aqshamnews.kz


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan



Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Биыл Түркістан облысының бас газеті «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына 100 жыл толып отыр.
Бүгін облыс орталығында қарашаңырақ басылымның ғасырлық тойы аталып өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын газет басшысы Абай Балажанға табыстады. Сонымен қатар бірқатар журналистер Президенттің алғыс хатымен марапатталды.

Ауқымды шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Парламентінің Сенат депутаты Алишер Сатыбалдиев және ҚР Парламентінің Мәжіліс депуттаты Ұласбек Сәдібеков, басылымның тарихында қолтаңбасы қалған ардагер қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен қаламы қарымды журналистер қатысты.

– Сіздерді бүгінгі мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! «Оңтүстік Қазақстан» газеті – өзіндік тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі. Қазақ журналистикасындағы жүйріктер мен ақиық ақындар, көрнекті жазушылар, қоғам қайраткерлері осында қызмет етіп, түлеп ұшты.

«Газет– халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, облыс айнасына айналған газетіміз қоғамға қызмет ету міндетін абыроймен орындап келеді. Жаңа дәуірі басталған, Жаңарған Түркістанның жаңашыл бағытын жұртшылыққа жеткізіп жүрген қарашаңырақ басылымға деген құрметіміз жоғары. Оқырмандарыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, әр күндеріңіз шуақты болсын! – деген облыс әкімі шығармашылық ұжымның бірнеше өкілін марапаттады.

Сондай-ақ газет ұжымына жеңіл автокөлік табыстады.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев басылымның журналистерін ҚР«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет граматосымен және алғыс хатымен марапаттады. Арнайы қатысқан құрметті қонақтар ізгі лебізін білдірді.
Мерейлі күнге орай бірнеше іс-шара жоспарланған. Күні кеше облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен газет редакциясының ұжымы қатысып, 100 жылдық мерейтойға орай 100 түп көшет отырғызды. Ал бүгін «Оңтүстік Қазақстан» – тарих толқынында» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда журналистиканы дамыту жолдары, тың идеялар айтылды. Сонымен қатар газеттің тарихынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды. Әрі қарай салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Онда облыстың өнерпаздары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Басылым жолы Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлер негізін қалаған «Ақжол» газетінен бастау алады. Бұл газетте қазақ руханияты мен журналистикасына еңбек сіңірген қаламгерлер мен журналистердің, ел жанашырларының қаламының ізі қалған. Оңтүстік журналистерінің қасиетті қарашаңырағы қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сара саясатын елге кеңінен түсіндіріп, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосуда. Газет ұжымы тек журналистикамен шектелмей, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бастамашы болып жүр. Оған дәлел ретінде қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің дәстүрлі турнирін, жас жыршылар байқауын айтуға болады.
Айта кетейік, бір ғасырда «Оңтүстік Қазақстан» газетіне 30-дан астам білікті журналистер редакторлық етті. Солардың арасында редактор Әсет Тілеукеев, Әмірсейіт Әлиев, Кәрім Үкібаев, Анар Бәкірова сынды қайраткер тұлғалар газет тарихында қалды.
Бүгінде 21 мың 650-ші саны жарық көріп отырған басылым Оңтүстік аймақ қана емес, еліміздегі тарихи газеттердің бірі болып саналады.


ТМД елдері арасында алғаш болып қазақ қызы Антарктиданың мұздай суы арқылы жүзіп өтті

Ол 750 метр қашықтықты 18.58.95 минутта бағындырған.
«Антарктиданың суларын жүзіп өттік. Мен үшін бұл өте қиын болды. Судың салқындығы – 1,4 градус болса, желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырым еді. Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүзудің әсері бөлек. Антарктиданың мұздай құшағына сүңгіген аз ғана адамның қатарында болу мен үшін үлкен мәртебе», дейді Әнел Сытдықова.


Almaty_akimdigi dan repost
Алматыда 12 тегін мұз айдыны ашылады

1 желтоқсаннан бастап Алматыда 12 ашық мұз айдыны ашылады. Барлық ниет білдірушілер қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан алаңдарда мұзда сырғанай алады.

