Дос деген кім?
Дос-сені барыңмен қабылдай алатын, сенің мұңыңды түсіне білетін, ішкі сырыңды сеніп тапсыра алатын жан. Достықты әркім әрқалай түсінеді, және әртүрлі сипаттама береді. Кейбіреулері үшін «Дос» тек көңіл көтеретін немесе уақытты көңілді өткізетін құрал ретінде болса, кейбіреулері «Досты» өміріндегі ерекше орын алып тұрған бөлікке жатқызады. Қазіргі таңда «Дос» деген сөздің қадір-қасиеті қашып бара жатқанын байқаймыз. Қиын сәтте қолдау берген адамды бірден жақын дос ретінде қабылдап жататынымыз жалған емес. Сонда «Нағыз дос» қандай болмақ? Оның менің ойымдағы бейнесін ашып жеткізейікші. Жалпы достық қайдан туындайды? Ол екі адамдың арасындағы өзара қызығушылықтарынан, ұқсастықтарынан,ортақ көзқарастарынан туындайтын қасиет. Әр нәрсе қиыншылықсыз болмайды. Сол секілді достықтың да жақсы тұстарынан бөлек ауыр тұстары да бар.
Сол себепті адал достың ең бірінші, маңызды қасиеті - қиын кезеңдерді сабырмен, бірге еңсере білу. Мұнара салсаң фундаментін дұрыстап қала демекші, шыдамсыз, ұрыс-керіс бола қалса бірден шешім қабылдап, ат-тонын ала қашатын адаммен достық ұзаққа созылмайтынын айта кеткен артық болмас.
Дос ең алдымен өзін жақсы көруді емес саған өз-өзіңді жақсы көруді үйретеді. Өзге адамдармен қарым-қатынаста өзіңе деген махаббат өте үлкен рөл ойнайды. Соны түсініп, алған ілімін жеткізе білу де өнерге жатады.
Шындыққа тік қарап, сенің кемшіліктеріңді айтатын адам – сенің қамыңды ойлайтын жанашырың. Бұндай сәттер басымыздан өтсе, реніштің бұл жерге орынсыз екені анық.
Досын бәсекелес көрмеу. Яғни, өзінің досынан қарсылас көрмей тең дәрежеде екенін ұғыну. Қандай іс-әрекет болмасын досынан асып түсуді, озуды аңсайтын адамды дос деп есептеуге тіпті келмейтін секілді.
Әрине, достардың барлығы бұндай болуға тиісті емес. Егер шын жүрекпен досыңды жақсы көрсең, оның сен үшін қымбат екеніне сенімді болсаң, ол сен үшін жақын дос болып қалады. Бір-бірінің арасындағы түсініспеушілік, тіпті достықтың бұзылуына алып келіп соғатын жағдайлар жиі болып тұрады. Сол себептен бір-бірімізге түсіністікпен қарап, әрқайсысымыз өз орнымызды білген абзал. Уақыт өте келе ұмытылып кететін түсініспеушіліктер үшін жанымызға жақын адамдарымызды жоғалтып алмайықшы! Достық адамзаттың бөлігі, кез-келген адамға жанашыр достарын табуға тілектеспін.