Егеменді елдің ертеңі – білімді жастар!
Еліміздің басынан өткен сан-қилы кезеңдер, қиыншылықтар мен ауыртпашылықтар санамызды тұрмыстың билеуіне алып келген секілді. Бұлай деп жазуыма себеп болып тұрған негізгі фактор – жастардың білімге қарағанда әртістіктің, атаққұмарлықтың жолына бет бұруы. Ол өз кезегінде ақша табудың оңай жолы іспетті. Беріліп отырған тақырыптың мазмұнына көңіл аударатын болсақ, елдің жарқын келешегі біліммен тығыз байланысты деген ойды жеткізіп тұр. Сол білім культін дамытып, өзгелерге насихаттауды біздің міндетіміз деп білемін.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердің етек алған кезі десек артық айтқан болмас едік. Заманның ағымынан қалмай, ондай жүйелерді өз мүддемізге пайдалануға қауқарлымыз. Өз тәжірбиемнен мысал келтіретін болсам, мен әрдайым білім жолында жеткен жетістіктеріммен әлеуметтік желімде бөлісіп отырамын. Ол бір мақтангершілік үшін емес. Негізгі мақсатым білімге өзге де еліміздің жастарын қызықтыру. 2019 жылдың қыркүйек айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында "араб жастарының Біріккен Ұлттар Ұйымы моделіне" қатысып, "Disarmament agreement and international security" тақырыбында баяндама қорғаған болатынмын. Кездесу барысында көптеген әлем жастарымен танысып, олардың білімге деген құштарлықтарын көріп, біздің де елдің жастары өзге өркениеттермен терезесі тең бола алады деген ойда қалдым. Әлеуметтік желідегі оқырмандар саны 10 млн. болуы шарт емес. Өзімізде бар 1000 оқырманмен де мардымды іс тындыра аламыз деген пікірді ұстанамын.
Әлемдік бәсеке күннен – күнге қарқынды түрде дамуда. Өндірістік-кәсіптік төңкерістер легін алып қарайық. 10 мың жыл бұрынғы аграрлы төңкеріс пен бірінші төңкерістің (1760-1840) арасы ұзақ мерзімді құрайды. Ал екінші төңкеріс XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басы, яғни электр қуатының, телефондардың пайда бола бастаған кезі. Үшінші төңкеріс 1960-жылдар: цифрлендіру, автоматтандыру, интернеттің пайда болған кезі. Біз бүгінде төртінші төңкеріс кезеңінде өмір сүрудеміз. Осы төңкерістер хронологиясын алып қарайтын болсақ, алғашқы кезде даму үдерісі өте баяу жүзеге асып, ұзақ жылдарды қамтитын болған. Ал соңына қарай үдеріс өте қарқынды жүріп, жылдар мерзімі қысқарып, адамзат жаңа кезеңге өтіп отырған. Ғалымдардың болжауынша, біз өмір сүріп отырған төртінші өндірістік-кәсіптік төңкеріс аяқталуға шақ тұр да, бесінші төңкеріс толқыны басталуда. Осындай әлемнің даму процессі жүріп жатқанда, біздің ел де қапыда қалмау керек. Жас буын білімге көптеп бет бұратын болса, елдің болашағынан үміт бар. Осы кезде Халел Досмұхамедтің: «Сенен басқа ондаған, тіпті жүздеген қазақтың баласы жоғары білім алып жатқанын ойласаң, бұл халық та еңбекке, дамуға қабілетті екенін, бәлкім болашақта әлемдегі өзінің орнын ойып тұрып алатын екінші Жапония бола алады дегенге көз жеткізесің»,-деген сөзі ойға оралады. Алаш зиялыларының баршасының асқақ армандары да осы болатын. Ел жастарының білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, отансүйгіш болғандығы елдің негізгі тіреуі де болмақ.
Америка Құрама Штаттарында, Нью-Йорк қаласында болған кезімде, атақты Тайм-Сквер алаңында тұрып, үстіме қазақтың шапанын жауып, қолыма көк байрағымызды алып сурет рәсімдеген болатынмын. Артынан сол суретке қарап отырып шабыт оянып, кейінгі өлең жолдарын жазған едім:
Елім үшін бір іс бітірдім деп айта алман,
Батыр да емеспін есімі дардай қаһарман.
Шапанды киіп, қолыма байрақ алғаным,
Кеудемде асқақ, алаулап жанған бар арман.
Әнші де биші, әртіс те болғым келмейді,
Атақсыз, даңқсыз сүріп өтсем де мейлі.
Әлемнің жиып қолдан келгенше ілімін,
Кез келер біздің халықтың жанын тербейтін.
Жастар – кез-келген мемлекеттің болашағы болып есептеледі. Бұл түсінік – өмірдің заңдылығы деп айтсақ та артық болмас. Себебі кез-келген өркениет болашаққа бағдарын, жастарды есепке ала отырып құрады. Ендеше, жастарында тәрбие, тәлім болмай, жұлдызы жарқырап жанып тұрған ұлт та, мемлекет те болмайды. Ағаштың діңгегіне құрт түспеу үшін ақтап тұратындығымыз іспетті, еліміздің ұстыны болып табылатын жастармен де ағарту жұмыстарын көптеп жүргізген абзал деп білемін. Сонда, егемен еліміздің ертеңі жарқын болмақ!