екінші біреуге жалданады"


Бостандық ұғыну үшін көптеген сана болмысындағы қажеттіліктер бар. Әлихан Бөкейханның ең алдымен бостандық, теңдік, туысқандықты ұғынып білуге кедергі ретінде надандықты айтуы жайдан жай емес. Осы тұста Джордж Вашингтон Карвердің «білім - бостандықтың алтын есігін ашатын кілт» деген пайымы ойға оралады. Ағартушылық дәуір кезеңінен бастап демократиялық ойлардың дамуына, халықтың бостандық пен теңдік, туысқандықты күн тәртібіндегі басты мәселеге айналдыруының көптеген себептері бар. Солардың ішіндегі негізгі- сі - сауаттылықтың артуы. Яғни, адамдардың әріп таныған соң баспасөз бен кітаптарды жаппай оқуынан өз бостандығы мен жалпы халықтың бостандығын талап етуі басталды.


Жан-Жак Руссо: » Құлдық және құқық сөздері бір-біріне қарама-қарсы; олар бірін-бірі жоққа шығарады»- дейді.
Бұл жерде «құқық» сөзін этикалық мағынада, яғни бостындық, теңдік мағынасында алып отыр. Құлдық бар жерде теңдік, бостандық жоқ, ал құқық нормасы бар жерде теңдік, бостандықтың барын білдіріп тұр.

«Алаштың талапты азаматтарына» мақаласының жалғасында бостындық, теңдік, бауырластық құңдылықтарының қазақ қоғамына қажеттілігі турасында сөз қозғайды:
Алаштың талапты азаматтарына: біздің адасқан надан жұртқа мұрындық болып, көз болып, бостандық,теңдік, туысқандық жолын ұғындыру зор борыш.
Ал, қазақтың бастары, талапкер азаматтары, мына есепке кірісіп, қазақ жерін аралап, жұртқа үгіт айтыңдар.Орыстың саяси партияларының ақшасы бар, жұртқа қызмет қылатын кісісі бар, мұжыққа үгіт айтуға арнап әдейі кісі шығарып жатыр.
Бізде ақша жоқ, бізде кісі аз.
Есепті жамылып жүріп, жұрт ісін істеп қалған оң. Юньде майданға барған жігіттер қайтып болады.
Бұратана бөлімінде жігіттерге қызмет қылып жүрген жастар босайды. Бұлар тағы қызметін жұрт үшін сарп етер. Бұларға енді елдегі учительдер, мұғалімдер, өзге жастар қосылады деген үміт көп.
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады.
Бақыт, Махаббаттан тысқары болады.
Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?


Сол заманда өмір сүрген ақын Сәбит Дөнентаевтың «Азаттық күні» өлеңінде бостандық, теңдік, бауырластық туралы ойлар айтылады:
Алланың «азат құлы» екеніне
Әркімнін көзі жетіп сенген күні.
Теңдестік, адамшылдық, құрдастықтың
Алдына мойынсұнып келген күні.


Бостандық өмір сүріп, өлсін құлдық
Деп жұрттың мойын созып, төнген күні.
А құдай, ұзағынан жаза көр деп
Іркіліп көзге жастын келген күні.

Сабит Дәнентаевтың өлең жолдарында «құлдықтың өліп», оның орнына «азаттық, бостандықтың» орнағаны турасында айтылып тұр.


Енді мұндағы туысқандық немесе ағайындық деген ұғымдарға тоқталсақ. Мұндағы туысқандық, ағайындық дегендер қазақтың туыстық немесе ет жақын ағайындығына қатысты айтылып тұрған жоқ, ол- мемлекетте өмір сүретін адамдардық ағайындығы турасындағы түсінік. Сол елдің азаматтары болғаны үшін олар біріне бірі туысқан, ағайын. Азаматтық өлшемдегі ағайындықтың мәні- адамдарыдың нәсіліне, тіліне, дініне, ұлтына қарамастан, азаматтық теңдігі, азаматтық бостандығы, азаматтық туысқандығы болуында.


Бостандық, теңдік, бауырластық идеялары демократия құндылықтарында негізгі өлшемдер ретінде қарастырылады. ХХ ғасыр басындағы Алаш арыстарының демократиялық идеяларында аталған іш ұғымға барынша терең мән берілгенін олардың еңбектерінен біле аламыз.
Әлихан Бөкейхан «Алаштың талапты азаматтарына» атты мақаласында: «Сабасына қарай піспегі болмады.
Жұртқа бостандық, теңдік, туысқандық болған соң, жұрт бостандықты бұлданып , өз тізгінін өзі алып , қағушы , соғушы, күзетуші өлді деп күшеюі керек еді; жұрт теңдікті бұлданып , ер-әйел, бай -кедей, мырза- бұқара, төре- қара, ақсақал- жас деп бөлмей бәрін тең ұстау керек еді; жұрт туысқандықты бұлданып, бірі туған ағайын, құда- тамыр, қарындас, көрші демей , барша адам баласымен ағайындық, туысқандық жолына тарту керек еді.
Бостандық, теңдік, туысқандық 18-інші ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси ерлері осы үш түрдің бәрі біздің шариғаттан, інжілден, будда оқуынан, Лев Николаевич Толстой философиясынан таба алады, көзі ашық талапты ер іздесе.
Бұл үш ұраннан бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ, Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады.
Бірін бірі жеген, бірін бірі аңдыған, бірін бірі алдаған, бірінен бірі кек алған хайуандық жолда адасқан адам баласына ғана керек.»


Демократия негіздемесі бостандық құндылығынан бастау алады. Бостандық ұғымы уақыт өткен сайын түрленіп, дами түсті.Алаш арыстарының еңбектерінде бостандық ұғымына көбірек мән беріледі. Қоғымда демократия орнауы үшін және одан әрі өркендеуі үшін оның басты темірқазығы - Бостандық болуға тиіс. Қандай да бір қоғамда демократия орнауында бостандық басты рөл атқарады. Бостандықтың қадір-қасиетін дәріптеу ең алдынмен жеке тұлғаның бостандығын бағалау мен өзгенің бостандығына сый құрметпен қараудан басталады.


Осы тақырыпқа оралсақ...




Жұмбақ: Қазақ халқының қалыптасуына әсер еткер аңыз тұлға?
So‘rovnoma
  •   Алпамыс батыр
  •   Алаша хан
  •   Ұмай ана
  •   Ертөстік батыр
23 ta ovoz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Баршаңызға қайырлы күн! Бүгінгі күніңіз жақсы өтуіне тілектеспіз!
Біздің халықтың тарихындағы ең алғашқы қазақи аудио жайлы видео

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.