Сағат 3:04. "Абай жолын" оқып жатқан түнім. Кітап шабыт берді ме? Балалық ақындық қайта жанданғандай болды ма ? Білмеймін. Изһари топтағы бір әпкенің Құран Кәрім оқу сәтін еске алып, тіліме жыр шумақтар келіп жатыр.
"Әғүзү" "Бисмилләмен" Рахманның сөзін жеткізген,
Жүректерді дір еткізіп, бойдан тоқ та өткізген.
Тынысың да тарылып, бар күнәң ойдан өткенде…
Моншақ-моншақ жастарды көзден пар-пар еткізген.
Мақамы бөлек, ерекше, ұқсамаған ешкімге
Саффаттағы жүректердің жетпеген емес ешбірге
Жаңғырған дауыс, әдемі, Алланың үйін толқытып
Естімей, құлақ құрышын қандырмай кеспес ешкім де!
Егіліп жан дүнием, тәнім де балқып барады,
Хаққысымен келген әр әріп өн бойыма тарады,
Ұлының Ұлықтығына бас иіп, бірде көтеріп
Я, Ғаффар, мені кешір деп, аспанға тіке қарадым.
Алланың Ұлылығын сез, жаулайды бой тұлғаңды
Жүргенің бекерден емес,"Таңдады", ұғын бұл мәнді!
Құр қуыс болған кеуделер, толды Алла Нұрына
Шүкіршілік, әш-Шәкур, орнаттың керемет сәнді!