Қыркүйектің аяқталуына да аз қалыпты ғой) Айға, жылға есеп жазатындардан емеспін, алайда бұл ай өзіндік ерекшеліктерімен есте қалады. Қаншама жаңа таныстық, жаңа кезең, жаңа бағыттар✨
1 ай оқуда әлі 4 - курс екенімді сезіне, қабылдай алмай жүрмін(тек дипломдық жұмыс еске салады)
Енді ғана студенттік кезеңімнің қызуы басталғандай.
Тағдырыма риза боламын, әйтеуір бір бұрылыста бір бақыт дайын тұрады. Осы айдағы бақыт- Аида апай. Әр сабағында тек сол пәнді емес, өмірлік білім де береді. Каййф кісі✨ Ол кісіні көрсем, өмірге деген құлшынысым артады. Кез- келген ортада "Ақерке саған сенем ғой, болашағыңнан күтетінім көп" деп жігерлендіріп, кейде досым болып сырласып, кейде әпкемдей қолдау білідіріп, мәселелеріме көмектесіп, тіпті "Қозы, сары қызым" деп еркелетіп жүреді 🤍 Көзіңе қарап-ақ ұғына алатын жан.
Өзі сайыстарға да, қайырымдылыққа да мені шақырып, жетелеп жүр. Үйге деген сағыныштан құлазығанда сол кісі ерекше демеу✨
Өміріңде бір сондай көзінен мейірім, жүзінен жылулық, сөзінен адамдық сезіліп тұратын жан болса бақыт екен ғой. Мен де барынша біреуге сәл де болса, жақсылық, жылулық, мейірім сыйлай алатындай адам болуға тырысып жүрмін🤍
Сендерге де айтарым, біреудің бақытты сәтінің кішкентай бір бөлігі бола алсаң, сол да үлкен бақыт, қуаныш(Оны мен Арнаттың туған күнінде ерекше сезіндім, түсіндім)
Соол, соны айта салайын деп)