Түркістан Легионынының негізгі идеологы Мәжит Айтбайұлының өз қолымен жазған өмірбаяны:
#tarih #WWII
@Ergenekon_kz
Мен 1914 жылы, қазіргі Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында тудым. Әкем Айтбай сол ауданға қарасты 3-ауылдың кедей шаруасы. 1914 жылға шейін жер шаруашылығымен кәсіп істеп, 1916 жылы қайтыс болды.
Сонан шешемнің қарамағында болып, 1923 жылы Тәшкендегі¹ интернатта, одан кейін 5 жылдық интернатта оқыдым.
1924 жылы Ағай (Әбдісадық) Шымкентте қызмет істегендіктен, Шымкенттегі Зиновьев атындағы мектепте, 1926-27 жылдары Мирзояндағы² интернатта оқыдым.
1927 жылы Қызылордадағы 9-жылдық мектепте оқып, 1931 жылы Сталинабад³ (Тәжікстан) қаласына көшіп бардық.
1932 жылы Мирзоянға қайта келіп, сол жылы Қызылордаға көшіп бардым.
1934 жылы Қызылордадағы совпарт мектебінде оқып, оны бітіргесің, 1934 жылы қыркүйекте ҚазПУ-ге келіп түстім
~ Мәжит Айтбайұлы, "Өмір тарихым" автобиографиясынан
¹ Ташкент
² Тараз
³ Душанбе
#tarih #WWII
@Ergenekon_kz