Ұшқын


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Айтпақшы
- Сен Абай, Мәшһүрді де білмейтін шығарсың - дейді әлгі ата маған))

Не дейін?) Бірін темірқазық, бірін әулие санағанымды қайдан білсін ол…


- Бала кезіңнен намаздасың иә?
- Иә
- Өмірде түк қызық көрмеген екенсіңғой онда. Міне мыналардың бәрі отыр екі-үш дипломы бар, жастығында не істемеді. Көрді-ау қызығын…
- Сонда не өмірдің қызығын көру үшін арақ ішіп, бүліну керек па?
- Жоқ енді…

Қонақта. Сектендегі қариямен диалог…

Ал сіз, оқырманым, өмірдің қызығын көріп жатсыз ба?))


Жылусыз қалған үйлердің алғашқы құрбаны да белгілі болды.
Екібастұздағы жер үйлердің бірінде тұратын 29 жастағы азамат жылу өшірілген күні даладағы жылу құбырымен арпалысып жүріп, өкпесіне суық тигізген. Құбырды жылытуға әрекет жасаған ол тоңып-жаураса да далада жүріп қалған. Ауруханаға жеткізгенде, дәрігерлер пневмония диагнозын қойды.
Марқұмның артында бір баласы қалды. Ертең денесін жер қойнына тапсырады.




Бұзықтар

Валентин Гафт

(аударған Масғұт Нұрмағамбетов)

Ол бұзық емес
Қорықпаңыз, шешей,
Жолшыбай тимес ешкімге.
Осындай жастар
Соғыста кеше
Танкінің жолын кесті де.
Осындай жастар
Жол-көпір салған,
Канал мен шахта қазғандар.
Киімі кіршең,
Жандары таза
Қиындық кешкен арландар.
Не деген пиғыл –
Қит етсе наган?
Не деген әдет – тіземен ию?
Маяковский бұзық –
Ол да бір арлан,
Өмірден кетті Есенинің.
Тиынға біздер
Иілмес үшін
Нақұрыс топты жүрді ғой бұзып
Өмірден кетті
Шалдуар Шукшин,
Өмірден кетті Высоцкий бұзық.
Сырқаттарымзды
Кетті олар ала,
Тіріміз біздер – жоққа олар батты.
Жанып тұр Жұлдыз
Аспанда жаңа,
Әрине, оны бұзықтар жақты.

Астана
05.05.2021.


Оқырмандардың бәрі жақсы түсінді. Үнемі түсінбейтін біздің әдебиетшілер ғана.

“Мені халқым бағалаған!..” Мұхтар Мағауиннің “Алтын орда” апталығына берген сұхбатынан үзінді.

PS: Әдебиетшілердің түсінбеуі іштарлығынан-ау…


Адамдар алдындағы ұятты Сенің алдыңдағы ұяттан жоғары қойдым. Кешіре гөр, Жаратқан!


Жасаған күнәнің зорлығына емес, оның шығынына қамықсаңыз, адастыңыз.


Маған Абай — шамшырақ


Тәубеңізден айрылып, уайым кернеп, бойыңызды үрей шалса не істейсіз? Қалай жұбанасыз, қалай ақиқатыңызды табасыз? Өзіңізге қайтып ораласыз?


Тірлік түйіні
Абай 45-ші қарасөзінде “ Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат құдайға лайықты дегендігі. Адамшылықтың алды - мазаббат, ғаделет. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан Тәңірінің ісі”,- деп жазады. Демек, бүкіл тірліктің түйіні осы екі мәселеге тіреліп тұр ғой!
Түйінді тарқату үшін кез келген қоғамда махаббат пен әділет салтанат құруы керек екендігі көрініп тұрған жоқ па?!


Ел едің, Екібастұз, еңсең биік,
Барады ішім менің сенсең күйіп.
Онсыз да жаным жүр ед жылына алмай,
Жараспай кетті мүлде көрсең сиық!..

Мен-дағы Екібастың бір шыбығы,
Ішкенім уайым суы, мұң шырыны.
Бетімді қарып өтті күннің емес,
Биліктің бейбірекет тіршілігі!

Санамда менмұндалар сарсаң үміт,
Сейілмей қайтем енді қалса күдік?
Жылуын бар қазаққа тарататын,
Қала отыр жылытқышпен жан шақырып.

Түгендеп қарияны жалғыз қалған,
Ықтағым келді бәрін әлді ызғардан.
Құшаққа ап жылытайын бәріңді елім,
Құрсаулы қамал – көңіл – қар-мұздардан!

Уай билік, шекпен емес шерді жауып,
Шырмауға салдың сонша елді нағып?!
Сызы өтті мұздақ үйдің жүрегіме,
Жылуы енді кәдік, енді кәдік!..

ЕА






“Ескі күндегі есімдер” атты кітабымды жаза бастадым.


Бар нағашым - бір төбе. Әлия апам - бір төбе…


Астана. Бүгін нағашы апамның үйіне бардым. Жүрегім елегізіп тұр. Көзіме жас үйірілді. Жаным құлазыды. Мен бұл үйден біреуді іздеуім керек қой? Біреуге қолдау сөз айтып “Тамақ ішу керек. Аз болса да”, “Құдай шеберғой, сауығып кетесің әлі!”, “Сен мықтысыңғой” деуім керек едіғой… Көңілім сөйдейді… Бірақ рухына бір Фатиха және Мүлк. Жаның жәннатта болсын, ардақтым.


Нағашымның сыйлығы)


25 лет назад С.Кондыбай в книге "Жауынгерлік рух кітабы" объяснил, что казахи не целуют знамя, а маңдайына тигізеді. так же с другими сакральными реликвиями. Лоб - это очень значимо в казахской культуре, на лбу написана судьба человека, его будущее. Недаром взрослые ребенка не целовали раньше, а нюхали лоб.
Целовать знамя не эстетично . Особенно у некоторых людей почему-то не эстетично получается.
Рукопись осталась не завершенной, после смерти автора ее подготовила к изданию сестра Серикбола Балсулу Кондыбай. У Серикбола в книге есть и другие забытые ритуалы, термины воинской культуры казахов, этический комплекс казахских батыров и т.д. Но ни одному министру обороны книга не понадобилась.

Зира Наурызбайдың парақшасынан


Біздің көбіміз бақытты көтере алмаймыз - жақыныңның бақытын айтам.

Марк Твен

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

38

obunachilar
Kanal statistikasi