Devi'ant


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


👤 Канал иесі: @alinur_m_b
📚 «1 ай – кемі 6 кітап» жобасы
طلب العلم فريضة.
Девиа‌нтное поведе‌ние — устойчивое поведение личности, отклоняющееся от общепринятых, наиболее распространённых и устоявшихся общественных норм.

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Асылында, адам болмысын түсіну, оны тек бір қырынан қарастырумен шектелмей, барлық қырынан қолға алып, бір бүтін етіп зерттегенде ғана жеңілдейтіні анық. Ислам дінінін де көздеген мұраты осы. Адамды жан-жақты қырынан қарастыра келе, оның табиғатын бір бүтін болмыс ретінде ортаға шығару.
Құдайға деген махаббатты, адамзатқа деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды және әділдікті негіз етіп, ғылым мен білімде және экономикада мейлінше озық болу, иләһи бұйрықтар мен халифалық міндетті жауапкершілікпен лайықты
түрде жүзеге асыруда адамзатқа үлгі көрсетіп кеш басшылық ету, ендігі кезекте мұсылмандардың еншісінде.

🖋Данияр Сүлеймен


Данияр Сүлеймен «Ruh психологиясы»

Баға: 9/10


Адамның рухани әлемі, ондағы ғажайып сырлар мен тереңдік, ықылым заманнан бері ғалымдарды толғандырып келгені рас. Бүгінгі таңға дейін дін, философия, психология және т.б. көптеген сала мамандары адам болмысы жайында терең зерттеулер жүргізді. Алайда қанша зерттесе де, адам сырын толық ұға алар емес.
Кітаптың «RUН» деп аталу сыры да осында. Кітап — адамның психологиялық және ноологиялық (рухани) қабаттарын ислам психологиясы тұрғысынан зерттеуге алады.
Исламның сенім негізінде қарасақ, Құран Алланың Кәләмі. Алла тарапынан түскен кітап. Бұл жерден шығатын тұжырым, демек, жаратылғанды ең жақсы танитын Жаратушы! Олай болса, адамның шынайы психологиялық келбеті аят пен хадистерде баян етілді деуге толық негіз бар.


Жалғасы бар->


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Forward from: [AL] About Languages & IR
Аллаһым, Өзіңнен мен білетін және білмейтін хайыр-жақсылықтың бәрін сұраймын;

және де Өзіңнен мен білетін және білмейтін бүкіл жаманшылық-зұлымдықтан пана сұраймын.

#таң_береке_дұға


Мұхтар Шаханов. Заманымыздың әдебиеті мен өткен ғасыр қазақ әдебиетін байланыстырушы көпір іспетті, ақындарымыздың соңғы тұяғы десек те болар.
Бүгін Алланың қалауымен атамыздың «Танакөз» шығармасына қойылған спектаклін көруге бардық. Атамыздың өзі де сонда болды. Барған себебім де сол болатын. Бұл жазба спектакль жайлы емес, Мұхтар Шаханов атамыз жайлы. Енді Шаханов атамызды көргенде келген алғашқы сезімді мен бұрын ешқашан сезініп көрмегенмін. Бойымды тамсаныс пен бойды жалындатар, жүрекке рух берер сезім билей жөнелді. Қойылымды көріп отырып, «Менің алдымда тұрған адам – өз рухын кемелдік дәрежесіне жеткізген тұлға. Иә, тұлға. «Ей, ата, біз де сіздей бола аламыз ба? Біз де өзіңіздей кемелдік дәрежемізге жете аламыз ба?»» сынды ойлар арпалысы қатар жүрді. Қойылым кезінде атамыздан көз алмастан, қайта-қайта қарайлай бердім.
Рухтың болмысы сол, әрдайым кемелдікке ұмтылады. Тек оны дұрыс бағытта, дұрыс ниетте бұра білу керек. Кемелдіктің тұңғиығына жетпеген рухтың өкініші қартайғанда сенің түбіңе жетеді.Солай!


Forward from: Кітаптан үзінді, цитаталар
Ынта болса, адамның қолынан келмейтіні жоқ...

© Генри Форд




Алламен болған қарым-қатынас мәселесінде адамға берілетін мотивацияның форматы бөлек. Ол жерде «Мен» деген нәрсе жүрмейді, «Ол» деген нәрсе алға шығады. Батыстық психологиядан Ислам психологиясының айырмашылығы да осында.
Батыстық психология адамды Құдайдан бөліп алып зерттесе, Ислам психологиясы ең әуелі адамның Алламен болған қарым-қатынасын ретке келтіруді көздейді.

📚Данияр Сүлеймен «Ruh психологиясы»


Forward from:
Seni Özime arnadım🫀


Менің қазіргі жағдайым:
– Одинокий странник потерял свою дорогу.


Forward from: Абылай Кенжалы
Abu Hazim osietteri x Abylai Kenzhaly x 2024.pdf
1.4Mb
Оқып, пайда алыңыз🤲🏻


Forward from: 𝐰𝐚𝐚𝐚𝐯𝐞.𝟏
как же скверно нутро человека, что нагло врет тому, кто невинно ему верит.


Forward from: Devi'ant
-Әйелдің әйел болуы еркекке байланысты ғой.
-Иә, ата-ананың аясында отырғанда қай қыз бақты, базарлы емес. Күйеуге шықты дегенше, қыз бақыты - қызыл иттің аузында кетті дей бер.

📚 Ә. Нұрпейіс "Қан мен тер"


📚Джек Лондон «Морской волк»


Forward from: Aytbek Jumajanov
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ал мынау Димаш атамыздың кітапқа деген махаббаты


🫡


Forward from: Абылай Кенжалы
Өмір – дүниеге келген кезде емес, есіңді жиған кезде басталады. Және өлгенде емес, рухың сөнген кезде аяқталады.

©️ Халил Жәбрән

Рухың сөнбесін…


Адамның өзіндегі эмоцияларды иләһи (Алла жолында жақсылыққа) мұратқа сай қолдана білуі – дүниедегі барлық жетістіктің бастауы, ал ақыретте жәннатқа кірудің себебі.

📚Данияр Сүлеймен «Ruh психологиясы»

Мұнда тек позитивті эмоциялар жайлы ғана емес, біз негативті санайтын қорқыныш, уайым, қызғаныш сынды эмоцияларды да қамтиды.


Forward from: Кітаптан үзінді, цитаталар
Өмірдегі ең ауыр ауру түрі - бұл біреуді ойлау. Ол ауру емделмейді.

© Эрих Мария Ремарк


Жалған нәрсеге құрылған істің бәрі жалған.

Елдос Жұмаділдә

20 last posts shown.