"Жорналшы" күнделігі


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Журналистика, редактордың өмірі мен жұмысы туралы жазбалар

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


"Шағын адам" деген қайсы екен?




Журналистер неге релиздерді редакциялауы керек? Дайын кейс

Мысалы, кеше Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мынадай релиз таратты. Іс қазақстандықтардың Денсаулық сақтау министрлігін азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзды деп айыптауы туралы. Соңында шағым-талап қанағаттандырылмады. Бірақ мәселе онда емес. Көзге түскені мына жер:

«избирательные ограничения для лиц старше 65 лет, нарушают конституционные права граждан». Яғни 65 жастан асқандарды басқа жастағылардан алалап, бостандығын шектеу (үйде қамап отыру) конституцияға қайшы дейді. Сөйтсе, оны қазақ тіліне аударған адам былай дейді:

«65 жастан асқан адамдарға сайлау шектеулерін қолдануды көздейтін санитарлық ережелер енгізген шектеулер азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады». Мұнда, байқасаңыз, «избирательные меры» дегенді алалау, яғни құқықтарын таңдап шектеу мағынасы «сайлау» туралы болып кеткен. Избирательный – сайлау болып отыр сонда.

Әдетте кім көрінген журналистің ісіне араласуға дайын тұрады. Тіпті журналистің жұмысына кедергі келтіріп, өзі таратқан релиз мәтінін өзгертпей жариялауға мәжбүрлейді. Сосын біреу қазақ тіліндегі релизді оқып, «зейнеткерлерді сайлауға жібермей жатыр» деп те түсіне салуы оп-оңай. Арты, міне, осындай сұмдық қателерге әкеп соғады.
Міне, осындай кейстен кейін релиздерді түземей көр.

Орысша релиз: https://astana.sud.kz/rus/news/apellyaciya-ostavila-bez-izmeneniya-reshenie-suda-o-priznanii-sanitarnyh-pravil-minzdrava-ne
Қазақша релиз: https://astana.sud.kz/kaz/news/apellyaciya-densaulyk-saktau-ministrliginin-sanitarlyk-erezhelerin-zanga-kayshy-kelmeydi-dep


Кейде журналист "өз өмірім де бар ғой" дегенді айтады. Бұл "тоғыз бен алтының арасында ғана журналиспін" деп ойлайтындардың алдынан шықпайтын проблема. Бірақ жан-тәнімен беріліп жұмыс істеп, қызық материалдар жазып жүрген адамға своего рода конфетка ұйымдастыру керек. Мысалы сұранса жіберіп, айлық жоғарылатуды сұраса көмектесіп, мақала дайындауына қолғабыс етіп, кей жағдайда тіпті продюсері болып беру керек. Бұл оның шабытын түгеспей, командалық жұмысқа ынтасын ашады.


Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
Құдайдың бар екенін
‼ Құдай бар екенін
Көкіреміздің жабық болғаны
‼Көкірегіміз жабық болғаны
Есігіміздің ашық қалғаны
‼ Есігіміз ашық қалғаны
Балаларымның жақсы болып өскені
‼ Балаларым жақсы болып өскені


Сөз тіркесінің екінші сыңары есімше + тәуелдік жалғауы болғанда, бірінші сыңар ілік септігінде тұруы міндетті емес екенін, тіпті ол көп ретте артық екенін ұғу үшін грамматиканы білу шарт емес, түйсік керек.

Мысалы, "Назгүлге барғанымда, есігінің жабық тұрғанын көрдім" дегенде "есігі жабық тұрғанын" деу - қазақ тілінің өз табиғатында бар нәрсе еді. Соны ұмытып барамыз.


Оқиға Иракта болған. Бірақ Қазақстанда болғандай тақырып қою - кликбейт.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Неткен жетістік! Дамыдық деп осыны айту керек!


Материал құттықтау туралы. Бірақ бұлай таратудың ұятсыздығына таңғаласың)


"Амал не, биыл жиеншарымнан айырылдым, өзі маған қатты ұқсайтын"

Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үшінші бөлігінде айтқан сөзі.


Рабиға Сыздықтың "Емле және тыныс белгілерінің" электронды нұсқасын жүктедім. Бұл еңбек әр жазарманның қойынкітабы болуы керек ✅




ЕСКЕРТТІМ: "қасқыр әйелге шабуыл жасады" емес, "әйелге қасқыр шапты" десең қазақы шығады


Қазақстан жері туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат Вячеслав Никонов өз сөзін түсіндірді:

"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазды ресейлік депутат Telegram-каналында.


Tengri.kz dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ресейлік "Бірінші арна" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген еді.

СІМ ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне жауап берді.


Текстімізді ұрлапсың деп жекесіне жазасың. Көреді, бірақ жауап жоқ. Ертесі күні әлдеқандай боп Jas Otan туралы пост жазып отырады. Комментке личкадағы претензияны қара дейсің. Сонда ғана неге комментке жазасың деп ренжиді. Что, блеать, с вами не так, журналисты?!


Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
❌ Бізде қонақта (радио мен ТВ-да жиі айтылатын сөз).

❓ "У нас в гостях" дегеннен калька

✅ Бүгінгі қонағымыз, Бізге қонаққа .... келіп отыр.


⛔ Маска киюінің маңыздылығы
✅ Маска тағудың маңызы


Бұл парақшамды ашқанда қателерді талдап, оны дұрыс жазудың ретін баяндаймын дегенмін. Міне:

Бүгін мынадай тақырып болды: "Нұр-Сұлтандағы балалар ауруханасында балаға құрт қосылған сорпа берілген". Несі қате екенін айтайын: мұнда қазақы түсінікке жат сөйлем тұр. Негізі тақырып "Нұр-Сұлтандағы балалар ауруханасында сорпадан құрт шыққан
" болуы керек еді. Қазақы түсінік, тілдегі сөйлеу логикасы проблемасының көрінісі осындай.


Tengri.kz dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев Ақтау маңында аққуларды әуеден түсірген. Естеріңізде болса, мұның алдында ол қоқиқаздарды видеоға түсіріп, роликті әлемдік БАҚ-тар жариялаған.


Керемет ә?

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

22

obunachilar
Kanal statistikasi