ТҮНГІ ОЙЛАР 🤍


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Автор: Нұрмұхаммед Бердиярұлы
✅Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа пайдалы дүниелер болады...
✅Канал жұрт пайдасына жараса, мақсаттың орындалғаны, ал қажет етпесе өз сөзім өзіме....

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


✅Халифа Омар ибн Аль Хаттаб (р.а.) әйелі Атикаға мискті өлшеуіне рұқсат бермегені.

Бірде Омарға (Аллаһ оған разы болсын) Бахрейн елінен миск және анбар деп аталатын хош иістік заттар әкелінеді. Сонда Омардың: «Аллаһпен ант етейін, мен мына хош иістерді мұсылмандарға бөліп беруім үшін, оны дұрыс өлшей алатын бір әйелді табуды қалаймын», - дегенін естіп, әйелі Атика бинт Зәйд ибн Амр ибн Нуфәйл оған: «Мен де жақсы өлшеймін. Қане, оны мен өлшеп берейін», - дейді. Бірақ Омар: «Жоқ», - деп, мұнымен келіспейді. Әйелі: «Не үшін?» - деп таңғалғанда, ол: «Негізінде, мен сенің оны ұстаған соң, былай жасап, мойныңды сипауыңнан, осылай өзімнің оны мұсылмандардан көбірек пайдалануымнан қорқамын», – депті.

📚 Имам Ахмад, “әз-Зуhд” (11-бет); “әт-Тарих әл-ислами” (19/30).


Оның көзқарасында, мен ғана сезіп біле алатын бір ерекшелік бар ❣️


Жандос пен Мадияр бір жылда, бір күнде туылған, түйедей құрдастар. Жандос пысық бала болып өсті. Пысық болғанда қалай, жұмыс жасайтын орнындағы басшыларға жәркелештеніп, туфлиінің қырына дейін жалап-сықтап ортасында тез өсті. Ә бұл айтқандай пысықтық емес, надандық екен ғой. Сонымен өзі де кішігірім бастық болған уақытында, өзі секілді жәркелештерді ғана қасына жинап, топтастырып, арамға (жұрттың хақысына қол салып) өз қарнын (отбасы мен сыбайластарын) ғана томпайтатын болды.

Ал бұл уақыттары Мадияр өз тілінен бөлек 5 тілді еркін меңгеріп, полиглот атанып, қоғамға пайдасы тиер шет тілдегі кітаптарды қазақшаға аударып жүрді. Және қосымша тіл үйрету курстарын ашып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Хақ дидарын көздегендіктен болар, өзі қаржылық қиындық көріп жүрсе де, жиған-терген білімінен көп жастар үлес алсын деп, дәріс ақысын қолжетімді қылды.

Асылы екеуі бір уақытта, бір күннің астында, бір жерді басып тіршілік етіп жүр. Біреуі Хақтан үміт етіп, сауапты амалдар жасап жүрсе, екіншісі таңнан қара кешке дейін қарнын боқ пен отқа толтырумен әлек.

Сен осы екеуінің қайсысына көбірек ұқсайсың досым?

📚Н.Аспандияр “Жазылмаған кітап”…

#боққарын #өзқамы #арамас #жұртқамы #хақдидары


Бұл әлемнің кереметтері көп.

Мысалы сен….


Мадиярдың көпшілік таныстары, достары өзгеріп кетіпті. Дүниеге бір табан емес, бірнеше табандап жақындай түскен сияқты. Оларды көргенде танымай қалды…

Ал тек бір ғана танысы дүниеге емес, жан тазалығына, Хаққа қарай бағыт алғанын аңғарған Мадияр, өзінің оған қалай тез ғашық болып қалғанын сезбей де қалды…

📚 Н.Аспандияр “Жазылмаған кітап”


✅Әл-Фаруқ халифа кезінде адамдарға он екі жамауы бар изар киіп тұрып құтпа жасаған.

📚 Имам Ахмад, “әз-Зуhд” (124-бет). Бұл хабарды күшейтетін басқа да риуаяттар бар.


