ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба»[2].
🔳 6. Бұл әлем туралы шындықты білу
«(Мұхаммед с.ғ.с.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: (Дүние тірлігі) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ, Алла, әр нәрседен үстем күш иесі»[3].
🔳 7. Кішіпейіл болу
(Мұса ғ.с.): «Алла қаласа, мені сабырлы табарсың. Сондай-ақ саған ешбір істе қарсы келмеймін», – деді[4].
🔳 8. Шынайы болу
«Шынында, мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ, кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында, Оған ешкімді ортақ етпесін», – де[5].
🔳 9. Аллаға ғана бет бұру
«Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың»[6].
🔳 10. Алдағы күнді еске алу, ақырғы күнге дайындық
«Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жерді жап-жазық көресің. Және де адам баласын олардан ешкімді тастамай жинаймыз. Олар, Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: «Бастапқыда жаратқанымыз тәрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзім белгілемедік деп, ойладыңдар» (делінеді). Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәкарлардың одан қорыққанын көресің. Олар: «Апырым-ай! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті»,- дейді. Сондай-ақ, олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды»[7].
📌 Ендеше, Алла Елшісі (с.ғ.с.) баяндаған «Кәһф» сүресінің біз білмейтін хикметтері тым тереңде жатыр екен. Сондықтан әрбір жұма күні бұл сүреге немқұрайлы қарамай, жүрегімізді ашып, аяттарды көңілімізге тоқып, Алланың разылығы үшін оқысақ, иманымыз кемелдене түсетіні ақиқат.