Bloqnotik


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


📝 Тәлімгердің түртіп алғандары.
✍️ Бірінші #өзіменасихат.
📚 Сосын басқаларға да пайдасы тиіп қалады-ау деген ниет.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri




Фатима бинт Сағд аль-Хайр🧡
#ғұламааналар
Фатиманың әкесі Сағд аль-Хайр ғалым кісі болған. Оның танымал шәкірттерінің бірі аль-Самғани оны мухаддис, фақих және шыншыл адам ретінде сипаттайды.Әкесі Бағдат, Исфахан, Хамадан және басқа да жерлерде көптеген ұстаздармен бірге оқыған. Оның бірнеше қыздары (кешірек ұлы ) болған және олардың хадис сабақтарына қатысуын, олармен бірге жиі және тұрақты түрде түрлі ұстаздарды зиярат етуге ерекше көңіл аударған. Сондай-ақ, өзі де қыздарына сабақ берген.Аль-Мунзири Сағд аль-Хайр қызының білімін бекіту үшін бір ұстазға бірнеше рет апарғандығын айтады🖌

Исфаханда ол өз заманындағы Имам Табаранидің жинағының негізгі баяндаушысы Фатима аль-Жузданиямен бірге оқыған.(ол ғұлама анамыз туралы стористе шығарған едім. 😊) Фатима Сағд аль-Хайр ол әйелден “аль-Муджам аль-Кабир” және “аль-Муджам ас-Сағир” атты еңбектерін тыңдаған.
Ол біршама уақыт тұрған Бағдадта оның негізгі ұстаздарының ішінде Ибн Ханбалдың хадистерінің негізгі баяндаушысы Абул Қасым Хибатуллах ибн Мұхаммед ибн Хусейн, Абул Қасым Захир ибн Таһир аш-Шаххами, Абу Ғалиб Ахмад ибн аль-Хасан ибн аль-Банна және басқалары болған. Тұрмыс құрғаннан кейін ол жұбайымен бірге Дамаск қаласына, одан кейін Каирге қоныс аударды. Оның ұстаздығының негізі сол екі қалада қаланды.

✍ Аз-Заһаби былай дейді: “Фатима көптеген құрмет пен байлықты көрді. Алайда әкесі де, күйеуі де, Фатима да байлықтың әсерінен болатын кез-келген тәртіпсіздікке немесе дәрменсіздікке шалынбады.Өмірінің соңына дейін Фатима білімінің үлкен бөлігін таратуда белсенділік танытты." Мұхаммед ибн Исмаил өзінің туған жеріне ғұлама анамыздың “Муснәд Аби Яғлә”, “Хадис аль-Хирақи”, “Зиядат Амали Имам Малик” және басқа да еңбектерін әкеледі. Исмаил ибн Ғаззун Фатима бинт Сағд анамызбен бірге ат-Табаранидің “Муджам аль-кабир” еңбегін оқиды. Абдуллах ибн аль-Уахид ибн Ғәллақ ғалым анамызбен бірге “Хадис аль-Қудури”, “Фауағид Абу Наср” және “Джух аль-Ғитрифи” еңбектерін үйренеді.
Анамыздың хадистен білімі Абул-Қасым ибн Хусейн арқылы Египеттегі Тиннис қаласына, заңгер Абу Мұхаммед Исхақ ибн Мұхаммед аль-Хамадани арқылы Хамаданға, Абул-Хасан ибн аль-Қасым аль-Джити арқылы Джит қаласына (Наблус маңында) дейін өткен.

Фатима әкесінің көңілінен шыққан шәкірттерінің бірі Зейн ад-Дин Абул-Хасан Ғали Ибраһим ибн Наджаға тұрмысқа шықты.508 жылы Дамаск қаласында дүниеге келген, діндар, ізгілікті, өте ақылды, мақтауға лайықты мінезімен және ерекше шешендігімен сипатталады. Ол уағызшы “аль-Уағиз” және Аюбдік сотымен қарым-қатынасы арқылы әлеуметтік жағдайының жоғары болғаны үшін “ар-Рағис” атанды және Нур ад-Дин үшін хатшы қызметін атқарды. Өзіне келіп жатқан үлкен байлыққа қарамастан ол өте кедей қалыпта о дүниеге аттанды, тіпі оның кебінінің ақшасын досы төлеген болатын.Байлығын таратуда өте жомарт адам болған деседі және бұл амалын сәтті жасырын ұстаған болуы керек. Ол 599 жылы Фатимадан бір жыл бұрын қайтыс болған.