📍Мұз айдындарының мекен-жайлары:

Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы
Halyk Arena
28 панфиловшылар саябақ
Тұңғыш Президент саябағы
Наурызбай әкімдігінің алдындағы алаң
ҚБТУ тұрағы
«Авиатор» Стадионы
Көкжиек ықшам ауданы
«Гүлдер» саябағы
Алматы Арена
№6 оқушылар үйі
Ғ. Мүсірепов атындағы БЖТ алдында


Жоба бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру шеңберінде іске асырылуда. Мұз айдындарының ауданы 500 — ден 1900 м2-ге дейін, бір маусымда 300 мыңнан астам адамды қабылдай алады деп күтілуде.

Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейтін болады. Жалға алу құны-сеанс үшін 1,5 мың теңге (2 сағат), жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 23:00-ге дейін. Өз конькиімен келгендео үшін сырғанау тегін.

Ашық мұз айдындары бойынша жоба 2017 жылдан бастап іске асырылуда және осы уақыт ішінде оларға 2 миллионнан астам адам келген.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


ТРК Президента dan repost
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды

Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартылады.

@ptrkkz


Almaty_akimdigi dan repost
Сайран жағалауы тартымды орынға айналады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Сайран су қоймасының жағалауын көріктендіру жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда ондаған жыл бойы абаттандыру жүргізілмеген.

Қазір бұл жерде жағажай аймақтары мен серуендеу маршруттары бар заманауи қоғамдық кеңістік құрылуда. Жұмыс 70% аяқталды, жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алайда 200 ірі жөке ағашын отырғызу көктемге қалдырылды, бұл олардың жақсы бейімделуіне мүмкіндік береді.

Жоба 2,5 км жағалау, скейтпарк, жаттығу құрылғылары, балалар қалашығы және белсенді демалыс аймақтарын қамтиды. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары мен полиция бекеттері де орнатылады.

Қала басшысының айтуынша, Сайран тұрғындар мен туристер үшін тартымды орынға айналуы керек, ал экожүйені қалпына келтіру – басты басымдықтың бірі.

Facebook
| Instagram | Telegram | TikTok


қандай болғанын ұғыну қиын.
Жеңілт
ектік демекші, жалпы, мұнда композитордың қонақ қызды көрген бойда тіпті тілдеспей жатып-ақ бірден аңсары ауа қалатыны, қыздың да онымен оңашаланып барып суретке түсіп, одан кейін дастархан басында көзін сүзіп, әлсін-әлсін қылымси қарап қоятыны бар. Ойдан шығарылған кейіпкерлер болса бір сәрі, ал өмірде болған, нақты адамдарды бұлай кейіптеу олар туралы оғаш ой туғызып, атына, затына көлеңке түсірмесе, абырой әпермесі аян.
Бір жағынан, «махаббат» дейтіндей, мұнда композитор мен Нурикамалдың арасында тұтанған отқа, сүйіспеншілікке негіз боларлықтай ештеңе жоқ. Болған күнде де фильм желісінен ол көрініс таппаған. Көргеніміз – сұлулыққа сұқтану ғана. Сосын, әрине, «тас жүректен махаббат күттім, тас мейірден шапағат күттім» деп өзі жырлағандай, отбасын қалайда сақтау үшін түрлі тәуекелге барған әйел затының ақыл-парасаты, мықтылығы. Бәлкім, шығармашылық топтың көрсеткісі келгені де осы шығар.


🎥🎞Танымал әннің тарихы таспаланды
АвторРоза РАҚЫМҚЫЗЫ

Алматы кинотеатрларында Ернат Байұзақтың «Нурикамал» фильмі жүріп жатыр. Атынан көрініп тұрғандай, фильм танымал әннің тарихы төңірегіндегі оқиғаға негізделген.
Бұл көпшілікке бұрыннан мәлім жайт десек те, аталған картина шығармашылық адамдарының жандүниесіндегі түрлі тебіреністерді өзінше топшылауға талпынғанымен тартымды.

Фильм отбасының әдеттегі тыныс-тіршілігін көрсетумен басталады. Тұрдықылыш – композитор ғана емес, облыстық филармонияда өнеріне бақталастары қызыға да, қызғана да қарайтын дарынды дирижер, Ханбибі – ақындығымен қатар, сүттей ұйыған отбасында үлпілдетіп үш қыз өсіріп отырған ана. Күнде жұмыстан келе сала пианиноға отырғанымен, қиялындағы әлдебір әуеннің күйін келтіре алмай, күйзелісті жағдайда жүрген күйеуінің жағдайы ақынға жақсы таныс. Ал іші тар құрдасының бірі көңіл күйін аулаған болып масайтып, оны керісінше, одан әрі құрдымға итере түседі.

