Нұрлы жол


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


АНА — АЯУЛЫ ЖАН

Ана ол әлемдегi ең керемет жан. Ана бiр қолымен әлемдi тербетсе, екiншi қолымен бесiктi тербетедi дейдi. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттердi де алдымен анаcынан алады.

➡️ Толығырақ...


ЕР ЕСIМI — ЕЛ ЕСIНДЕ

Бүгiнгi таң, бүгiнгi тыныштық, бүгiнгi азаттық — мұның бәрi заман жастарының бақыты емес пе?! Азаматтардың тiлi, дiнi, ұлты мен мәдениетi құрметтелетiн өлкеде өмiр сүремiз. Бұл еркiндiк пен азаттық өздiгiнен келген жоқ, талай тарихи оқиғалар мен қиын қақтығыстардан қайыспай, сан-қилы сынақтардан сынбай өткен халқымыздың төзiмi мен ержүректiгiнiң арқасында келдi.

➡️ Толығырақ...


ТАШКЕНТТЕ ТҮРКI ӘЛЕМI АҚЫНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

Үстiмiздегi жылғы 26-29 ноябрь күндерi Өзбекстан Жазушылар одағының және ТУРКСОЙ халықаралық ұйымының ынтымақтастығымен ұйымдастырылған түркi тiлдес елдер қаламгерлерiнiң, ақындарының қатысуымен XVI Түркi поэзиясының фестивалi жоғары деңгейде атап өтiлдi.

➡️ Толығырақ...


МҮМКIНДIКТЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттiгiнде “Бизнестi дамыту банкiнiң кәсiпкерлiктi оқыту жобалары” тақырыбында конференция өттi.

➡️ Толығырақ...


КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттiгiнде Бизнес-омбудсман мекемесi басшылығының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында Өзбекстанда кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау бойынша заңнамаға енгiзiлген өзгерiстер мен жүргiзiлiп жатқан жұмыстар жөнiнде ақпарат берiлдi.

➡️ Толығырақ...


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСУЫ...

“Сыбайлас жемқорлық пен мүдделер тоғысуы адамды құртуға апарады” деген басты идеяға негiзделген кезектi кеңейтiлген семинар Сырдария жылу электр станциясында өттi.

➡️ Толығырақ...


АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАШЫСЫ

Әлiқұл Латипов — Нұрата аудандық медициналық бiрлестiктiң жоғары санатты терапевт дәрiгерi. Көп жылдан берi орталық ауруханада iстейдi. Өз iсiнiң бiлгiрi де бiлiмдiсi. Өнегелi де үлгiлi iстерiнiң жемiсi болса керек, медициналық бiрлестiктiң терапия бөлiмi меңгерушiсi. Денсаулық сақтау саласындағы жемiстi еңбегiн үкiметiмiз бағалап “Өзбекстан денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi” төсбелгiсiмен, “Өзбекстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы” естелiк төсбелгiсiмен марапаттаған. Жанұялы, бес перзенттi тәрбиелеп, үйлi-жайлы етiп, келiн түсiрiп қызығын көрiп, немере сүйiп отырған бақытты жан. Үлкен ұлы Нодир Самарқант қаласында көз дәрiгерi — офтольмолог, әке кәсiбiн жалғастырушы.

➡️ Толығырақ...


“ЖАСЫЛ” ТЕХНОЛОГИЯЛАР КЕҢIНЕН ЕНГIЗIЛУДЕ

Елiмiзде 2025 жылды “Қоршаған ортаны қорғау және “жасыл экономика” жылы” деп атау да халқымыздың көкейiнде жүрген мәселе болды десек, қателеспеймiз. Келер жылдың осылай аталуы Өзбекстан Экологиялық партиясының бағдарламалық идеяларын жүзеге асыру үшiн жаңа мүмкiндiк туғызады.

Қоршаған ортаны қорғау, жер, су, жерасты байлықтарын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн тиiмдi пайдалану саласындағы реформаларды жеделдету, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету сияқты мәселелер экологиялық қауiпсiздiктiң негiзi ретiнде қарастырылып, бұл мәселелердi шешуде партиямыздың алдына нақты мiндет қойған. “Табиғат үшiн бiрiгейiк” ұраны да дәл осыны аңғартады.

➡️ Толығырақ...


ӨЗБЕКСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ФОРУМЫ
2024 жылдың 5 декабрiнде Ташкентте Өзбекстанның Бейкоммерциялық беймемлекеттiк ұйымдарының ұлттық ассоциациясы және Бейкоммерциялық беймемлекеттiк ұйымдарды қолдап-қуаттау қоғамдық қоры ұйымдастырған Өзбекстан — Әзербайжан бейкоммерциялық беймемлекеттiк ұйымдарының ынтымақтастық форумы өттi.

Iс-шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисi Сенаты мен Заң шығару палатасының өкiлдерi, министрлiктер мен кеңселердiң басшылары, азаматтық қоғам институттарының белсендiлерi, сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Бейкоммерциялық беймемлекеттiк ұйымдарды мемлекеттiк қолдау агенттiгiнiң өкiлдерi және Әзербайжаннан келген 20-дан астам бейкоммерциялық беймемлекеттiк ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

➡️ Толығырақ...


ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Өзбекстан Беймемлекеттiк бейкоммерциялық ұйымдарының ұлттық ассоциациясы және Беймемлекеттiк бейкоммерциялық ұйымдарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталығы, Әдiлет министрлiгi, “Юксалиш” қозғалысы, Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисiндегi Адам құқықтары жөнiндегi өкiл (Омбудсман), Бас прокуратура және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен және беймемлекеттiк бейкоммерциялық ұйымдардың қатысуымен “Адам құқығы мен мүддесiн қамтамасыз етуде беймемлекеттiк бейкоммерциялық ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың ынтымақтастығы” тақырыбында беймемлекеттiк бейкоммерциялық ұйымдардың ұлттық форумы ұйымдастырылды.

➡️ Толығырақ...


ҚАРАҢҒЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҒАРТУ
Жуырда Жызақ облысының Бахмал ауданында “Қараңғылыққа қарсы ағарту” тақырыбында шара өттi.
Аудан әкiмдiгiнде өткен шараға Жызақ облысы әкiмiнiң орынбасары Латифжон Ахматжонов, аудан әкiмi Азиз Ергашев, құқық қорғау органының қызметкерлерi, Дiни кеңселердiң, махалла азаматтар жиындарының белсендiлерi, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi қатысты.

➡️ Толығырақ...


ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТIҢ БЕРIК IРГЕТАСЫ
Өзбекстан Республикасының Конституциясы — бұл тарих сынынан өткен жалпыадамзаттық және ғаламдық құндылықтарды, сондай-ақ халықаралық стандарттарды өзiнде жинақтаған құжат. Конституция мен заң үстемдiгiн қамтамасыз ету — бiз құрып жатқан демократиялық құқықтық мемлекеттiң басты көрсеткiшi.
➡️ Толығырақ...


ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТI ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТIМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СҰХБАТТАСТЫ
Өзбекстан Республикасының Президентi Шавкат Мирзияев 6 декабрь күнi телефон арқылы сұхбатта Қырғыз Республикасының Президентi Садыр Жапаровты туған күнiмен шынайы құттықтады.

➡️ Толығырақ...


ӨЗБЕКСТАН ХАЛҚЫНА МЕРЕКЕЛIК ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметтi отандастар!

Ең алдымен, сiздердi, көп ұлтты халқымызды 8 декабрь — Өзбекстан Республикасының Конституциясы күнiмен шын жүректен құттықтаймын.

Биылғы Конституция күнiнiң ерекше рухы мен лебi барын бүгiнде баршамыз терең сезiнiп, түсiнiп отырмыз. Ең алдымен, бұл күндер саяси-құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, рухани-ағартушылық өмiрiмiзде үлкен өзгерiстер жүзеге асырылып жатқан тарихи жағдайда өтiп жатыр десек дұрыс болар.

➡️ Толығырақ...


БОЛАШАҒЫ ЗОР ЖОБАЛАР ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТIН ОДАН ӘРI АРТТЫРУДА
Президент Шавкат Мирзияев 6 декабрь күнi Ташкент облысына барып, транспорт, энергетика және туризм салаларындағы жүзеге асырылып жатқан iстермен, сондай-ақ болашағы зор жобалармен танысты. Мемлекет басшысы алдымен “Ташкент — Хожакент” бағытындағы жаңа электропойызды көрдi.

Президенттiң өткен жылғы 10 октябрьдегi қаулысына орай “Узбекистон темир йуллари” акционерлiк қоғамы трансформациялануда. Қоғам құрамында инфрақұрылым, вагон қызметi, жолаушы тасымалдаумен шұғылданатын 6 тәуелсiз кәсiпорын iс бастады.
➡️ Толығырақ...


АЙМАҚТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА РЕФОРМАЛАРЫ

Үстiмiздегi жылғы 27-28 ноябрь күндерi Ташкент Азия даму банкiнiң ұсынысына орай Өзбекстан Республикасы Энергетика базарын дамыту және реттеу агенттiгiмен ынтымақтастықта “Аймақтық энергетика реформалары: реттеу тәжiрибесiн күшейту” тақырыбында саммит өттi.

➡️ Толығырақ...


IЗГIЛIК ЖОЛЫНДАҒЫ БАСТАМА

Әр жылғы 3 декабрь күнi әлемде Халықаралық
мүгедектер күнi ретiнде атап өтiледi. Бұл күн
мүгедектiгi бар жандардың құқықтары мен
мүмкiндiктерiн қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы
орнын нығайтуға, олар үшiн қолайлы ортаны
құруға бағытталған. Елiмiзде де бұл күн аясында
түрлi шаралар мен жобалар жүзеге асырылуда.

➡️ Толығырақ...


КЕЛIСIМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қашқадария облысында екi күнге созылған “Made in Kashkadarya” өнеркәсiптiк жәрмеңкеге мыңнан астам өнiм үлгiлерiмен 500-ден астам өнеркәсiп кәсiпорындары мен кәсiпкерлiк субъектiлерi қатысты.

➡️ Толығырақ...


ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ — МIНДЕТIМIЗ

Үстiмiздегi жылғы 2 ноябрь күнi Президент өткiзген бейнеселектор мәжiлiсiнде “Жасыл аумақ” жалпыұлттық жобасы аясында 200 миллион түп ағаш көшеттерiн егу белгiленген едi.

➡️ Толығырақ...


ФЕРҒАНА ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ МҮМКIНДIКТЕРI ТАЛДАНДЫ

Президент Шавкат Мирзияев 3 декабрь күнi Ферғана облысын әлеуметтiк-экономикалық дамыту, инвестициялық және кәсiпкерлiк ортасын одан әрi жақсарту iс-шараларына арналған жиналыс өткiздi.

➡️ Толығырақ...

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.