Сіз кімді үлгі етіп жүрсіз?
«Ең қайырлы әйел-өзге еркектердің қиялында кезбегені» деген Фатима(радиалаһу анһа) анамызды емес, «қалай танымал боламын, қалай көп подписчик жинап,трендке шығамын, тик-токта биім қанша қаралым жинар екен»,-деп, өзге еркектердің нәпсісін қоздырып, көз зинасына себепкер болып жүрген мұсылман қыздарымыз көбейді.
«Егер менің білгендерімді білгендеріңде, аз күліп көп жылайтын едіңдер», -деген Пайғамбарымызды (ﷺ) емес, бүкіл өмірі арзан әрі бос күлкіге толы вайнерлерді көріп, солардың мағынасыз, тәрбиелік мәні де жоқ, ақыретіне де пайда бермейтін түкке тұрғысыз әзіліне сағаттарын арнайтын,өмірі бос күлкіге толған мұсылмандар көбейді.
Пайғамбарымыз (ﷺ)
«ең бірінші Жәннатқа кіреді» деп сипаттаған әйелді емес(балиғатқа толмаған Хасан мен Хусейнді кіргізбей, еркектердің назарын аудартпау үшін дауысын кәрі әйелдің дауысына ұқсатқан әйел),
«Тым наздана сөйлемеңдер. Жүрегінде дерті бар әлдебір еркек дәмеленіп қалмасын» деген аятқа мән бермей, әр еркекке сызылып сөйлеп, әр еркектің назарын аударту үшін әлеуметтік желіге ән айтқан видеоларын жүктейтін мұсылман қыздар көбейді.
Әйелдерін тіпті соқыр сахабадан қызғанған Пайғамбарымызды (ﷺ) емес, әйелінің суретінен инстаграмда тегін фотокөрме жасайтын дәюс мұсылмандар көбейді.
«Сіздердің біреулеріңіз бөгде,өзіне халал болмаған әйелдің қолын ұстағаннан, басына темір инені қадағаны жақсырақ»,- деген Пайғамбарды (ﷺ) емес, «досым,сыныптасым, группаласым, қызым»,- деген түрлі қисынсыз желеумен бөтен,өзіне махрам болмаған әйелді құшақтап, бетінен сүйіп жүретін мұсылмандар көбейді.
Алла тарапынан бір аят түссе,
«естідік те, бой ұсындық»,-дейтін сахабаларды емес, насихат айтсаң «өзіңе қарап ал, не істейтінімді өзім білемін немесе маған айтқанша ашық-шашық жүргендерге не намаз оқымайтындарға айт»дейтін мұсылмандар көбейді.
«Менен бір аят болса да жеткізіңдер» деген Пайғамбарымызды (ﷺ) емес, «ақыретті ұмыттырып, нәпсіні қоздыратын әндер шырқайтын» әншілерді тыңдап, солардың әндерінің танымал болуына жәрдемдесіп жүретін мұсылмандар көбейді.
«Киімі бар,бірақ сонда да жалаңаш, шайқалған жүрістерімен еркектерді еліктіретін әйелдер Жәннатқа кірмейді»,-деген хадисті (Әбу Һурайрадан жеткен хадис) басшылыққа алатын емес, хиджабты еркектің назарын аударуы үшін киіп, яғни бүкіл фигурасын көрсетіп, киімін үстіне жабыстырып, орамалын мойыннан орап, омырауының көлемін көрсетіп жүретін, білегі мен тобығын ашық қалдыратын, ер адамдарға ұқсап шалбар киетін, киген хиджабы тағы бір хиджабқа мұқтаж болып жүрген мұсылман қыздар көбейді.
Адамзаттың ардақтысы, Жаратушының сүікті елшісі, ең соңғы Пайғамбар әз Мұхаммедтің (ﷺ) өмірбаянын емес, атақты әнші-актерлардың,вайнер,блогерлердің отбасы мүшелерінен бастап,не ішіп, не киетініне дейін жатқа білетін мұсылмандар көбейді.
Шын мәнісінде біз кімді үлгі етуіміз керек? Дәл қазір кімді үлгі етіп жүрміз? Бір сәт ойланайықшы...@asyl_nasikhatinstagram.com/asyl__nasikhat