Қазіргі қоғамда кең тараған құбылысты оның пайда болуына дейін Таласбек-атамыз кезінде жақсы талдаған болатын еді. Оның сөздерімен келіспеу мүмкін емес. Қазіргі күні дамыған араб елдерінің біразы Израильге джихад пен газаваттың жариялаудың орнына онымен жақсы қарым-қатынастарды орнатуға талпынуда. Ал қазаққа Палестинадағы арабтың қамын ойлаудан гөрі шығысымыздағы Үш Аймақтағы қазақтың, Ауғанстандағы қазақ пен бізге бауырлас хазара, шараймақ, моғол, лақай, қырғыз жұрттарының, Ресейдегі қазақ пен бізге бауырлас алтай, башқұрт, хақас, шор, ноғай және т.б. бауырлас тұран жұрттарының жағдайын ойлау жөн болар еді деп тек соны ғана айта аламыз.
#tarih
@Ergenekon_kz
Тегінде, біз, посткеңес адамдары, қөңілімізде арабтың көрнекті бейнесін жасап алғанбыз. Араб әлемі бізге дін ісләмнің отаны, ал, халқы тегіс Құдайға құлшылық еткен мүсілім сияқты көрінеді де тұрады. Осының барлығы біздің тарихи санамыздың көмескі тартуынан.
Израиль мемлекетінің пайда болуында елден ерек ештеңе жоқ. Ол да кез келген басқа мемлекет сияқты пайда болды, өсті, өркендеді. Несі таң? Мысал керек пе? Мархабат. Қазіргі Ресей бұрынғы Мәскеу князьдігінің ұлғайған түрі. Түркияны алыңыз. Есен Бұға бастаған оғыз, селжүк тайпалары Азиядан кетіп, Византия империясына жетіп, тоқымдай жер сұрап алады. Содан соң ес жиып, халқының саны көбейіп, күші артқаннан кейін грек мемлекетін талқандап, ығыстырып, жерін ұлғайтады да, бүгінгі дәрежесіне жетеді. Осылайша мыңдаған мысал келтіруге болады. Біз бұл жерде еврейді қорғап, жақтап отырған жоқпыз. Еврей біздің қорғағанымызға зар болып отырған жоқ. Біздің айтпағымыз, тарих дегеніңіз осы. Бір-бірімен алысқан жұрттар. Бұл жерде талабы, өнері, акылы, күші, дәулеті асқан жеңеді. Өкпе-наз айту сыйымсыз нәрсе. Сондай болыңыз, сол еврейдей береке-бірлікке жетіңіз.
~ Таласбек Әсемқұлов, "Сион пайғамбарларының протоколдары: аңыз ба, ақиқат па?" мақаласынан
#tarih
@Ergenekon_kz