[AL] About Languages & IR


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


I'm an arabist who learn several languages. The purpose of creating a channel is to share useful informations and tips with you

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Америка Құрама Штаттары. Нью-Йорк қаласы. Нью-Йоркқа ұшып келіп, Джон Кеннедидің әуежайынан шыққаным сол еді, алдымнан бір ер адам тап болды. Кәстөм-шалбар киген, "солидный" кісі. Қаланың орталығына жетуім керектігін, метро көрсетіп жіберуін сұраған болатынмын. "Жүре ғой" деп соңынан ертіп кетті.

Автотұраққа келдік. Чемоданымды алып үлкен қара "Chevrolet Suburban"-ға салып жатыр (суретін гуглдан көрерсіздер). Мен деген аң-таң болып тұрмын. "Жоқ, маған метро керек" десем, "Қайтесің оны, мен деген тез жеткізіп саламын" дейді. "Жарайды" деп отырдым. Бір жағынан "келе салып ақшасыз қалып кетпейін" деп қалтамдағы ақшаны да ойлап тұрмын. [Омск қаласында таксист әуежайға жеткізіп салғаны үшін 2000₽ (10000₸-дей) алған болатын. Сөйтіп қолма-қол ақшасыз қалғанмын. Жалпы шетелде абай болғайсыздар.]

Сөйтіп "Qeens" деген районға қара джиппен кіріп келдім. Ол деген "VIP күтіп алу" екен. 50$ қағып алды. Әлі ол жақтағы тарифтерді, шығындарды білмей жатып, қалтамнан 50$ шығып кеткеніне кішкене күйініп те тұрдым.

Бару керек болған үйді таппай сандалып жүрдім чемоданымды сүйреп. Қолымда сим-карта да жоқ. Хабарласа да алмаймын. Енді осы орайда тіл білгеннің артықшалығын тілге тиек ете кетейік.

Бір кішігірім клиника бар екен бұрышта. Соған кірдім. Ресепшндегі телефоннан хабарласармын, болмаса "wifi" қосып берер деп. Ресепшнде бір қара нәсілді американдық тұрған етін. Жағдайымды түсіндіріп айттым. Ол ресепшндегі орнын тастап, менімен бірге көшеге шығып кетті. Екеуміз бірге әлгі мекен-жайды іздедік. Таба алмадық (мекен-жай қате берілген болып шықты). Айналып жаңағы клиниканың ресепшініне оралдық. Кіреберіс жерде отырып, "wifi"-ды пайдалануға рұқсат сұрап, елмен байланысып алайын дедім.

Күн жарықта келген едім, сағат түнгі 11-ден асуда. Менің барар жерім болмай тұр. Бір уақытта жаңағы қара нәсілді жігіт келіп "енді не істейсің? Нью-Йоркта түнде далада қалуға болмайды. Өте қауіпті. Паркке барып жататын болсаң, сөмкеңді кесіп, бүкіл ақшаңды тонап кетеді. Ол ең жақсы деген жағдайда" деп алаңдатып қойды.

Солайша әлгі жігіт енді кетіп бара жатыр еді, қайта келді жаныма. "Мен сені жалғыз қалдырғым келіп тұрған жоқ. Келгенің бүгін екен. Менің үйіме барасың ба?",-деген ұсыныс білдірді. 14 сағат ұшқан соң, шаршап та тұрмын. Ол жігіт қара нәсілділер шоғырланған "Bronx" деген жерде тұрады екен. Кішігірім "гетто". АҚШ-қа келмей тұрып оқып-біліп, ақпаратқа тойып алғанмын. Жанында басқа достары барын айтты. "Ешкімге тиіскізбеймін, алаңдамасаң болады. Барлығы жақсы жігіттер. Мазаңды алмаймыз. Тек бір ғана ескертетін жәйт бар. Біз шөп шегеміз. Өзіміз әңгіме айтып отырамыз, сен ұйықтай бересің. Егер ОК десең, жүре қой" деді.

Далада қалғаннан осы дұрыс қой деп енді келісейін деп тұрғанда, мен бару керек болған үйдің егесі өзі хабарласты уатсаптан. Жаңағы жігіт екеуміз қуанып кеттік. Чемоданымды алып, бағдаршамға дейін көтерісіп барды да, саулық тілеп тарқастық. Сонда алғыс білдіріп жатсам, "біз бәріміз адамбыз. Бір-бірімізге әрдайым көмектесу керекпіз" деп ешқашан есімнен кетпейтін сөздер айтты.

