Пайдалы жазбалар


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


#ой-ларым
#құран
#түріктілі
#арабтілі
#ауамил
Анонимді кері байланыс t.me/anonaskbot?start=1222489007

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Ал бастадық. Алла Тағала ниеттерімізді дұрыстап, еңбектерімізді қабыл етсін


Сіздерде көп адамның салауат айтуына себепкер бола аласыздар . Ол үшін жоғарыдағы записті барынша онлайн, офлайн, сатус, жәнеде басқа да жолдармен таратыңыздар. Жарыс туралы барлық мәліметтер осы запистің коментінде болады ИншаАллах. Сұрақтарыңыз болса осы коментте жауап береміз.


السلام عليكم ورحمه الله وبركاته
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаﷺ салауат айтып, жақсылықта жарысайық. 19-қазан таң намазы уақыты кіргенде басталып, 26-қазан ақшам намазы уақыты кіргенде аяқталады. Жеңімпаз фотодағы грамматика кітабын немесе өзіне ыңғайлы осы сияқты басқа бір кітапты ТҮРКИЯДАН алдырта алады. Алла нәсіп етсе бұндай жарыс әр ай сайын болады.
Канал: https://t.me/kazaktarywin


Ер ұстаз-ер адамдарға.
1. https://youtu.be/uTET-AdANac
2.https://youtube.com/playlist?list=PLINGy3OKeDiU0xMXajx-nXdx514vFAehM
Әйел адамдарға- тек әйел адамдар кірсін.
1.https://youtu.be/oIoHNGoPalE-.
2https://youtu.be/k3acPH-bUTg
Құран оқып үйренем деген асыл жандар үшін. Кітаптың пдф нұсқасы және басқа да құранға қатысты сабақтарды (орыс, қазақ) коментке саламын. Сіздерде білген сабақ, пдф жіберіңіздер .
#құран


Шағби өзіне жаман сөздер айтқан кісіге былай деп айтқанын жеткізді:
- Егер мен сен айтқандай болсам , онда Алла мені кешірсін. Ал егер сен айтқандай болмасам Алла сені кешірсін. Бұл Шағбидың жұмсақтығын(мейірімділігі), кеңпейілділігін көрсетеді. Осындай мінезге біз не деген мұқтаж едік.

#арабтілі


Барлық қыйындықтарды бірдей шешу керек емес. Кейбір қыйындықтарды бар болғаны айту керек...

Ал оның ең жоғарғы дәрежесі Алламен сырласу.
#ой


Самая сложная работа это работа над собой.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Мына оқылған құранмен демалмау мүмкін емес шығар)
#құран




Уақытқа байланысты адамдардың үшке бөлер едім:
1. Бос уақыты жоқ адамдар.
2. Бос уақыты бар, бірақ сол уақытта пайдалы нәрселер жасап, пайдалы хоббимен айналысатындар.
3. Бос уақытын бос өткізетіндер.
Біріншісі ел , жер, дін үшін пайдасын тигізеді ИншаАллах. Оларда әрқашан жоғарыдағы фотодағы процесс жүреді. Екіншісі елге , жерге, дінге пайдасын тигізбеуі мүмкін, алайда зиянын тигізбейді. Өзіне пайда бере алады әйтеуір ең бастысы. Ал үшіншісі ХАЛЫҚ ЖАУЫ десе болар.

Ал сіз уакытыңызды қалай өткізіп жүрсіз ?

#ой


Әрдайым дамудың жолын іздеп жүріңіз. Дамуды екіге бөлер едім. Бірі дүниелік тұрғыдан, екіншісі діни тұрғыдан. Дүниелік дамуды да ниет арқылы діни дамуға қатысты етсек тіпті керемет.