Композитор Ақан серінің «Балқадишасындай», Естайдың «Қорланындай» бір ән тудыра алмағанына қапалы және оған құдды біреу кінәлідей ашу-ызасын жұбайына төгеді. Ал ол – ақын. Оған қоса, өзі айтпақшы, отбасының ауыртпалығын бір кісідей көтеріп, үйге де, түзге де бірдей жүгіріп жүрген жан. Бірақ орынсыз туындаған кикілжіңге кінәлі болмаса да бәріне кешіріммен қарап, сабырмен басу айтады, өзін шектен тыс көнбістігі, төзімділігі үшін сөгетін көрші келіншектің алдында күйеуін ақтап, жақтап, шаң жуытпауға тырысады.

Осы екі арада бұларға облыс басшылығы тарапынан жоғарыдан келетін қонақтармен бірге бау бөктеріндегі демалысқа шақырту түседі. Демалыс үстінде Арқадан келген көрікті ару – Нурикамал әсершіл, сезімтал композитордың көзіне оттай басылады. Күйеуінен ғана емес, қонақ қыздан да әлдебір елігу, қызығу ұшқынын аңғарған ақын келіншек одан: «Сізді бұл арада ерекше таңқалдырған табиғат па әлде Тұрдықылыш па?» деп тайсалмай сұрайды және «ол романтиканың отбасы бар екенін ұмытпауды да» ескертіп үлгереді. Оқиғаның әрі қарайғы даму барысы композитордың кенеттен жолыққан музасына деген сүйіспеншілік сезімін сазбен өрнектеуіне, ал оған бей-жай қарай алмаған ақынның қызғаныш оты ішін қанша өртесе де, бәрін ақылға жеңдіріп, ынтызар жүректің айтқысы келгенін мөп-мөлдір өлең ғып өріп беруіне ұласады. Ақын тіпті күйеуінің музасымен арнайы кездесіп: «Қаласаңдар бірге тұра беріңдер, сен оған ұл туып бер, қыздарымның соңынан қарауыл болсын» деген тосын ұсыныс та жасайды. Бірақ қалай болғанда да, ешкім әдептен, адамгершіліктен асып кетпейді. Отбасы сақталады. Сыйластық жалғасады.

Аталған әннің шығу тарихына қатысты біздің бұған дейін естіген, білген әңгімеміз де осы сыңайлас болғанымен, соншалықты мән берілетіндей, салмағы бар оқиға ретінде қабылданбағаны анық. Ал фильмде бұл – кәдімгідей драмалық жағдай: махаббат үштігі, сырт көз, қаңқу сөз, ішкі, сыртқы тартыс, қақтығыс. Сюжетке қосылған жанама жайттар, көркемдік элементтер туралы айтар болсақ, мұнда Нурикамалға бұрыннан ғашық жігіт бар. Ол және жай адам емес, облыстағы басты мекемелердің бірінің басшысы санатындағы азамат. Персонаж ретінде кейіптелген сипатына келсек, даңғойлау, менмен, ішімдікке құмар. Қыздың композитормен жарасып қалған сыңайын байқап қызғаныш білдіреді, ақырында тойдың топалаңын шығаратын ауылдың бұзақыларынан бетер қылық көрсетіп, бақталасын жақтаған адаммен төбелесіп тынады. Одан әрі машинаның ішінде, қонақүйде ұрыс шығарып, Нурикамал үшін бәріне барғанын, бәрін істегенін, «айлығын да бергенін» айтып қалады. Осы тұсы артықтау. Өйткені бірден: «әнге айналған ару сонда кім болғаны?» деген ой келеді. Басты кейіпкердің жігітті бөлмесінен итергендей ғып шығарып жіберіп: «Сендерге Нурикамалдың өзі емес, сұлулығы керек» деп, солқылдап ұзақ жылайтыны да екіұшты ойға қалдырады. Былай қарағанда, қызық қуып жүрген жеңілтек қыз емес, ол да – білдей бір қызметкер. Негізі, бастапқыда өзін өзі ұстауына, сөз саптауына қарағанда айтарлықтай салмақты болып көрінбейтін қонақ қыздың іс-әрекеті, мінезі Ханбибімен алғашқы тілдесуден кейін ғана ұстамды, орнықты қалыпқа ойысқандай болады. Бұл ретте, шығармашылық топтың Нурикамал образына қатысты ұстанымы


🍇🍇Шайн мускаттан ши шықпады

«Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылған жоқ.
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.
Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.
Ал сіздер «шайн мускат» жүзімінің дәмін татып көрдіңіздер ме?