Фатимадай ғұлама анамыздың барлық шәкірттерін және олардың қайдан келгенін, сондай-ақ қаншамасының алған ілімдерімен оралғандарын тізіп жазу мүмкін емес нәрсе.Ғұлама анамыз 600 жылы Каирде 78 жасына дүниеден өтті. Ол Муқаттам тауының етегінде жерленді.

Міне маған "көбірек жазыңызшы" дейтін қыздарыма нағыз үлгілі ғұмыр.😊 Алла ілімдеріңізді арттырып, амал етуді жазсын!




Мхм, тағы да нәзік жанды білім иелері жайлы муътойаатун;)

Халифалық заманда әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасылардан шыққан екі әйел ғалым және өзін толық ілімге берген мухаддиса болды. 😊 Өздеріңізге үлгі болсын деген ниетпен қысқаша өмірбаянымен бөлісіп қояйын.📚

✨ Абида аль-Маданияя – табиъиндерден болған және өмірін алғаш күң ретінде бастады.Яғни, Мұхаммед ибн Язидке тиесілі күң болатын. Бірақ Мұхаммед оған мейірімділік танытып, Мәдина ғалымдарының сабақтарына қатысуға мүмкіндік берді. Қажылық кезінде Мәдинаға Испанияның көрнекті хадис ғалымы Хабиб Даххун келген кезде, иесі оған Абиданы береді. Хабиб Даххун күңнің сондай білімділігіне қатты таңғалып, оны босатты және оған үйленіп Андалусияға алып кетеді. 🌝 Әйел өзінің Мәдиналық ұстаздарынан он мыңнан астам хадис жеткізген.

Зейнаб бинт Сүлейман– керісінше, ханшайым болатын. Оның әкесі Ас-Саффаханың немере ағасы, Аббасидтер әулетінің негізін қалаушы және халиф Мансурдың басқаруындағы Басра, Оман және Бахрейн губернаторы болған. Бірақ бойжеткен алаңсыз, кереметтей өмір сүрудің орнына өзін білім іздеуге арнады. 🧡 Ізгі ниетімен білім алып, өз заманының ең жақсы хадис ғалымдарының бірі болды. Көптеген танымал шейхтар Зейнаб бинт Сүлейманның шәкірті атанды.

Зейнаб бинт Кямаль – бүкіл өмірін білімге арнаған мухаддиса. Ал білім оған өмірдің барлық кереметі, көңілінің қуанышы болатын. 📖 Ол тұрмыс құрудан бас тартты. Оған балаларының орнын көптеген шәкірттері алмастырды.Мұхаммед ибн Абдул-Хади, Хатиб Марда, Ибрахим ибн Халил, Абу Фахм-лейданий, Ахмад ибн Абду-д-Даим сияқты көптеген ғалымдардан білімді талап етті.Зейнаб бинт Кямаль Ибраһим ибн Махмуд ибн әл-Хейрден, Зейнаб әл-Бакдариядан иджаза алады. Сондай-ақ, көптеген ұлы ғалымдар оның шәкірттері болды, олардың арасында Имам Аз-Захаби де бар.🖌

P/s: Сіздің әр жазбаңызда бірнеше ғұлама әйелдермен танысамыз, соңғы кезде жазбай кеттіңіз ғооой, - деген хабарламалар жиі кеп кетті. 😁 Алдағы жазбамда білімде арнайы лақаб атқа ие болған шейхалар туралы жазам ин шаа Аллаһ. 📚




