my liberation notes


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Псевдоинтеллектуал
#library

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Басқалар мені ұмытып, тастап кете ме деп қорықса, мен мені естерінде сақтап, тауып ала ма деп қорқам)


Табаққа сәлем салу туралы, сыбағаңды қалдырмаса бос табаққа сәлем салмау керектігін бәрін оқып алған шығарсыңдар, иә. Ет жеуді біліп, сыбаға қалдыруды білмейтін шалдарға айтып таста дейді Лира әпкеміз.

Енді айтқым кеп отырғаны, жақында бір тұсаукесерде болдым. 20 жасар балаға кестірді. Үйленбеген, оқу бітірмеген. Сол жерде қаншама қарттарымыз бар, ақылы дария дейтін. Тұсауды кімге кестіру керектігін білуі керек-ті. Шынымен білмеді ме, әлде білгілері келмеді ме, ол жағы беймәлім.


Тутанхамон туралы бір нәрсе оқымай Мысыр пирамидаларына суретке түскен мен арнайы зерттеп, біліп, оқып барған адамның әсері екі түрлі болады.


Дамуды тек ақша мен саяхат деп түсіндіріп кетті блогерлер. Өкінішті.


Өз басым жігіттің интеллекті, таным көкжиегі, тәжірибесі менен жоғарырақ болғанын дұрыс көремін.


Махаббат неше жыл өмір сүреді?




Питахайя деген жеміс дәмсіз екен.


50% ұруға болады деген ықтималдықпен қойылып тұр.


"Әйелді ұруға бола ма?" деген сұрақтың өзі қате.


Ит қорыған жерге өш.


мен Дәстүрге бармаймын, маған өз түстерім жеткілікті.


Ендігі қалауымда қолсағат пен суккулент бар екен


3 ай бұрынғы уиш листімді көріп қалдым. Ұмытып та кетіппін. Жартысынан көбі орындалыпты, өзім байқамаппын. Байқамаймыз ғой, бағаламаймыз.

Бақыт кейде жатады-ау байқалмастан,
Аяғыңның астында түйір нан боп.


Екі жыл бұрын расында сұмдық болған еді. Кадрларды қайта көріп отырмын.


Мектепте орыс тілін жақсы білетінмін. Орыс тілі маңызды емес, оны соңына қалдыр, өтірік белгіле десе де, 25 балл алып қойғаным үшін ұрыс еститін едім. Қазір қазақ тілі, қазақ тілі деп, практика жоқ болғандықтан ұмыта бастаппын. Өзімнен өзім күмәнданатынды шығардым. Миымда жаңа нейронды байланыстар орнату үшін әдейі шетел әдебиетін орыс тілінде оқимын.


Негізі алдымен күйіп кетесің. Сосын бәрібір болады.

Кто сгорел, того не подожжешь.


Мендегі романтизмді, махаббат, құштарлық тәрізді сезімдерді кино арқылы ғана ұстап отырамын, әйтпесе жоғалуға пара пар. Өзімді жалғыз жап-жақсы сезінемін.


Етті целлофанға салып асу, манты, палаудың бетін целлофанмен жабу сияқты лайфхактар шығармай-ақ қойыңдаршы)


Уақытты пайдалы өткізіп жатырмын ғой, әйтеуір - деп көретін подкасттар, біреудің историялары, күнде айтатын инсайты, өмірді қалай сүру керектігін үйрететін жолдарының бәрі алдамшы, иллюзия, дофамин бөлініп, керек нәрсе алдым деген қысқаша уау эффект қана.

деп айтқым келеді де, сосын жұрттың соғып жатқан қамалын бұзбай-ақ қояйын, өз таңдаулары ғой деймін.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

208

obunachilar
Kanal statistikasi