Үш Аймақ қазақ зиялы қауымының арасындағы ұлтшылдық пен тұраншылдық идеяларының таралуы және олардың арасындағы ұлтшылдық идеологиясының триумфы:
#tarih
@Ergenekon_kz
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Түркістандағы қазақ интеллегенциясын екі түрлі атап айтқанда, түрікшілдер және ұлтшылдар деп таңдап қарастыруға болады. Себебі, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Алаш қозғалысы мен Алаш идеясынан бөлек Шәуешек пен Құлжа өңіріне панисламизм және пантүркизм идеясы белсенді таралды сонымен бірге қолдау тапты. Алаш автономиясы үкіметімен бірге Түркістан мұқтариятының жариялануы, оның орнын Түркістан АКСР-дың басуы және 1922 жылдары Түркістан АКСР-дың қытаймен шекара сауда қатынастарын қалпына келтіруі т.б. сияқты тарихи оқиғалар Құлжа мен Шәуешек қалаларына идеялық ықпалын жүргізді. Осы идеялар негізінде Шығыс Түркістан аумағында Алаш ұлттық идеясынан бөлек, 1920-1925 жылдары Құлжа мен Шәуешек сияқты сауда және мәдени шаһарларда белгілі деңгейде шағын көлемді түрікшіл қозғалыстардың орын алғанын байқаймыз. Соның мысалы «Тұран» атауының кеңінен қолданылуы. Мысалы, «Тұран» деген атпен жаңаша оқу орындары ашылды, онда әр ұлттың балалары ортақ тілде білім алды. Сондай атпен құрылған мектептер саны да көбейді. Сjл сияқты Іле уалаятында «Талды-Тұран» мектебі құрылса, Шәуешек қаласында «Тұран» мектебі бой көтерді.
Аталмыш біз айтып отырған екі бірдей мектептің (түрікшілдер мен ұлтшылдар) Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттык төңкерісі кезеңінде өз жемісін анық көрсете бастады. Бұл идеялар негізінде ұлттық қозғалыстар жаңаша сипатта тарих сахнасына шықты. Әсіресе 1944-1945 жылдарға келгенде айрықша біліне бастады. Түрікшіл және ұлтшыл топ өкілдері Құлжада құрылған Шығыс Түркістан уақытша үкіметі (кейінгі Үш Аймақ үкіметі) кезінде саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша қызу пікір-таластардың пайда болуына негізгі себеп болды. Сол уақытта Шығыс Түркістандағы қазақтың жаңа буын интеллегенциясы арасында түрікшілдік козғалыс бағытына қарағанда ұлтшылдар ұстанымы әлде-қайда басым салмақты ұстады.
~ Әлімғазы Дәулетхан, Жанымхан Ошан, Елдос Сауырқан; "Шығыс Түркістандағы дүрбелеңмен өткен қырық жыл (1912-1952)" кітабынан
#tarih
@Ergenekon_kz