MUSTAFID📚(пайда алушы)


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Өзгеге де, өзіме де пайда үшін.

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


الله تعالى يعلم بعلمه كامل ماذا أنت تختر بنفسك!

©️أستاذ نورجان سوماغولوف (حفظه الله تعالى)


Қаншама жылдар бойы харамды харам деп, шырылдап келе жатқан 1040 ұстазды тыңдамай, бір-ақ сәтте үкімі құранда тұрған мәселеде біреудің айтқанына сене салатын адамдардан кейін не күтеміз?


Мұсылманның тіліне шариғаттың ақиқаттығы негізделіп тұрған соң, оған өтірік айту харам етілген.


Жауынгер нәпсі қалауына құл емес. Біз нәпсімізге қарсы тәкаппар жауынгерміз.

©️Нұржан Смагулов ұстаз


Forward from: أخبار الكازاخي
Шәкірттерге айтар өсиетім:
1 – Білімді басты мақсат деп емес, сол басты мақсатқа алып баратын жол ретінде қарастыру. Өйткені, басты мақсатымыз - амал ету. Сол себепті, шама келгенше амал етуге асығу керек.

2 – Білімді құрметтеп, ризық көзіне айналдырмау керек!

3 – Еш үзбестен, үнемі білім алу. Үмбет терең білімі бар мамандарды күтуде.

4 – Бұл білімнің өзі дін. Сол себепті, шәкірт тілден шығатын әр сөз бен жазбаларына дұрыстап мән беріп, дұрыстығына көз жеткізу керек.

Заманымыздың ең ұлы ғалымдардың бірі Мұхаммед Аууама

[Сафахат мудиа, 111 б.]


Forward from: Ізденуші📚
Емтихан ауыр болады , мынау кітап қиыыыынннн, мынау ұстаз қаталллл,мынау сүре қиын,жатталмайды- деген нәрселерге құлақ аспауды үйрену керек.Әр адамның потенциалы әр түрлі. Біреуге қиын болған нәрсе,біреуге жеңіл болуы мүмкін. Бастысы ,емтихан болса дайындалу , сабақ болса денқойып қатысу ,ұстаз болса құрметтеу ,құран болса көңілді беріп жаттау


Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!🇰🇿🤍


Олжас Ханафин ұстаздың бір сөзі бар тұғын: “Раббым маған осы ауруды сөремдегі барлық кітапты оқып бітіру үшін берсе ғой” деген…

Бұл кітаптың сөремде тұрғанына тура 1 ай болыпты, сыйлыққа алынған кітабым еді. Уақыт жоқ, сабақ көп деп оқымай жүрген едім. Сабақтан қайтып, төсекке жатқан күйі тұра алмай қалдық. Сөйтіп, кітаптың қызығына кіріп, оқып тастаған жайымыз бар.

Кітапта соғыс жылдарындағы қиындықтар, жандарын орамалдарына түйіп ұстаған аналардың отағасы аман келер деген үміті, сол кездегі кішкентай бүлдіршіндердің еленбей өтіп кеткен балалық шағы баяндалады. Бір оқып шығуға кеңес берер едім.

16.11.24-16.12.24


Оқыңыздар! Біздің қоғам
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға емес, Ахмет, Әлихандарға мұқтаж…


Forward from: Хадис ізденуші
Неліктен ақида ілімінде осы “Ужуд, Қидам, Бақо,Уахдания , Әл-қиям биннафс, Мухалафа лилхауадис” сипаттарын ғана терең оқимыз. Алланың бұдан бөлек Рахман, Рахим, Шакур сияқты басқа да сипаттары бар емес пе?!

Өйткені ақида ғалымдары әр мукаллафқа білуі міндет деп осы сипаттарды бекіткен. Сол себепті осыларды ғана терең оқимыз.

©️Шейх Хамза әл-Бәкри


Кеше сен бүгін дегенсің)

©️Бағлан ұстаз


Шәкірттің емтихан нәтижесі төмен болса, ол оның емтиханға дұрыс дайындалмағанын білдірмейді. Ол емтиханға дейінгі аралықта түк оқымағаны ғой.

