Тағы да 18+
Салмағым жетпіс. Неғылыпты сәл-пәл қосқаным. Қарын шығарғаным. Семіріпсің демеші. Бәрі айтсын. Тек сен емес. Сенен емес. Шықпасын. Байқаусызда ренжітіп алып жүрерсің.
Менің ернім кезек-кезек екі елі лыпаң да, терлеген мойыныңда жүрген де.Осыны ойлап тұрсың ба?
Ағытпа. Түймеңді, түймемді. Жұлып, жыртып таста. Бізге керегі жоқ бұлардың, әзірге. Көзіңді қадама әр жерге, кіндіктен төменге. Әдетімді білесің ғой. Ерініңді, тәніңді тістелеп кететінімді. Арыла алмай қойдым. Арылғым келмейді де. “Ұятсыз” ,- деп жазғырар, мүміндер, молда-тақуалар. Әдепті- тәрбиелі адамдар не ойлар екен. Тек айтарым екі ақын, бір бөлме, бір төсекке, бір қасық, бір қағаз, бір қаламға таласып қала беруде.
Бәрі жақсы. Қараңғы бөлме. Жылы көрпе. Шимақталған дәптерім. Өзім емес, бұл жолы. Екеуміз шимақтаған. Ақын қалай қағаз, қаламсыз жүрер екен? “-Мен бүгін ақын емес, ақымақпын”. Дейсің бе?
Кездесіп, тығылып, ескі жатақхана бөлмесінде. Асханасы болмаса да, бізге душы болса жетер еді. Ешкімге байқатпай кетеміз жуынып. Бөлмені босатар да махаббат оттарынан. Бірінші мен, емес. Су ысырап. Күн суық. Бәрін бірге. Дым болмағандай тастап кетейік. Бізсіз де жасалып жатқан күнә, емес пе? Өлтіру, ату, өсектеу, қорлау, алдап-арбау мұның бәрі аты жаман күнәләр. Біздікі де күнә. Болашағымызға апаратын. Бірақта. Жасама. Менсіз мұны.
Терезеге қарашы. Алматының таулары. Жолға қарашы. Біздегі бақыты жоқтар. Асығуда. Бақытына. Сен асықпайсың. Бәлкім бақытың жаныңда?
Бәрі жақсы. Бірақта ең жаманы екі ақын қалғаны бір бөлмеде. Бір шумақ, екі, үш шумақ емес, дәптерлер. Бітер емес. Қағазың. Қалауың. Сөздерің. Синониммен қоса басқа да -нимдерде. Ұйқасың да. Біреу білмей оқыса. Айтар бәлкім. Сөз саптауы жақсы екен. Сөздік қоры бай екен. Әрине. Білмейді. Екі ақын бір бөлмеде қамалғанын.
Жоқ. Енді мен жүздескім келмейді. Кездескім келмейді сенімен ешқашан. Мен бұлай. Біреудің үйінде. Бір күндік пәтерде.
Жылы үйде отыршы сүйсініп. Өзіңе ұқсайтын кішкентай балаға.
Тағы да айтамын Алмас Темірбайдай.
Айтысып жүрерміз кейін біз, осылай құшқанымызды.
Сіздерге айтарым қалмасыншы екі ақын қамалып, бір бөлме де.
Ескерту: Күнә кіші, үлкен емес. Жасырын, жария емес. Бірі, бәрі жасаса да. Аз, көп, бір-ақ рет емес.