Меморандум спутниктік байланыс пен телехабар тарату салаларында ғарыштық жүйелерді құруға, жерді қашықтықтан зондтау, технологиялық және ғылыми мақсаттарда ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Жалпы, Түркиялық әріптесімді ғарыш саласы бойынша атқарылып жатқан жобалармен таныстырып, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтықтан зондтау бағытындағы жұмыстармен таныстырдым. Сондай-ақ, арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндірістік алаңдарын және «Ғалам» ЖШС-дегі шағын ғарыш аппараттарын сынау зертханасын араладық.
Сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, спутниктерді әзірлеу жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың кооперациясы, спутниктік жүйелерді құру сияқты бағыттардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар және жеке компаниялар деңгейінде бірлескен жұмысты дамытып, тығыз байланыс орнатуға уағдаластық.
ЖҚЗ жерсеріктерін бірлесіп пайдалану мәселесіне тоқталып өтсем. Біз бұл жүйеден бас тартпаймыз және ғарышта жерсеріктердің болуы мен санының артуын ары қарай қадағалайтын боламыз, себебі ол Қазақстан халқының әлеуметтік және экономикалық игілігін арттыру жолында өз ықпалын тигізбек. Бірақ қазіргі әлемде жерсеріктік аппараттарды жеке дара иеленуге байланысты шығындар, бірінші кезекте экономикалық тәуекелдерді тудырады.
Былайша айтқанда, қашықтықтан зондтау жерсерігі Қазақстанның қажеттіліктері үшін ұшырылатын болса, іс жүзінде біз оның 10 пайызын ғана пайдаланамыз. Оның мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін барлық елдер деңгейінде жаһандық сатылымдарды құра білу қажет. Қазіргі уақытта әлемнің sharing economy бағытына бет бұрып келе жатқаные ескере отырып, әріптесіміз екеуміз елдеріміздегі спутниктік жүйелер топтамасын бірлесіп құру және пайдалану мүмкіндігін қарастардық. Сондай-ақ түркі елдерінің жерсеріктер топтамасын құру мүмкіндігі талқыланды.
Демир мырзамен біз нақты техникалық және коммерциялық мәселелерді талқылау үшін тәжірибе алмасуды дамыту қорытындыға келдік. Екі ел арасында келісімдер жасалып, оны жүзеге асыру процесі басталса, басқа түркі елдері де жобаға қызығушылық танытатынына сенімдімін.