✍🏻 1928 жылы Ирактың жазушысы Абд әл-Ләтиф Чалаби Бағдадтағы әл-Хайдарханах мешітінде әл-Джаухаридің (393 ж.) «الصحاح» кітабының көшірмесін көргенін баяндайды. Ал мұны алтыншы ғасырдың екінші жартысында Мәриям бинт Абдуль-Қодир есімді әйел көшірген. (ол заманда қазіргідей техника, клавиш, компьютер деген атымен жоқ) 📚 Мәриям анамыздың кітапты толықтай көшіріп бітірген соң айтқаны: «Егер біреу осы кітапты көшіруде менің қандай да бір қателігімді көретін болса, кешіріммен қарайды деп үміттенем, өйткені мен оң қолыммен кітапты жазып жатқанымда, сол қолыммен бесіктегі баламды тербетіп отырдым».🧡 ما شاء الله
#исламкітаптары




📚Осыдан біраз бұрын ұстазбен бірге бітірген әл-Харистің (رحمه الله) кітабы «رسالة المسترشدين» (Рисәлятуль мустаршидин) туралы жазбақпын. Шейх Абдуль-Фаттах Әбу Ғудданың (رحمه الله) тахқиқымен.

Бұл кітаптың авторы - өзін әрдайым қатаң бақылап, сөгіп, әрбір әрекеті үшін өз-өзінен есеп алып жүретіндіктен «әл-Мухасиби» лақабына ие болған әхли сунна имамы, мухаддис, фақиһ ғалым Әбу Әли әл-Харис ибн Асад. (165-243ж) Өзінің өмірін тақуалықпен құлшылықпен, кітап жазумен өткізген ғалымның кітаптарының саны 200 ге жуық, оның ішінде басым көпшілігі осы тассауф, ихсан іліміне жазылған. 🖌(сонымен қатар фиқһ, усуль әль-фиқһ саласында да еңбектері бар)

✍ Имам Жунайд (رحمه الله) әл-Харистің кітап жазуының өз ерекшелігі бар екенін, яғни ол кітап жазбас алдын бір кісіге уағыз ретінде баяндап, сонан кейін барып қағаз бетіне түсіретінін айтады.

Бұл еңбекті ислам кітапханасының ішіндегі тақырыптарға сорттайтын болсақ ішкі жан дүниені тазалау тәзкия, сулук, тассауф тақырыптарында қарастырамыз. Кітаптың басы Алланың кітабының алдындағы біздің міндеттермен басталып және ихсан жолында шәкірттің белгілі бір шейхтан уазифалар алуы міндеттіме дегенде, ол шейхтің екі түрі :шейху тәғлимин уә тәрбиә, шейху тәғлимин билә тәрбиә болатыны қарастырылады.Еңбек негізінен "тура жол іздеушілерге насихат" деп аталады.Яғни тура жол іздеуші қандай сипаттарға ие болу керек, нені ұстану керек, қандай амал ету керек сол жөнінде қысқаша баяндалады.
#исламкітаптары
Инстаграмда игі челлендж бастаушыларға Алла разы болсын!


Неге жазбаларыңда исламдағы ғұлама әйелдер туралы жаза бересің? 🤦‍♀ Олар өз заманының белгілі ғұламасы болғанымен, еңбектері неге қазіргі күнге дейін жетпеген?
Субхалалла!
Маған, сірә, исламдағы бұл әйелдер 🧕 тізбегін тәркиб қылу мүмкін емес болар, бірақ олардың өмірін оқу, ілімге деген ықыластылығы мен оны тұрмыс құрған күнде де қалай алып жүргендігі немесе ілімді тұрмыстан жоғары қойып өмірінің соңына дейін үздіксіз білім алуда болғандығы мені қызықтырады.📌

@aysulu_doni_arman әпкем айтпақшы "نحتاج أن نتحدث أكثر عن النساء العظماء في الإسلام". 😁 Жазсам несі бар, бір жағынан ілім талап етуші қыздарға да мотивейшн) Тәәк, енді ғуләмә әйелдердің еңбектері неге жетпеген, жетсе қай салада екендігіне тоқталып кетейін. 📝

Даһма бинт Яхия (837 ж.) - ұлы ғалымдардың ішінен атап өтіледі, имам әл-Махди Ахмад ибн Яхияның әпкесі. Усуль әль-фиқһ саласындағы маңызды еңбектердің авторы. Бұл жұмыстардың кейбіреулері: төрт томдық «Аль-Азхар» кітабына жазылған шарх, шарх «Манзуматул-Куфи», «Мухтасар Мунатаха фи усуль әл-фиқһ», «Дауахир».📖

