ЖАЙЫҚ ПРЕСС: БҚО-ның ресми жаңалықтары - официальные новости


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


БҚО-дағы басты жаңалықтардан xабардар болыңыздар

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Суточная мощность ПЦР-тестирования увеличена почти до 90 000 исследований в сутки в Казахстане. Об этом сообщил министр здравоохранения РК Алексей Цой на брифинге в СЦК.

Подробнее на сайте zhaikpress.kz


Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Алина Қасым «Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП-100 студенті» жобасына белсене қатысып, республикалық байқауда топ жарды. Аталған жоба елімізде екінші жыл өткізіліп отыр.

Жеңімпаздарды онлайн конференция арқылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова құттықтап, студент жастарды ашық диалог алаңына шақырып, олардың өз ойларын ашық әрі еркін жеткізулеріне мүмкіндік туғызды.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Жәдігер шерткен сыр

«Ақмаңдай ару жылайды,
Көз жасын көл ғып бұлайды.
Ақындар асып туғанмен,
Жұлдыздай ағып құлайды...
Ақын боп туған асыл тек,
Көрмедің әсте бас іркеп.
Махамбет бабаң рухымен,
Жандың да кеттің Асылбек...» ( Мұнайдар Балмолда)

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Астық аста-төк, нан неге қымбат?

Жасыратыны жоқ, екі адамның басы қосыла қалса, базардағы бағаны базына қылып, қымбатшылыққа қынжылады. Өйткені, «үйдегі есепті базардағы баға бұзады» деген қазақта сөз бар. Қысқасы, арқаны мұздатып, қалтаны қаққан нарық бағасы биліктің де, халықтың да ырқына бағынар емес.

Жыл өткен сайын зат бағасының өсуі үрдіске айналды. Күн сайын тұтынатын тауарлардың бағасы шарықтап кеткені халықты ашу-ызаға булықтырмай қоймайды. Қазір ел арасында осы мәселе әңгіме болуда. Біреулер ұнның бағасының күрт өскендігін айтса, екіншілері қарапайым нанның қымбаттағанын сөз етуде. Базар бағасының тұрақсыздығы халықтың ұйқысын шайдай ашатыны үйреншiктi әдетке айналды. Әсiресе, жұртты алаңдататыны күнделiктi тұтынатын азық-түлiктің бағасы. Жұрт аурумен арпалысып жатқанда, елімізде азық-түліктің бағасы күрт қымбаттап кетті. Бүгінде ауданымыздағы көптеген дүкендердегі, базарлардағы тауар бағасын көріп, жағаңды ұстайсың.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Бірлік – Жаңақала аунанына қарасты ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығынан солтүстік шығысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан. Жері жусан аралас әртүрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды, қоңыр сортаңды және сор топырақты құрғақ далалық белдем деуге болады.

Батысында Көшім өзені ағып жатыр, Жалтыркөлге құяды. Көлдері: Жалтыркөл, Қоғалы, Еділсор, Кебір, Байжан. Каналдары: Сәңкібай, Еділсор, Мұрын, Айғыр, Көшкен. Өсімдіктері: мортық, киікоты, мия, сүттіген, түйешетен, жусан, алабота, жантақ. Табиғаты аң мен құсқа, суы балыққа бай.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


В Западно-Казахстанской области сдан в эксплуатацию автодорожный проект капитального ремонта трассы «Чапаево-Жалпактал-Казталовка-гр. РФ».

В мероприятии приняли участие глава региона Гали Искалиев, представители АО «НК «КазАвтоЖол», жители района, местные исполнительные органы, представители инженерной службы, авторского надзора и генеральный подрядчик, передает на пресс-службу МИИР РК.

Подробнее на сайте zhaikpress.kz


Соңғы күндері Бәйтерек ауданына қарасты Переметный ауылының тұрғындары «Мандала» атты ойынға ақша салып жатыр. Ойын шарты бойынша, 5000 теңге салып, астыңа тағы екі адам тартсаң, 40000 теңге алады екенсің. Не деген мырзалық? Қажет қаражатты салып, уәделі ақшасын алғандар да бар. Бірақ бұл да осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осындай жүйемен жұмыс жасаған «Ақжол» атты қаржы пирамидасының кебін кимей ме? Оған кім кепілдік бере алады? Естеріңізде болса, «Ақжол» да бастапқыда алғаш салымшыларына үйіп-төгіп ақша берген. Ал жарнамасын естіген адам елжіреп кететін. Естеріңізден шыққан болса, бір салып қоялық.