#ой




Енді осы каналдағы арап тілін бастамаған адамдар сабақ өтетін ұстаз жоқ деген сылтау айта алмайсыздар) Ия, онлайн оқу қыйындау , бірақ талаптанған адам осылайда керемет нәтиже шығарады ИншаАллах. Дәрістерден түсінбеген сұрақтарыңыз болса сабақты өткен ұстаздардан сұраңыздар (әдеппен), олар еңбектері пайдалы болып жатқандығы үшін қуанады ИншаАллах. Нағыз болмай жатса менен, не болмаса арабша білетін кез келген адам (мыс:тұрғылықты жердегі имам) тауып сұрасаңыздар болады.( Әйел адам мүмкіндік болса әйел ұстаз тауып алғаны абзал).

Ал енді астына араб тіліне тікелей қатысы бар каналдарды жіберемін, сіздерде толықтырып көмектесіп жіберіңіздер.


АРАБ ТІЛІ

Ал енді араб тілінен ең бірінші оқылатын кітаптарға тоқталайық.
1деңгей:
Әлбетте ең бірінші құран оқып үйрену, таджуид ережелері. Ютубта тегін сабақтар кез келген тілде бар десе болады.
2деңгей:
1. Такаллум , мединский курс сияқты разговорный кітаптары . Разговорный тұрғысынан өзіме ең ұнағаны такаллум. Жалпы барлығын өзіме ұнаған рет бойынша айтамын.
2. Шифаһия кітабы (1том) сосын Мабдаул қироғат кітабының 2,3томы сияқты кітаптар сөздік жаттап, мәтін аудару үшін.
3. араб тілі грамматикасы.
Сарф- бірінші мағынасын түсіне отырып бап жаттау- әмсилә сияқты кітаптан бастасаңыз болады , кейін қазақ тілінде мабдау сорф, самғау кітаптар кейін мажмуатус сорф (ішінде 4 кітап бар- әмсила, бина, мақсуд, ғиззи.)
Сарфтан белгілі бір дәрежеге жеткеннен кейін наху бастайсыз- 1.мабдау наху 2.әджуррумия кейін бір шархы(тухфатус Сания), Ауамилдер.
Пдф және сабақ ссылкаларын коментке жіберемін. Мен бұл өтілген сабақтардың көбін почти бәрін қарамағанмын, сондықтан қайсысы қандай дәрежеде, қандай тәсілде өтілгенін білмеймін, ютубта, телеграмда басқа да ұстаздар өткен дәрістері бар. Сондықтан өздеріңіз таңдап аларсыздар. Дәрістердің пдф нұсқаларын гуглден скачать етіп ала аласыздар. Ал пдф емес кітаппен оқығыларыңыз келсе Қазақстанда кітап сататындар бар, Түркиядан заказбен жеткізіп беретіндерде бар, менде КЕЙДЕ Түркиядан кітап, басқа да заттар жеткізіп берумен айналысамын. Сіздерде осы запистің астына араб тілін бастаушыға керекті мәліметтерді жіберуді ұмытпаңыздар.

Уақыт жетпей жатыр, ретсіз жібере беремін, өздеріңіз жәймен тауып аларсыздар. Ерікті түрде реттеймін деген разбираться ететін адам болса жекеге шықсаңыз болады.

#арабтілі


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
و الذي يميتني ثم يحيين
Құранды оқу, түсіну қандай бір керемет нығмет.
видеодағыдай Абдул Басит, Миншауи қарилар оқыған мақамды түсіну, одан ләззәт алу не деген бақыт.

Араб тілін үйреніңіздер құран сүннетті түсінгенге дейін.
Көп күштіңде қажеті жоқ, керегі бар жоғы тұрақтылық қана. Күніне тұрақты түрде 30минут (уақыты аз адамдар үшін) бөлсеңіз, соның өзі сізді біраз жерге апарады .