🕰⏳Уақыт белдеуімен алысқан Үкімет енді оның әсерін зерттеу үшін тағы ақша бөлмек💵😮‍💨🤦‍♀️🤦‍♂️


Үкімет уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттеу үшін 100 миллионнан астам қаржы жұмсамақшы. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Министрдің сөзінше, бүгінде 160 млн теңгеге өтінім түскен. Бірақ қаражат 100 млн теңгеге қысқаруы мүмкін.

«Жуырда жоғары ғылыми- техникалық комиссияның отырысы өтті. Енді жақында конкурс жарияланады. Содан кейін Ұлттық жоғарғы кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайды», - деді ол.


Саясат Нұрбектің сөзінше, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін сақтап қалу туралы шешім қабылданғанынан қарамастан, зерттеуге жұмсалатын қаражат “ауаға” кетпейді.

«Қоғамдық сұраныс болды, сондықтан жауап беруге мәжбүрміз. Денсаулық сақтау министрлігі толық қолдау білдірді. Ал біз грант бөлетін ұйым ретінде бұл жобаны қолдадық», - дейді министр.




🚸👦🤱👨‍👩‍👦20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні

Биыл Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялаудың 30 жылдығын атап өтуде. 30 жыл ішінде еліміз балаларды қорғау мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде үлкен жолдан өтті.

2006 жылы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 2016 жылы Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты енгізілді. Әр аймақта бала өкілдіктері институты құрылды, олардың құрамы жыл сайын мектеп белсенділерінен жасақталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық мониторинг - балалардың әл-ауқатының индексі енгізілді.
2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Биылғы жылы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл мәртебесі заң жүзінде бекітілді.


Almaty_akimdigi dan repost
Алматыда 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматыда осы жылдың 9 айында 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 77,9%-ы тұрақты. Бұл туралы қаланың экономика басқармасы хабарлады. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйекте 8,3%-ға дейін баяулады.

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматылықтардың атаулы ақшалай табысы 22%-ға өсіп, 292 мың теңге болды. Нақты көрсеткіште өсім 11,6%. Орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетіп, 15,5%-ға артты.

Инвестициялық белсенділік те жоғары деңгейде: 9 айдың ішінде 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға көп. 2025 жылы инвестиция көлемі 2,35 трлн теңгеге дейін өседі деп күтілуде.

Бұл жетістіктер Алматы экономикасын дамытуға және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралардың тиімділігін көрсетеді

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


🛣🚘🚙🛻Еліміздің трассаларында жылдамдық асырғандар бұдан былай айыппұл арқалайды

Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады.
Қазіргі уақытта камералар республикалық трассалардың 13 ақылы учаскесіндегі 62 бекіту пункті жұмыс істейді:
- Астана — Щучинск;
- Жібек Жолы — Теміртау;
- Астана — Павлодар;
- Шымкент — Қызылорда;
- Шымкент — Өзбекстан шекарасы;
- Шымкент — Тараз;
- Тараз — Қайнар;
- Қонаев — Талдықорған;
- Павлодар — Семей — Қалбатау;
- Орал — Ресей шекарасы (Саратов бағыты);
- Павлодар — Ресей шекарасы (Омбы бағыты);
- Бейнеу — Ақжігіт;
- Орал — Ресей шекарасы (Самара бағыты).

Айыппұлдар көлемі мынадай болады:
Орташа жылдамдықты 10-20 шақырым/сағатқа асырғаны үшін – 5 АЕК (18 460 теңге);
20-40 шақырым/сағатқа асырғаны үшін – 10 АЕК (36 920 теңге);
40 шақырым/сағаттан жоғары асырғаны үшін – 20 АЕК (73 840 теңге);
Жыл ішінде қайтадан жылдамдықты асырғаны үшін – 30 АЕК (110 760 теңге);
60 шақырым/сағаттан жоғары асырғаны үшін – 40 АЕК (147 680 теңге).