Сол «Ақжол» «қазақ қазаққа жаны ашуы керек, бір-бірімізді қолдайық, тек өзімізді өзіміз ғана құтқара аламыз» деген сыңайлы әдемі сөздерімен халықты алдап, ақыры соңында біраз адам опық жеп қалған еді. Ал күні кеше елді шулатқан «Гранд ломбард» ше? Бүгінгі сөз болғалы отырған «Мандала» да салымшыларын алдап кетпесіне кім кепіл бола алады? Астарына үңілсең, жауаптан гөрі сұрағы көп.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласы


В регионе проводится систематическая целенаправленная работа по изъятию земель сельскохозяйственного назначения у недобросовестных фермеров.

По информации областного управления земельных отношений, только за последние два года было выявлено 910 тысяч гектаров таких земель. Необходимо отметить, что возврат сельскохозяйственных земель в государственную собственность занимает немало времени.

Подробнее на сайте zhaikpress.kz


Бүгінде қыз-келіншектер үйде отырып-ақ ақша тауып, отбасына қолғабыс етеді. Бірі тоқыма тоқыса, енді бірі түрлі тәттілер пісіреді. Соңғы уақытта тәттілер пісеретін бұрымдыларымыздың кәсібі жүріп тұр деуге болады. Өйткені қазір дүкеннің түрлі қоспаларымен жасалған тәттілерден гөрі таза да табиғи өнімнен жасалған тағамға деген сұраныс артты. Ауылдастарын тіл үйірер торттарымен, дәмі балдай бәліш, пирогтарымен қуантатын Зәмзәм Иманалиева ауданымызға қарасты Достық ауылының талай тұрғынының ризашылығына бөленген жан.

Бөкей ордасы ауданының Бөрлі ауылында дүниеге келген кейіпкеріміз туған жеріндегі мектепті аяқтаған соң арман қуып Орал қаласына келеді. Облыс орталығындағы оқу орындарының бірінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан ол «Үш ұйықтасам да кондитер атанамын деген ой келмеген еді» дейді. Десе де осы күні ұстаздықты қойып, жаңа кәсіпті меңгергеніне еш өкінбейді.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Күні кеше жауған қар ерекше қалың түсті. Бәйтерек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі соңғы күндері негізгі күшті қар тазалау жұмыстарына жұмылдырды. Негізінен әр округ пен аудан орталығындағы негізгі көшелер бойы, жаяу жүргіншілер жолы және аялдамалар тазартылды.

Аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметовтың айтуынша, ауылдық округ әкімдерінің сұрауы бойынша ең алдымен Переметный, Мичурин, Асан ауылдарына арнайы техникалар жіберіліп, қар тазартылған. Ал қалған округтердегі тазалау жұмыстары әлі жүруде екен.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Согласно данным отчета «О работе по исполнению судебных актов» по состоянию на 1 ноября т.г. у судебных исполнителей находилось 254 660 исполнительных производств о взыскании алиментов на сумму 17 244 570 536 тенге, из них взыскано только 2 426 519 642 тенге, либо 14%, передает на Комитет по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК.

Подробнее на сайте zhaikpress.kz


Қараша айының соңғы күндері болғанына қарамастан Бәйтерек ауданы Дариян ауылы көшелерінде тазалық жұмыстары жүруде. Игі іске ынтамен кіріскен тұрғындар «Тазалық табалдырықтан басталады» ұранымен ауыл ішін тазарту жұмыстарына белсенді араласуда.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Теректі ауданында кәсіпкерлік саласын дамытып, өркендету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлер мен жаңадан кәсіп бастаймын деушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен арнайы бағдарламалар да бар.

Бұл кәсіпкерлікті қолдау бойынша барлық бағдарламаларды қолданысқа енгізумен қатар тұрақты жұмыс орындарын құруға және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді деген сөз.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Обучение в 16 школах Каратобинского района Западно-Казахстанской области с начала учебного года ведется в традиционном формате, ученики трех школ района получают знания дистанционно. В каждом учебном заведении есть доступ к интернету.

С учетом эпидемиологической ситуации в регионе обучение в 16 школах Каратобинского района Западно-Казахстанской области с 1 сентября текущего года ведется в традиционном формате, ученики только трех школ в районе получают знания в дистанционном режиме.

