А вы точно учитель?


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Канал про жизнь и образование

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Танысайық-та?

Менің атым Диас ұстаз.

Мен JOO HIGH SCHOOLS мектептер желісінде Профориентация (School Counselling) қызметіне қараймын. 3-ші жыл JOO-дамын.

Жалпы білім саласында 8 жыл. Narxoz University, Satpaev University, ACIT колледжі, Bilimkana, IQANAT мектептерінде, сонымен қатар бизнес саласында тәжірибе жинадым.

Бірақ тәжірибе бұл қанша жыл жұмыс істеу емес, осы жылдарда кездескен проблемаларды қалай шештім деген нәрсемен өлшенеді.

Өте көп жағдайлар болды. Сол проблемаларды қалай өттім және тәжірибе туралы и конечно приколдарды осы каналда оқисыңдар.

Ертең ахиретте жай уақыт өткізбей, осы каналды оқып, көп жақсы нәрсе алдым деуге болады.

Ладно, осы каналды достарға бөлісіңдер, әлемге таратып жіберіңдер.

Контент үш тілде болады.


ҰБТ 😱

Қазіргі жоғары мектептердің басты мәселесі – Ұлттық Бірыңғай Тест.

Жалпы ҰБТ-ға оқушы бірінші сыныптан бастап дайындалып жатыр деп ойлау керек (так и запишите :)

Мектепке біз білім алуға барамыз, ал сол алған білімді ҰБТ-да көрсетеміз. Сондықтан жыл сайын оқуды бақылау керек, ақырында миллион репетитор жалдаудың қажеті болмайды. Алаңдаушылық аз болады.

ҰБТ өмірдің бір кезеңі ғана. Мен білім саласында 8 жыл жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде неше түрлі жағдайларды көрдім. Кейбіреулер күшті тапсырады, кейбіреуі мүлдем тапсырмайды. Бірақ олардың барлығы да мықты адам болып шықты. Олардың өмірі әр түрлі, бірақ бәрі жақсы жұмыс істеп, өз жолын тапты.

Әрине, сіз оқушының өмірінде стресс болмауын қалайсыз, алаңдаусыз болуын қалайсыз, бәрі чики-пуки болғанын қалайсыз.

Бірақ оқушылардың бәрі бірдей болмайды ғой, олар 11-сыныпта давленияны басқаша қабылдайды. Неше түрлі ужыс нәрселерді көрдім: үйден қашқандарды, суицид жасағысы келгендерді, қарғыс айтқандарды, қатты жылап ашуланғандарды. Бұл ата-ананың шектен тым шығып, былай айтуы: "Сен адам болмайсың, тек 5-ке оқуың керек!".

Балалар - өзіміз жасаған (ешкім мәжбүрлемеді если что) ең сүйікті жаратылыстар, сондықтан ешқандай ҰБТ балаға деген көзқарасымызды бұза алмайды. Қалғандары айта берсін. Бірақ сіз балаңызды жақсы көруіңіз керек, оны қолдауыңыз керек. Сонда оның дайындалуға шабыты ашылады, және демалысқа уақыты болсын.

Тек оқумен демалмай жүрсе, жаңа жылға дейін выгорание болып кетеді. Сондықтан дайындық пен демалысты кезек-кезек жасау керек.

Ата-ананың ең жақсы көретін сөздері "ата-ананың үмітін ақтау", "сүтін ақтау", "біз оны өсірдік, ол бізге қарыз ғой"...

Бірақ неге? Біз жаңа өмір бердік. Бұл оның әлемі. Бұл оның жеке өмірі.

Бір қуанатын нәрсе, біртіндеп ата-ана ҰБТ-ға спокойна қарай бастағаны. Гэп йер алайық дейді, келесі жылы тапсырамыз дейді, түсінетін ата-аналар көбейе бастағаны күшті.

Құрметті ата-аналар, басты кеңес – балаларыңызбен көбірек сөйлесу, оларды жақсы көру.

Олар бізде бар ең қымбат дүние! Қалғаны ойдағыдай болады.

Ата-анаға тапсырма :) демалыста балаңызды оның ең сүйікті кафесіне барып, мороженое жеп, осы постты талқылаңыз.


Всем привет! Добро пожаловать на мой канал А ВЫ ТОЧНО УЧИТЕЛЬ?

ЗДЕСЬ БУДУ ПИСАТЬ ПРО ПРОФОРИЕНТАЦИЮ, ОБРАЗОВАНИЕ И СТОРИТЕЛЛИНГ.

3 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

79

obunachilar
Kanal statistikasi