#Алла #жар #ғибрат #запискиВостоковеда


📥📥📥


Егеменді елдің ертеңі – білімді жастар!
Еліміздің басынан өткен сан-қилы кезеңдер, қиыншылықтар мен ауыртпашылықтар санамызды тұрмыстың билеуіне алып келген секілді. Бұлай деп жазуыма себеп болып тұрған негізгі фактор – жастардың білімге қарағанда әртістіктің, атаққұмарлықтың жолына бет бұруы. Ол өз кезегінде ақша табудың оңай жолы іспетті. Беріліп отырған тақырыптың мазмұнына көңіл аударатын болсақ, елдің жарқын келешегі біліммен тығыз байланысты деген ойды жеткізіп тұр. Сол білім культін дамытып, өзгелерге насихаттауды біздің міндетіміз деп білемін.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердің етек алған кезі десек артық айтқан болмас едік. Заманның ағымынан қалмай, ондай жүйелерді өз мүддемізге пайдалануға қауқарлымыз. Өз тәжірбиемнен мысал келтіретін болсам, мен әрдайым білім жолында жеткен жетістіктеріммен әлеуметтік желімде бөлісіп отырамын. Ол бір мақтангершілік үшін емес. Негізгі мақсатым білімге өзге де еліміздің жастарын қызықтыру. 2019 жылдың қыркүйек айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында "араб жастарының Біріккен Ұлттар Ұйымы моделіне" қатысып, "Disarmament agreement and international security" тақырыбында баяндама қорғаған болатынмын. Кездесу барысында көптеген әлем жастарымен танысып, олардың білімге деген құштарлықтарын көріп, біздің де елдің жастары өзге өркениеттермен терезесі тең бола алады деген ойда қалдым. Әлеуметтік желідегі оқырмандар саны 10 млн. болуы шарт емес. Өзімізде бар 1000 оқырманмен де мардымды іс тындыра аламыз деген пікірді ұстанамын.
Әлемдік бәсеке күннен – күнге қарқынды түрде дамуда. Өндірістік-кәсіптік төңкерістер легін алып қарайық. 10 мың жыл бұрынғы аграрлы төңкеріс пен бірінші төңкерістің (1760-1840) арасы ұзақ мерзімді құрайды. Ал екінші төңкеріс XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басы, яғни электр қуатының, телефондардың пайда бола бастаған кезі. Үшінші төңкеріс 1960-жылдар: цифрлендіру, автоматтандыру, интернеттің пайда болған кезі. Біз бүгінде төртінші төңкеріс кезеңінде өмір сүрудеміз. Осы төңкерістер хронологиясын алып қарайтын болсақ, алғашқы кезде даму үдерісі өте баяу жүзеге асып, ұзақ жылдарды қамтитын болған. Ал соңына қарай үдеріс өте қарқынды жүріп, жылдар мерзімі қысқарып, адамзат жаңа кезеңге өтіп отырған. Ғалымдардың болжауынша, біз өмір сүріп отырған төртінші өндірістік-кәсіптік төңкеріс аяқталуға шақ тұр да, бесінші төңкеріс толқыны басталуда. Осындай әлемнің даму процессі жүріп жатқанда, біздің ел де қапыда қалмау керек. Жас буын білімге көптеп бет бұратын болса, елдің болашағынан үміт бар. Осы кезде Халел Досмұхамедтің: «Сенен басқа ондаған, тіпті жүздеген қазақтың баласы жоғары білім алып жатқанын ойласаң, бұл халық та еңбекке, дамуға қабілетті екенін, бәлкім болашақта әлемдегі өзінің орнын ойып тұрып алатын екінші Жапония бола алады дегенге көз жеткізесің»,-деген сөзі ойға оралады. Алаш зиялыларының баршасының асқақ армандары да осы болатын. Ел жастарының білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, отансүйгіш болғандығы елдің негізгі тіреуі де болмақ.
Америка Құрама Штаттарында, Нью-Йорк қаласында болған кезімде, атақты Тайм-Сквер алаңында тұрып, үстіме қазақтың шапанын жауып, қолыма көк байрағымызды алып сурет рәсімдеген болатынмын. Артынан сол суретке қарап отырып шабыт оянып, кейінгі өлең жолдарын жазған едім:
Елім үшін бір іс бітірдім деп айта алман,
Батыр да емеспін есімі дардай қаһарман.
Шапанды киіп, қолыма байрақ алғаным,
Кеудемде асқақ, алаулап жанған бар арман.
Әнші де биші, әртіс те болғым келмейді,
Атақсыз, даңқсыз сүріп өтсем де мейлі.
Әлемнің жиып қолдан келгенше ілімін,
Кез келер біздің халықтың жанын тербейтін.
Жастар – кез-келген мемлекеттің болашағы болып есептеледі. Бұл түсінік – өмірдің заңдылығы деп айтсақ та артық болмас. Себебі кез-келген өркениет болашаққа бағдарын, жастарды есепке ала отырып құрады. Ендеше, жастарында тәрбие, тәлім болмай, жұлдызы жарқырап жанып тұрған ұлт та, мемлекет те болмайды. Ағаштың діңгегіне құрт түспеу үшін ақтап тұратындығымыз іспетті, еліміздің ұстыны болып табылатын жастармен де ағарту жұмыстарын көптеп жүргізген абзал деп білемін. Сонда, егемен еліміздің ертеңі жарқын болмақ!