Ия, ішінде жастарға керек бірнеше мәліметтер бар екен. Тең теңімен тезек қабымен. Басты қағиданың бірі: ЖАҚСЫ ЖАРДЫ ҚАЛАСАҚ ӨЗІМІЗ ЖАҚСЫ БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК . Және истихара оқып Алла хайырлы көрген жанмен бас қосу керек . Адамның таңдауы қателеседі, ал Алланың таңдауы әсте қате болмақ емес. Тіпті неке сәтсіз аяқталсада оның артында бір хайыр бар. Жалпы өте үлкен, маңызды тақырып қой. Әркімнің өз көзқарасы бар. Өзіміздің білгенімізді және басқалардың бергенін жинап , қорытып, орта жолын табуымыз керек.


Абылай Кенжалы dan repost
Кітап оқу әдетін қалыптастырудағы кезеңдер:

1. Кітап оқу.

2. Кітапты дұрыс оқу.

3. Дұрыс кітап оқу.

4. Дұрыс кітаптан дұрыс ой түю

5. Дұрыс ойды дұрыс амалға айналдыру


Салиқалы әйел үйдің шам-шырағы.
Ал егер үйде шамдар төртеу болсаше ?


Ө.с. Онда тездетіп пожарник шақырасыз ау))


Жалғасы бар.
Күн тәртібімен жүріңіз. Күніңізді жоспарлаңыз. Әр нәрсенің өз уақытын белгілеңіз. Ерте тұрып ерте жатуға үйреніңіз. Әрдайым дамудың жолын іздеп жүріңіз.
Таңғы уақытта ең болмағанда 1 сағат, тіпті болмаса 30минут құран, дұға, зікір, пікір, шүкіріңізге бөліңіз. Бір күн 5-те, екінші күн 11де , 3-ші күн 9да тұру қай сүннеттен қалған нәрсе ? Қай ғалым, қай тақуа, қай салиқалы жандар осындай режиммен жүріпті ? Әлде медицинада бір дәлел барма ?
Осындай жағдаймен қаншама тер төккен ғалымдар, әулие-әнбиелер, тақуалар сияқты жәннәттә пайғамбарымыз ﷺ ға ең жақын көршілерден болмақшысыз ба ?
Осындай тұрақсыздықпен таһаджутке оянып жүрген немесе оятатын жар іздеу ақыл иесіне тән іспе ?
Пайғамбарымыз ﷺ үйленген жасқа келіп себепсіз ілім ізденбеген , құраннан ең болмағанда 1,2 пара жаттамаған, намаз оразасының дұрыс бұрысын білмеген, сауда неке баптарынан хабары жоқ жігіттің салиқалы , тақуа, білімді жар іздегеніне күлемізбе ? Жоқ жылаймыз ба ? ( Қабылбек ұстаздың сөзі есіме түседі осындайда).
Ал әйел адамның жасы 25-тен әлдеқайда төмен болады. Себебі бәріміз білетіндей қыз баласы ақыл- санасы тұрғысынан да, физикалық тұрғыданда ер адамнан әлдеқайда ерте жетіледі. Күйеуім үйретеді деп өтірік сылтау тауып, күтпеңіздер. Әйтпесе сізгеде үйленгесін әйеліммен бірге оқырмын деп жүрген бір қияли жан кезігіп жүрер))
Ал бұл адамдар діни отбасыда , діни ортада өскен болса (тем более) тіпті сөз жоқ! қаншама жылдар жасамаған нәрсені үйленгеннен кейін жасап, өткеннің орынын толтырады деп сену қаншалықты орынды ? Ақыл иесі бұл істі құптай қоймас . Тіпті солай жасағанның өзінде керекті білімді жинағанға дейін құлшылық-ғибадатта қаншама қателер жібереді әлі. Әрине барлығы Алланың қолында.
و الله اعلم
Жақсылықтан үміт үзбеңіздер!

#ой


لا تحاول أن تجعل ملابسك اغلى شيء فيك

Киіміңді ішіңдегі ( руханият) нәрседен қымбат қылуға тырыспа .

Яғни өзіңде жоқ нәрсені бар қылып көрсетуге тырыспа деген мағынағада келеді
#арабтілі

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

217

obunachilar
Kanal statistikasi