✅Ияс ибн Сәләмә әкесінің: «Бірде мен базарда жүргенімде, жанымнан Омар (Аллаһ оған разы болсын) өтті. Ол бір шаруамен жүр екен. Қолында қамшысы бар еді. Ол: «Жолдан былай тұр, ей, Сәләмә!» деп, мені қамшысымен жай түртіп қалды және қамшы менің киімімнің шетіне ғана тиді. Мен жолдан былай тұрдым да, ол үндеместен өтіп кетті. Содан келесі жылы Омар мені базарда жолықтырып қалып: «Ей, Сәләмә! Сен биыл қажылық жасауды қалайсың ба?» деп сұрады. Мен: «Иә, уа, мүміндердің әміршісі!» - дедім. Ол мені қолымнан ұстап, жетелеген күйі үйіне кірді де, ішінде алты жүз дирһамы бар дорбаны ұсынып: «Ей, Сәләмә! Мынаны пайдалан және біліп қой, бұл менің былтырғы жылы өзіңді түртіп қалғаным үшін», - деді. Мен: «Аллаһпен ант етейін, уа, мүміндердің әміршісі! Сен есіме салғанға дейін оны ойыма да алған емеспін», - деген едім, ол: «Аллаһпен ант етейін, мен оны әлі ұмытқан жоқпын», - деп айтты», - дегенін жеткізген.


📚 “Тарих әт-Табари”, 4/244. Бұл хабардың иснадында әлсіздік бар.


✅Омар ибн Аль Хаттаб (р.а.) : “Тозақты жиі естеріңе алыңдар. Шындығында оның ыстығы қатты, түбі терең, ал күрзілері темірден”, - дейтін.

📚 “Фәрәид әл-кәләм ли әл-хулафа әл-кирам”, 155-бет.


Қазіргі таңда орамалын тағып сырт көзге көрінбеуге тырысып, әлеуметтік желілерде өзін барынша көрсетпей жүрген қарындастарыма таң қаламын. Осындай қиын заманда өзін сақтап жүру де өте үлкен ерлік дер едім. Алла сіздердің тақуалықтарыңызды арттырсын! Сіздерден елдің жоғын талмай жоқтайтын салиқалы тұлғалы ұландар шығуын нәсіп етсін! (Әмин)

(с) Уәли Ибрахим


Мен оған суық күндері мойнына шарф орағаным үшін қуаныштымын 😇


Ол кездейсоқ құмырсқаны басып кетсе де соны уайымдап жүреді, бұндай адам көрдің ба?!…


Көрнекті бір ғалымның: “Ақиқатында, Аллаh әділ мемлекетке кәпір болса да көмектеседі. Ал әділетсіз мемлекетті мұсылман болса да көмексіз қалдырады…

Әділдік арқылы адамдардың жағдайлары түзеледі, және әділдік арқылы байлықтар артады” деген сөздері бар.

📚”Әс-сияса әш-шарьия”, 10-бет.


Сен де мені менше сүйе алғанда,
Құдай бізді қосар ма еді кім білсін?

(с) жалғыз жолаушы


Адам өзгереді деп аса көп үміт етпеу керек, жүрекке салмақ түседі. Сол күйінше қабылдай алсаң қабылда, яки болмаса еркіне жібер.

Адам өзі өзгеремін деп тырмыспаса нәтиже болмайды. Бірақ айту парыз, көмек ету сауапты амал!…


✅Әбу Мұса әл-Ашғаридің (Аллаһ оған разы болсын): «(Бірде) мен Мәдинадағы бақтардың бірінде Пайғамбармен бірге болдым. (Бір кезде) бір кісі келіп, қақпаны ашуды сұрады. Пайғамбар (ﷺ) (маған): «Оған (қақпаны) аш және оны жаннатпен сүйіншіле!» - деді. Мен (қақпаны) ашсам, ол Әбу Бәкір екен. Оны Пайғамбардың айтқанымен сүйіншіледім де, ол Аллаһқа мақтау арнады. Сонан соң (тағы) бір кісі келіп, (қақпаны) ашуды сұрады. Пайғамбар (ﷺ): «Оған (қақпаны) аш және оны жаннатпен сүйіншіле!» - деді. Мен (қақпаны) ашсам, ол Омар екен. Оған да Пайғамбардың (ﷺ) айтқанын хабарладым да, ол да Аллаһқа мақтау арнады. Содан кейін (үшінші) бір кісі (қақпаны) ашуды сұрады. (Пайғамбар (ﷺ)) маған: «Оған (қақпаны) аш және оны бәлеге ұшырағанынан кейінгі жаннатпен сүйіншіле!» - деді. Ол Осман екен. Мен оған Аллаһ елшісінің айтқанын хабарладым. Ол да Аллаһқа мақтау арнады және: «Жәрдем Аллаһтан тіленеді!» - деп айтты», – дегені риуаят етілген.