Подробнее на сайте zhaikpress.kz


Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және аудандық №23 өрт сөндіру бекеті қызметкерімен бірлесіп, ауданның өзен-көлдерінде қауіпсіздік шаралары бойынша рейд ұйымдастырылды.

Күздің соңғы, қыстың алғашқы айларында өзен-көлдерде, бөгеттерде мұз қату мезгілі басталады. Қысты сарыла күткен көптеген адамдар қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытады. Алғашқы мұз көзге берік көрінгенмен, іс жүзінде тым жұқа және өмірге қауіп төндіреді.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Дворовый клуб в селе Жангала был организован десять лет тому назад по инициативе директора центра внешкольной работы Газизы Сулейменовой.

Свою лепту в развитие клуба внесли и первые руководители: Бауыржан Габдешев и Есенгали Бисекешев. Цель дворового клуба – организация досуга детей, пропаганда здорового образа жизни, формирование и развитие творческой личности.

Подробнее на сайте zhaikpress.kz


В селе Федоровка Теректинского района привели в порядок стадион.
Стадион, которому более чем полвека, посещали в юные годы наши земляки, выдающиеся спортсмены.

Здесь проходили первые тренировки известного казахстанского альпиниста Максута Жумаева, покорившего 14 высочайших вершин мира.

Подробнее на сайте zhaikpress.kz


Карантин - бостандықты шектеу емес, індеттен бой тасалау

COVID-19 пандемиясы жарияланғалы елімізде, облысымызда, тіпті ауданымыздағы ахуалға байланысты шектеулер бірде қатаңдатылып, бірде жұмсартылуда. Шындығы сол, мұны ескерген де бар, ескермей, сауық-сайран құрып жүргенде бар. Тойханалар мен мейрамханалар есіктерін құлыптағаны біраз болғанымен, үйлерінде отбасылық шаралар, мерейтой өткізіп, қызын ұзатып, келінді болып жатқандар жеткілікті. Жақсылық болғаны жақсы ғой.

Дегенмен... Қадірлі қонақтарыңыз кейін ауруға шалдықса, не боларын ойланып көрдіңіз бе? «Отырыстан ауру жұқтырып, өлімді жетектеп әкелсе» деген ой келді ме өзіңізге? Бүгінде облысымыздың бас санитары жаназаның өзіне қатысушылар жиырма адамнан аспасын деуде. Мұны ауданымыздың имамы Қуандық Насыров та құптап отыр.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Ұл-қызыңыз Tik-Tоkқа тіркелген бе? Қолдарындағы смартфондарынан не көріп, не үйреніп жүр? Әлеуметтік желілердің қаупі барын ескерген ата-аналар бұл сұрақтарға мүдірместен жауап берері сөзсіз. Ал күні бойына ересектердің назарынан тыс өз білгенімен жүретін жасөспірімдер тик-токтың құрбанына айналып кетпесе болғаны.

Былай қарасақ, Tik-Tоkатауы көңілге күдік ұялатпағанмен оның ішкі контентін бір шолып шықсаңыз, жағаңызды ұстарыңыз анық. Тіпті, Tik-Tоk-та «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ па дерсіз. Бейәдеп сөздермен былғанған бейнекөріністер, біржыныстылыққа насихаттайтын ашық сюжеттер... фейсбук, инстаграмда мұндай мазмұндағы жазбалар еркін жүктелмейді. Бәйәдеп сөз, анайы көріністер болса, бағдарламаның өзі-ақ автоматты түрде бұғатталып қалады.

Ал тик-токта жүктелетін қандай ма дүниелер сүзгіден өткізілмейді. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан, еріккеннің кері кеткен жазбасы осында. Ал оны қарап, қызықтап жүрген өзіміздің қарадомалақтарымыз...

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz


Ынтымақты елге ырыс қонады

«Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дейтін Б.Майлиннің сөзі әлі де мән-мағынасын жоя қойған жоқ. Ауылдағы ағайынның тіршілігі игі бастамалардың арқасында жанданып, анағұрлым алға баса түсті.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр да қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Ол бізге дейінгі сан толқынның қастерлі ордасы, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Осындай қойнауына құт қонған берекелі ауылдың бірі – С.Меңдешев атындағы шағын округ.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар

zhaikpress.kz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

204

obunachilar
Kanal statistikasi