balpanaqtar🐾


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


қиянатсыз ойлар қорабы.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


@dametkenn'ді оқыған сайын сөздік қорым молаяды. сосын тек қазақша сөйлеуге тырысып жүремін.




ар ұялар іс қылмас ақыл зерек.

Абай


берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.


қиянатсыз ойлауды меңгергенде, қиялыңның бәрі де шынға айналар.

Т. Әбдікәкімұлы




бақыттың не екенін бақытсыздан сұра.


оның жүрегі нөлдей, сезім мүлде бөлінбейді.




түн сияқты ол: суп-суық, сұп-сұлу, тылсым.


тартылыс бар, бірақ бірдеңе жібермейді.


мұздатқышыңнан балмұздақ арылмасын.


британ танымал жігіттерінің бәәрі шетінен тәрбиелі, әдепті. жеке шекараны сақтап, адамды сыйлау, жөн сөйлеу мен салқынқандылық қандарында бар сияқты ағылшындардың.


бар болу да Құдайдан, жоқ болу да Құдайдан.

А.Табаракқызы


ұбт тапсыратын сыныпқа кіріп, партама отырғасын

"ал, құрметті менің бабаларым, (атамның атасы мен әкесінің есімдерін атап), маған көмектерің керек, жүз оннан асырып жинайыншы, ұят қой әйтпесе. сосын күшті қыз боламын, сендерді жаман атқа қалдырмаймын. көмектесіңдер, жарай ма?"

деп сыбырлап отырғаным есімнен кетпейді. көмектесті, ойымдағыны жинадым🧡


айтпақшы, былтыр осы уақытта уайымнан күндіз күлкіні, түнде ұйқыны ұмытып жүр едік.

бесінші сыныптан бергі арманыма айналған мамандық, ес білгелі қиялымның төрінен орын алған қала - Алматы. аяғымның астындағы баспалдақтың ағаштары сынып кетердей, бар қиялмының күл-талқаны шығардай болып қорыққан кездерім де аз емес. өзіме сенімді болғаныммен айналамда болып жатқан оқиғалар, ата-анамның қорқынышы, жауапкершілік жемей қоймайды екен. күн сайын ерте тұрып, жұмыс уақыты біткенше үнемі қатып қалатын egov'ты бағып отырамын. олардың да сұрамайтыны жоқ. ақыр соңында құжат үшін загс жағалап кеттік.

сол кездері "келесі жылы күліп есіңе аласың ғой" дегенге сеніп тұрсам да, тулап жатқан көңілім басылмайтын. тек грант нәтижесі шыққан күні тыншып, арқамнан ауыр жүк түскендей әсерде болдым. қазір жымиып еске алатын сәттер. жып-жылы. "я, Құдайым, мен грантқа түсіп кетейінші, есесіне былай жасаймын, былай жасамаймын" деп айтқанымды ойласам, күлкім келеді.


келісімсіз жүрекке еніп барасың
төзім қалмай, өз-өзіммен таласам
көзіңді алмай неге қарап қаласың,
егер құшақтамасаң?


естеліктерден қажисың кейде,
қай-қайдағыны қозғаған.
– даяршы, кофе беріңізші маған,
мұң араластырып аздаған.

А.Табаракқызы


былтыр бітіргенім жақсы болыпты.


я, Құдай, биылғы түлектерге сабыр бер.

20 last posts shown.

22

subscribers
Channel statistics