Қателесуім де мүмкін, бәлкім.


Forward from: Сырымбек Әділболатұлы
📍Білім талап етушілерге насихат

Адам жүзу білмесе, алдымен теңіздің жағасында жүзіп үйреніп, содан кейін ғана тереңдеу жерге баруы керек. Әйтпесе, батып кетуі мүмкін. Бұл қарапайым нәрсені түсіну оңай, бірақ өкінішке орай, кейде адамдар бұны түсінбей жатады.

Кейбір ілім талап етушілерге таңғаласың: олар бірден білімнің тереңіне сүңгігісі келеді. Нәтижесінде, аз уақыттан кейін ынталары төмендеп, білім жолын тастап елдеріне қайтып жатады. Себебін сұрасаң: "Түсінбей жатырмын, қиын болып жатыр", – деп жауап береді.
Алла Тағала Құранда: «Үйлерге есігінен кіріңдер», - деп бұйырған. Бірақ біз есіктен емес, төбесінен түскіміз келеді.


Егер білімге ғашық болу - жындылық болса, мен өзімді ең үлкен жынды санаймын.

©️Әбу Наср әл-Фараби


Каналы бар адамдар екі нәрсені көздейді. Не пайда беру, не ермек үшін. Ол жазған, бөліскен нәрсесіне байланысты.

Ермек үшін ашылған канал адамдардың уақытын жеу ғана. Ұрлықтың ең ауыры осы бәлкім.

Қателесуім де мүмкін. Өз ойым ғой жәй.


Forward from: Ізденуші📚
Шәкірт еңбек етуі керек. Ол ұйқыбас болса ілімге қауіп.

Әрдайым мақсатыңды кең қой. Сонда кең боласың. Маңызды! Мақсат тек жоғары болуы керек. Сонда шаршамайсың! Аллаға мұқтаждығыңды сезін! Сол кезде ақіретке, ілімге ,ғылымға махаббатың ашылады. Біліммен айналысқан адам ешқашан адаспайды.

Азамат Жамашев ұстаз. 2023,қыркүйек


Forward from: Olzhas Hanafin
Нұр Мубарактың бірінші курсын оқып жүргенімде Бақдаулет ұстазым айтқан еді: “Бұл өмірде Алланың дініне қызмет етіп өтуден артық ешнәрсе жоқ”. Сол сөз жүрегімнің түбіне жетіп, қатты әсер етті.

Дінге жанашыр бауырларымның бірі @aidosabduroshit Нұр Мубаракқа түскенде бізге былай деген: “Сендер арқаларыңа өте ауыр жүк алдыңдар”.

20 ғасырда араб әлемінде ең атақты болған уағызшы ғалым Абдулхамид Кишк рахимаһулла бір уағызында: “Маған небір лауазымды қызметтерді ұсынды, бірақ мен Алла елшісінің мінберін صلى الله عليه و سلم ешнәрсеге ауыстырмаймын”, - деген екен.

📌 Йә Алла! Өзіңнің дініңе ықыласпен қызмет етіп, абыроймен атқаруды нәсіп ет. Іліммен бірге амалын да арттыра гөр. Кітап арқалаған есек болудан бір өзің сақтай гөр. Әмин.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)


Бойыңда ізгілік болса, ең бақытты адам сенсің.


Forward from: Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Бастадың ба? Тәуекел ет те, қанша қиын болса да, мың рет сүрінсең де, тез тұрып жалғастыр. Нәтиже болады, әлбетте болады. Ғалым болмасаң да үлкен ілім иесі боласын, сол ілім жолында жүріп өмірді тәрк ету неткен үлкен бақыт.


Сендегі мақсат (адамдарға білгеніңді айту ғана емес) дұрыс түсінік, дұрыс сенімнің негізін салып беру болу керек.

20 last posts shown.

84

subscribers
Channel statistics