✅
"Тәкбір-тәшриқ" дегеніміз, арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні екінтіге дейінгі аралықта әр парыз намазының соңында сәлем бергеннен кейін айтылатын дұға.
⠀
Сүннет, үтір және нәпіл намаздардан кейін
айтылмайды.
⠀
➡️
Тәкбір-тәшриқты айту – намаз оқу міндет болған әрбір мұсылманға уәжіп. Өйткені, Алла тағала өзінің қасиетті кітабында:
⠀
«Санаулы күндері Алланы зікір етіңдер», – деп бұйырған. Аяттағы
"санаулы күндер" дегенді Әзірет Әли арапа күнгі таң намазынан бастап, айттың төртінші күні екінті намазының соңы деп тәпсірлеген.
⠀
Бұл аралыққа
23 парыз намазы енеді. Ханафи мәзһабында бекітілген пәтуа осыған сәйкес.
⠀
➡️
Тәкбір-тәшриқ дұғасы төмендегідей:
⠀
«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллалЛаһу уалЛаһу әкбар. Аллаһу әкбару уә лилЛәһил хамд».⠀
🔺️
@mihrab_kz