Айша бинт Юсуф әл-Бауния (922) - әйелдер арасындағы ең үлкен, әйгілі ғалымдардың бірі. Білімнен үлкен мұраға ие болған. Фиқһ, нахву, ильм әл-уруд және басқа ғылымдар саласындағы көптеген кітаптар мен шархтардың авторы.🖌
Айша мен оның баласы екеуі Каирден Дамаскіге оралу үшін жолға шыққандарында жолда олардың автокөліктерін Білбайдың жанындағы тонау топтары тонап, олар өз заттарын және Айшаның жазбаларын ұрлап кеткен екен. Бұл еңбектерінің жетпеуінің бір себебі ғана.

Кәрима бинт Мұхаммед бинт Ахмад әл-Маруазия (363-463 жас). Ол әйгілі Мухаддистердің бірі болған. Ол ғасырдың ұлы фақиһтері мен мухаддистеріне сабақ берген. Олардың ішінде: Хафиз Хатиб әл-Бағдади, Хафиз Әбу Толиб Хусейн ибн Мұхаммед Әз-Зейнаби, Абул-Махасин әл-Мисри және басқалар. Ол «Сахих әл-Бухаридің» жеткізушісі болған және оның есімі осы кітаппен тығыз байланысты. 📜

Құран Хафизі, фиқһ, Нахву және ильм әл-фараид бөлімдеріндегі ғалым -Умм Абдул-Уаххаб бинт Қада Хусейн ибн Исмаил Аль-Махамили.
Ол Шафиғи мәзһабындағы өз заманының ең білімді фақиһтерінің бірі болған. Сол кездегі ең ірі ғалымдармен бірге үкімдер берді.✒️

Мұндай мысалдарды ізденген адам әлбетте табары сөзсіз, бәлкім алдағы уақытта #исламкітаптары челенджіне ғуләмә, шейхалар жазған кітаптардың бірі туралы баяндап үн қосармын, әзірге осы)


Инстаграмдағы жазбаларымды толықтай осында көшіріп жатырмын (уведомление кеп жатса, түсіністік танытамыз😁)
#инстатаймжабык




Ислам әлемінде білім иелерінен болған әйелдер🧕 кімдер? Адамның ілім 📚 жолына түсуіне ұл не қыз болуында айырмашылық бар ма?

📌 Ислам тарихында әйелдердің рөлі тек үй шаруасымен және отбасына көңіл бөлумен шектелмеген!

⏳Ерте ғасырлардағы пайғамбарлық хабарларды жеткізушілердің арасында біз көптеген әйелдер есімдерін кездестірсек, орта ғасырларда медресенің оқытушыларының арасында әйелдер де болған, тіпті белгілі ислам ғалымдары бұл әйелдерді ұстаздарының арасына қоюға ұялған жоқ.

Оған дәлел: Атақты сириялық тарихшы Ибн Асакир әл-Димашки өзінің ұстаздарына сілтеме жасап, олардың арасында шамамен 80 әйел ұстаз болғанын айтады.

Тағы бір көрнекті теолог Ибн Хаджар Асқалани өзінің «Дурар әл-Кәрім» еңбегінде сегізінші ғасырдағы хижраның 170-тен астам әйел ғалымдарының қысқаша өмірбаянын келтіреді, олардан хадис және басқа да діни білімдерді оқыған. Оның үстіне ол осы әйелдердің кейбірі өз заманының ең жақсы хадис сарапшылары болып саналғанын айтады.

Абдул-Азиз ибн Омар ибн Фахд «Мужам аш-шуюх» кітабының авторы. Ол кітапта 1100-ден астам ғалымның өмірбаяны жазылған болса, оның ішінде 130-ы әйел адам екендігін көруімізге болады.

