Qalam men paraq🕊🕯


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Бұл—Шабытымнан шыққан,қаламымның жасырын туындылары жазылған арна✨

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Махаббаттағы көрерменнің не үшінші артықтың рөлін сомдауды қою керек еді.


Осы семестр көп еркеледім бе, еркінсідім бе, білмеймін. Бірақ бағаларым түк жетісіп тұрғаны жоқ.

Бара-бара қиындап кетті ма, оқу? Әлде, Фариза оқымай ойының бәрін басқа дүниеге жоғалтты ма? Темірланға барып сараптап, саралау керек.


Тіл, сөз айта алмағанды көз айтады, көзқарас жеткізеді.


Өмір деген – кездейсоқ кездесулер, сосын қоштасулар. Күтпеген орындағы оқиғалар, сосын, тағдырдың тосынсыйларына толы жәйттар.


109-дағы әңгіме:
Сымбат(бөлмелесім)

Ұйықтап қалыппын ғой деп, түскі 3-те ұялмай оянатын досым. Қыста суықта далаға шыққан жақпайды, кемпірлер секілді болып қалыппын дейді.


Бүгін факультетте:
- Есіміңіз Фариза ма?
-Иә
-Бүгін Фариза Оңғарсынованың туған күні ғой? Есіміңіз сол кісінің құрметіне қойылған ба?
- Жоқ ағай. Оңғарсынованың тағдыры ауыр болған ғой, ол кісіге қарап қоймаған есімімді.
-Олай демеңіз, ондай ақынға, олай деп айтқаныңызды естімесін,

дейді зам.декан Бауыржан ағай.


Фаризаға дейін қазақ қыздарының поэзиясында сел сезімі тосқынсыз тасқындаған, сұрапыл да сұңғыла, шынайы да шымыр, батыл да, нәзік те сыршыл ақынның сипаты кездеспеген. Мұқағали жазған Фариза қыз, Фариза апа. Қазақтың Фаризасының туғанына бүгін 85 жыл!✨


Әділдік көкте де жоқ, жерде де жоқ. Сол үшін бұл өмірге өкпем де жоқ.


Бір айтарым:

Өзіңізді сыйламайтын, бағаламайтын, құрметтемейтін адамнан, ортадан қашыңыз! Жәй ғана үнсіз кете барыңыз.

Сіз өзіңіздегі ең басты үлкен құндылықсыз.


Ел боламын десең – бесігіңді түзе.
Ол үшін бірінші әйеліңнің жағдайын түзе.

Мұхтар Әуезовтің бұл қанатты сөзінің жалғасы осылай. Қазір бұл сөзді әркім өзінше балап, түрліше жазып жүр. Айтылған дүниенің түпкі тамырына, мағынасына қарасаңыз басқа.


«Ешбір әке баласына жақсы тәрбиеден артық мұра қалдырған емес»


Хәкім Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, досынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», деген екен.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
“Театр хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.”


Бірінші рет театрға кешігіп барамын.


Менің өмірімдегі ешқашан ұмтылмайтын дүние бір адамды 8 жыл бойы жақсы көруім.

О,Құдірет! Адам-адамды мұншалықты ұзақ, сағына жақсы көруші меді?!


Осы мен өзіме тым көп жауапкершілік, ауыр жүк артып алмаймын ба?

Нәзіктік, әлсіздік секілді қасиеттерімді өшіріп тастағандаймын.🙂


Көп дүниені ақтарыла айтқым келеді, бірақ айтудан қорқамын.

Болашаққа деген арман, мақсатыммен бөлісуден қорқамын.

Армандарыма жете алмай қаламын ба, өмірімді бос өткізіп аламын ба, деп қорқамын.

Отбасымның маған деген үмітін ақтай алмай қаламын ба, апамның жүзіне күлкі, жүрегіне бақыт сыйлай алмай қаламын ба, деп қорқамын.

Махаббатымды, өз адамымды жолықтыра алмай қаламын ба, деп қорқамын.


Арман бар, бірақ арманға деген ұмтылыс жоқ…


Möltyl/Мөлтіл dan repost
Кеше ғылыми кеңес болды. Бізден ғылыми идеяң, ізденісің, нәтижең, жиған білімің емес, университетті қалай “пиарить” етіп жүргенің сұралғандай алагөбең күйде қалдым.

Негізі мынандай бір құбылыс бар. Сені орға жығар, жардан құлатар қауіпті құбылыс:

Адамның саф идеясы, потенциалы емес, пысықайлығы, ширақтығы, мойынсеріктігі бағаланатын ортада даму болмайды.

Академиялық бағалау “жылы, жайлы, тәтті қарым-қатынаспен” өлшенбейді.


Бар өмірім кітапханада өтіп кетпесе болды.

Сабақтан, сессиядан шаршадым шыны керек.)

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.