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
📰🗞️🛜🧑‍💻👩‍💻Алматы Қоғамдық кеңесі “ALATAU AQPARAT” ұжымының жұмыс барысымен танысты👍


💉Вакцинация тұмаудан қорғай ма?


🕌Қалыңмалды бұдан былай мәһр есебіне жатқызуға болады💍

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қалың мал мен мәһрге қатысты мәлімдеме жасады.
Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы "әке еңбегі", "ана сүті" сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайтынын айтты.
Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті "дустиман" деп атайды, - деді ол.
Ағабек Қонарбайұлы осы мәселеге қатысты мүфтияттың шешімін жария етті.
Шешім: Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. "Әке еңбегі", "ана сүті" секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды, - деп жазды ол.
Қалыңмал берілмейтін өлкелерде неке қию барысында мәһірді белгілеуі тиіс. Мәһір белгіленбеген жағдайда некесі дұрыс болады. Бірақ күйеуі мәһір-мисл береді.


🐴🐎Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды

Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды.

Айта кететіні, мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында.

Жаңа құрылған институттың жұмысы – асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көделіп отыр.

Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек. Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ.


Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылы ветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады - дейді мамандар.


Dauletten dan repost
👏Қазақстандықтар келер жылы декларация тапсырмайды

Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады.

Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мына тұлғалар үшін декларацияны қалдыруды ұсынды:

➡️мемлекеттік қызметшілер;

➡️коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;

➡️Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері барларға және 1 жыл ішінде сатып алғандарға;

➡️бір жыл ішінде құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (74 млн. теңге) астам сатып алулар жасағандарға;

➡️өз бетінше салық салынатын табыс тапқандарға.

📌Айта кетсек, жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінде, яғни 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 миллион қазақстандық (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) табысы туралы есеп беруі тиіс еді.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


6 жасар Хадия Қонаева - әлем чемпионы 2024 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен джиу-джитсу Әлем чемпионатында Қазақстанның жас спортшысы Хадия Қонаева тарихи жеңісіне қол жеткізді. Бар болғаны 6 жастағы Хадия Қонаева турнирдің ең жас қатысушысы болып, Әлем чемпионы атанды. Бұл жеңіс оның үлкен спорттық мансабының бастамасы ғана емес, Қазақстанның джиу-джитсу спортының болашағына да үлкен сенім ұялатады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Турнирде Хадия Қонаева өзінің тамаша дайындығы мен техникасын көрсетіп, финалдық кезеңге дейін еш қиындықсыз жетті. Ақырында, финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысымен кездесіп, оны 11:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл жеңіс Хадияның тек спорттық шеберлігін ғана емес, оның психологиялық тұрақтылығы мен табандылығын да айқындап отыр.


Almaty_akimdigi dan repost
❄️ «Таза Қазақстан»: Алматы қысқа жаңа арнайы техникалармен дайындалып жатыр

🚛 Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында коммуналдық техника паркі жаңартылды. Биыл қалаға 32 заманауи көлік сатып алынды, олар қыста көшелерді тиімді әрі сапалы тазалайды.

🧹 Жаңа техникалар арасында:

🔹6 көше жуу және қоқыс жинаушы көлік, қоқысты тиеу үшін конвейермен жабдықталған.
🔹 5 электрлі көлік, түнде дыбыссыз тазалау үшін.
🔹 3 сұйық реагент тарату машинасы, мұз бен көктайғаққа қарсы күресуге арналған.
🔹 2 еріген суды сорып шығаратын машина.

Тротуар тазалау үшін 10 аралас жол көлігі мен 6 трактор сатып алынған. Қыста қалада барлығы 841 бірлік техника және 1 400-ден астам жұмысшы қызмет етеді.

💡 2025 жылы Алматы тағы да 123 арнайы техниканы сатып алу жоспарлап отыр, бұл тазалық жұмыстарын одан әрі тиімдірек етуге мүмкіндік береді.

#ТазаҚазақстан
#Алматыбіздіңортақүйіміз
#TazaKazakhstan
#AlmatyNashDom

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

178

obunachilar
Kanal statistikasi