Мақала ⬇️


Түрік тілінің практикасы үшін👆🏻




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Kung Fu Panda 2 - İşte Muhteşem Olmak Budur - Kung Fu Öldü




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Kung Fu Panda 2 - Kurtlara Karşı Savaş




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Kung Fu Panda 2 - Benim Adım Po - İç Huzur


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
English with subtitles


Тыңдау, оқу және қайталау. Тіл оқудың кезінде пайдаға асатын тәсілдің бірі. Өзімізге ұнайтын фильм немесе мультфильм тамашалау барысында, жағаласа сөздерін қайталап отырамыз. Барынша пародия секілді көшірмесін келтіруге тырысу қажет. (Қолдан келгенше). Кейіпкер эмоционалды түрде айқайласа, сіз де бірге қосыла айқайлаңыз, дауысын бәсеңдетсе, сіз де бәсең шығарасыз.

Бұл жаттығумен тыңдау (Listening) жағын да дамытамыз. Қандай да бір ағылшын тілінде сөйлейтін елге сапарлатсаңыз, еш қиындықсыз ортаға еніп кете аласыз. (Енді, ин ша Алла, барасыз ғой бір). Тек қана ағылшын тіліне қатысты емес, өзге де тілдерге осы тәсілді пайдалануға болады.

Жалпы Американы ашып жатқан жоқпыз. Тек өз үлгімізде көрсетуді жөн көрдік. Сол көбірек әсерін тигізеді.

Видеодағы үзіндіні Ник Вуйчичтің американдық колледжде студенттердің алдында сөз сөйлеп жатқанынан алдым. Әдетте осы сынды видеоларды ағылшын тілінен онлайн-курстарды құрастыру барысында пайдаланамыз. @shadi.courses

Уопшым, тіл оқу кезінде комплекс, қымсынуды ысырып, "адамдар күледі ғой, қате айтып қоямын"-деген сынды тосқауылдардан арылу керек. Өзге тіл үйрену барысында қате жіберіп жатсаңыз ол айып емес. Өз ана тілінде сөйлей алмай жүрген жандар бар (жеті жұрттың тілін сыйғызған миы, ана тілін сыйғыза алмай). Оның жанында сіз өз тіліңізді біліп, өзге тілді игеруіңіз құптарлық әрекет.

[Видеодағы кішкентай өзгерістерді байқаудасыздар ма) жаңа эффектілерді игеріп, ақырындап қолданып көрудеміз. Негізі ол да бір үлкен зерттеуді талап етеді екен. Бүгінгі таңда көштен қалмау үшін бұл нәрселерді де игеру қажет болып тұр]

#запискиВостоковеда


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
#English




Araba - көлік
Abla - әпке
Aslan - арыстан
Mal - мүлік
Masa - стол
Dar - тар
Sarı - сары
Anne - ана
Baba - әке
Ana-baba - ата-ана
Ara - арасы (промежуток)
Sıra - рет, кезек
Arasıra - кейде
Nasıl - қалай?
Ambar - қойма
Bir - тек (единица)
Ad, isim - аты, есімі, атауы
Adam - адам
İnsan - адам
Adres - мекен-жай
Aile - отбасы
Bina - ғимарат
Daire - мекеме, пәтер
Ders - дәріс, сабақ
Dershane - аудитория, сынып
Dil - тіл
El - қол
Demir - темір
Serin - суыққанды, салқын
Ama (amma) - бірақ
Elma - алма (жеміс)
Er - ер, солдат
Asker - әскер
Lise - лицей
Resim - сурет, фото
Divan - диван
Ses - үн, дыбыс, дауыс
Sinema - кинотеатр
Ben - мен
Sen - сен
Elli - елу (50)
Bin - мың (1000)
Lira - лира (түрік валютасы)
Beraber - бірге
Daima - әрдайым
Demin - қазір ғана (недавно)
Ne - не?
Nerede - қайда?
En - ең (самый)
Eser - шығарма, туынды


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Абдулла ибн Зубейр жайлы


Нәзірдің атылар алдындағы соңғы суреті





20 last posts shown.

809

subscribers
Channel statistics