айтпақшы, былтыр осы уақытта уайымнан күндіз күлкіні, түнде ұйқыны ұмытып жүр едік.
бесінші сыныптан бергі арманыма айналған мамандық, ес білгелі қиялымның төрінен орын алған қала - Алматы. аяғымның астындағы баспалдақтың ағаштары сынып кетердей, бар қиялмының күл-талқаны шығардай болып қорыққан кездерім де аз емес. өзіме сенімді болғаныммен айналамда болып жатқан оқиғалар, ата-анамның қорқынышы, жауапкершілік жемей қоймайды екен. күн сайын ерте тұрып, жұмыс уақыты біткенше үнемі қатып қалатын egov'ты бағып отырамын. олардың да сұрамайтыны жоқ. ақыр соңында құжат үшін загс жағалап кеттік.
сол кездері "келесі жылы күліп есіңе аласың ғой" дегенге сеніп тұрсам да, тулап жатқан көңілім басылмайтын. тек грант нәтижесі шыққан күні тыншып, арқамнан ауыр жүк түскендей әсерде болдым. қазір жымиып еске алатын сәттер. жып-жылы. "я, Құдайым, мен грантқа түсіп кетейінші, есесіне былай жасаймын, былай жасамаймын" деп айтқанымды ойласам, күлкім келеді.