Олардың бірқатарына тоқтап кететін болсақ:

🔖Амра бинт Абдурахман - хадистердің көрнекті білушісі.Халифа Умар ибн Абдул-Азиздің өзі «егер сіз хадис ғылымын үйренгіңіз келсе, онда сіз Амрадан сабақ алуыңыз керек» деген. Алғашқы «Муснадтардың», жазбаша хадистер жинағының авторы Имам Зухри Амраны хадистердің білгірі ретінде атап өтіп, одан білім алуға кеңес берді

🔖Табиъиндердің ұрпақтарынан шыққан тағы бір білімді әйел Умм Дарда болды. Оның дәрістерін хадис және фиқһ мамандары алды. Кейбір ғалымдар ол Хассан аль-Басри мен Ибн Сирин сияқты әйгілі хадис мамандарынан асып кетті деп санайды.

🔖Шухда есімді әйел хадис ғылымындағы беделді адам ретінде сипатталған. Оның әкесі Әбу Наср теологиялық ғылымдарға үлкен қызығушылық танытты және кейіннен бұл білімді қызына берді. Ол кейінірек халиф әл-Муктадийдің кеңесшісі және медресенің негізін қалаушы болған Али ибн Мұхаммед есімді асыл адамға үйленді. Алайда оның әйелі одан гөрі хадис білуші ретінде танымал болды.Оның Сахих әл-Бухаридегі және басқа хадистер жинақтарындағы сабақтарына көптеген шәкірттер қатысты және оның жоғары беделінің арқасында көптеген адамдар оны ұстазы деп атады.

P/s: Демек, біздің заманымыздағы мұсылман қыздарға осы керемет аналардан үлгі алуға ешкім кедергі жасамайды. Тек ілімге махаббат қойып ыхтияттылқ танытса әрине 😊




Кітапты 📚 өмірлік дағуатшысына айналдырған адам көпшілік ортадан жырақ болып, неліктен кітапқа үңілуге бейім келеді? ⠀
.
✍ Бірде Абул-Аббас Ахмад ибн Яхияға: «Адамдар сені қатты сағынды. Егер сен үйіңнен шығып, адамдар арасында көрінсең, олар саған да, сен оларға да пайда тигізер едің» делінді.Сонда ол бір сағаттай үнсіз тұрып, былай деп жауап берді:

📌 «Егер біз патшалармен бірге жүрсек, олар бізге тәкаппарлық танытып, олармен бірге жүргендердің құқығын бұзады. Сондықтан біз білім алып, осы парақтармен асқазандарымызды толтыра отырып, үйлерімізде болдық ».

Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ахмад былай деген: «Жастардың тақуалықтан кейін елестете алатын ең жағымды жағы - бұл оны іздеуге арнап жасалған білім. Әр іздеушіге өзі қалаған ләззат бар, ол оның кітаптары ... »

Абдулла ибн Абдул-Азиз ибн Умар ибн Абдул-Азиз: «Мен қабірді жақсы ескертетін, кітаптан гөрі ләззат әкелетін және қарым-қатынастың жоқтығынан қауіпсіз болатын нәрсені ешқашан көрген емеспін! »

📖 Кітаптарымен қалуы себептен жырақталып жүретін шәкіртті көрсеңіз, жалғыз жүр екен деп жанашырлық танытпай-ақ қойыңыз. Оған жолдасы, ақылшысы, сырласы ретінде кітаптарының өзі жетіп асады.


✍Ілімнің ақиқаты оның өмірдегі тәжірибесі арқылы көрінеді. Білгендерін ісімен көрсете алмаған ғалым «Кітап арқалаған есек» аятында келтірілген мысалдағыдай мәні мен
мағынасы жоқ пен тең!

Ілім адамды Хаққа, ақиқатқа, тақуалыққа, салихалы амалдарға жетелейтін болса ғана нағыз ілім болып саналады. Әйтпесе,
Шайтанда да ілім болған, Қарұн да ілімі бар кісі еді. Бірақ ілім олардың менмендігін өршітіп, тәкаппарлықтарын арттырған болатын. Сондықтан да ілім лайықты түрде қорытылып, амалға аспайтын болса, мінез-құлыққа игі әсер етпесе, барлық еңбек зая кеткені.📚

Пайғамбарымыз мұндай ілімнен құтқаруы үшін Аллаға жүгінетін: «Уа, Аллаһым! Пайда бермейтін ілімнен, хушуғ сезінбейтін жүректен, тоймайтын нәпсіден және қабыл
көрмейтін дұғадан Сенің қорғауыңа жүгінемін!» (Муслим, зікір 73; 13, 65).