📚 “Сахих әл-Бұхари”, 3693-х.


Әй, бойдақ жан, Раббыңнан сұрай бер жартыңды, Раббың Өзі таңдап береді саған…

Сөзге мән берші, Раббың таңдап береді….


Кітап берген әсерді, кино бере алмайды. Кино-сериал қарай бермей, кітапты көбірек оқыңыз!

Ал жалғыз оқығын кітаптың әсері, жан-жарың мен (жұбайың) бірге оқыған кітаптың әсеріне, әсте жетпесе керек!


✅Хиджаб киіп бастаған әпке-қарындастарымыздың оқиғалары. #15

Әжем кішкентай кезімде Фатиха сүресін жаттатқызған. Соны кейде айтып жүретінмін. Намаз оқитын туысқан ағам да бар еді. Ол кейде маған дін туралы насихатын айтатын. Бірақ мен мүлдем мән бермегенмін. Мешітке құран оқу дәрісіне алып барса да, шын ынтамен қарамадым.

Мен негізі музыканы көп тыңдайтынмын. Қысқа юбка киюді, шашымды түрлендіруді жақсы көретінмін. Бір күні біздің үйге біреу қазақша түсіндірмесі бар Құран әкеліп қойды. Рамазан айы болғандықтан оқығым келіп кетті. Сол кезде 1курсты бітіріп, үш ай демалыста жүргенмін. Сөйтіп душтан шығып, қолыма Құранды алып, оқи бастадым.

Далада жаңбыр жауып тұр. Бөлмеде жалғыз өзім. Аяттарды біртіндеп оқып жатыр едім, кенет жылай бастадым. Көзімнен жас тыйылар емес. Өйткені бұған дейін ондай сезімді бастан кешірген емеспін. Содан әр түні ұйықтай алмайтын болдым. Көзім ілінбейтін. Ішкі жан дүнием тыныштық таппайтын. Сөйтіп намаз бастаймын деп шештім. Бірден музыканы да тастадым. Бұрын қалай тыңдай бергеніме таңғаламын. Намаз бастаған сәтімде күнделікті өмірімде хиджаб кимеймін деп ойлап жүрдім. Дегенмен тек намаз оқып, намаздан соң хиджаб кимегенім үшін өзімді екіжүзді адам сияқты сезінетін едім. Анама хиджаб туралы айтсам, «Ол біздің киім емес. Кемпір болайын дедің бе? !» – деп ұрыса жөнелетін. Бірақ мен берілмедім.

Сол сәтте көмекке ауыл имамының әйелі келді. Ол менің рухани ұстазым болып, бағыт-бағдарын беріп отырды. Ата-анам ол кісінің дәрістеріне тыйым салса да, әртүрлі жолдармен баруға тырысатынмын. Өмірімнің ең жарқын сәттері сол кезде өтіп еді. Таңертең күнде сабақ өтіп, құран жаттайтынбыз. Ол кісі маған батасын беріп, хиджаб киіп бастауымды ұсынды. Сөйтіп қалаға кетерде ұзын көйлек пен орамал сатып алып, колледжге бардым. Кешігіп барғаным себепті бәрі маған таңғала қарады. Апай: «Сізге бұлай жүруге рұқсат берілген бе еді? » – деп сұрады. Жылағым келіп, не дерімді білмедім. Шешуімді талап еткен соң, сабақ уақытында хиджаб тақпауыма тура келді. Әкем үндемеді, ал анам күнде «кемпір» деп кекетіп, шу шығаратын. Ауылдағы ата-анамның достары әлі күнге дейін «вахабист» деп кінәлайды. Қарсылықтар болса да, берілмеуге тырысамын. Раббымнан ата-анама һидаят беруін сұраймын. Бұның бәрі уақытша сынақ деп ойлаймын. Раббыма сансыз мақтаулар болсын!

📚 “Oramal men Qazaq” Zhandos Kabiden (сауалнама анонимді алынғандықтан, аты жөндерін білмейміз)




Мың жанардан, бір жанарды іздедім…

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

92

obunachilar
Kanal statistikasi