Қарындасқа насихат…


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan



Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Қоғамда көптеген бойжеткендердің ағасы, әкесі бола тұра қамқорлықсыз қалып жатқанын көреміз. Тұрмыс құрған соң “қателесіппін” деп жатқандар да бар. Тәп-тәуір қызды алдап жүрген жігіттерді көріп жүрміз. Сол біздің кемшіліктен қазір өкінішке орай “болашақ күйеуім қазақ болмаса да болады” - деген де ойда жүрген қарындастарымыз бар. Ал жігіт табылса, оны тексеріп, қорғап беретін аға мен әке өз қыздарымен эмоцияналды жақындық жоқ. Осыларды көре тұра, бұл арна сол қарындас, әпкелерге бір керегіне жарар деген мақсатта ашылып отыр. Мұнда ер жігіттің ойлау жүйесі, тұрмыс құруға дейінгі дайындықтар туралы айтылатын болады. Біздің айтатын сөзіміз 100% ақиқат (уахи) деп айта алмаймыз. Тек біздің ой, тәжірибе. Абай атамыз айтпақшы “керегін алар, керек емесін тастар…”

“Мен ашпаймын арнаны ермек үшін
Жоқ барды, ертегіні термек үшін
Сұлу еткен ақылы мен ұяты
Жаздым үлгі бойжеткенге бермек үшін…” -деп Абай атамызға ұқсап бағайық дедік, оған бола ол кісі ренжімес:)

1 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.