Елімізге белгілі ұстаздардан ақида бойынша дәріс алғыңыз келе ме?
Ендеше сізге осы каналға жазылуға кеңес берем. Аудио, видео дәрістер салынып отырады. ⤵️

АҚИДА САБАҚТАРЫ
https://t.me/aqida_sabaqtary


Абдулла ибн Мас'уд (радиаллаһу әнһу) : «Біздің заманымызда құранға амал ету оңай, жаттау қиын болды. Кейін құранды жаттау оңай, бірақ амал ететіндер аз болады», - деген. 😔


Бұл тақырыпқа ат үсті қарай алмадым)

Айналамда ілім алуға ниетті, ықыласты қыздарды көбірек көру нығметі маған да бұйырған екен.Нығмет дейтін себебім, адамның мінез-құлқына, амал-әдебіне ерекше әсер ететін ортасы емес пе еді?! Ал, мақұл, оны түсіндік. Әлі "ілім ізденуші" деген статусқа лайық, лайық еместігімізді ажырата алмай жатып, арманымызды сонау ғұлама аналардың жеткен жетістігіне дейін байлап қиялдап кететініміз бар... Кейде тіпті "шәкірттің" үстелінде отырып ақ, ойша "ұстаздың" рөлін сомдап шығамыз, көкейімізде әлі талай сауал қол бұлғап тұрса да, түсімізде сұрақ жаудырып келген әйел жамағатына тәмпіштеп бірдең түсіндіріп жатамыз)👩‍💻 Жүз жиырма метр жырақ кетсек ата-анамызды сағынып кететінімізді естен шығарып, "бұйырса, пәлен күні шет елде діни білім аламын", - деп әңгімені жібереміз🙈 (Алла ниетімізге жеткізгей💛)

Сөйтіп алып-ұшып, сан алуан ойға саяхаттап жүрген бір күні Жасұлан ұстазға сұрақ қойдым: "Ұстаз,қыз баланың ілім алу жолына толығымен кетуі қалай болады? ", - деймінғой. Ұстаздың жауабы алдыңғы қиялды су сепкендей басты."Негізі қызға бала-шағаға тәрбие беретін, ілім беретін деңгейде оқыса жетеді", - демесі бар ма?! Менің құлағым қағыс естіген болар деп қайта тыңдап қоям, жоқ. Сөйтіп себебіне үңілдік. Ұстаздың меңзегені басқа екен. Ол былай. Егер қыз баласы білім қуып кететін болса, әрине ниетіне жетіп, ілімде біраз жетістікке жетер, бірақ тұрмыс құрғанда егер жарынан деңгейі асып кетіп жатса, оған бойұсыну қиын болады. Кәфә'ә деген мәселе бар–ер адам әйел адамнан білім жағынан, тақуалық жағынан бір саты жоғары тұру керек... Ал, енді осы оймен арпалыс. Сонда теңдік болу қажет екенғо, осы білімім де жетеді екенғоо, қатты оқып қойып ертең ол кісіден асып кетіп жатсам не болады? 😂 Ойлардың күрмеуінде адаспай тұрғанда тез ес жиып "Әй, бәтшағар. Одан да сабағыңды оқы.Дәрісіңді жатта. Тең - теңімен деген бар. Ілімге деген махаббатың бір елі де кемімесін. Өзің қандай болсаң, кезігерің күлімдеп сондай болар",-дедім де, ондай ілімнен қайтарар, нәпсіге жағар ойларға қайта оралмаймын деп шештім.Тәмам.
#сондадажигиттерилимгеерекшеконилболсин#депайтыпкалукерекко#нуну




МАКТУБОТ - электронды діни bot-кітапхана dan repost
Нуқая_мухтасар_әл-Уиқоя.pdf
4.4Mb

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

28

obunachilar
Kanal statistikasi