Олжас Ханафин ұстаздың бір сөзі бар тұғын: “Раббым маған осы ауруды сөремдегі барлық кітапты оқып бітіру үшін берсе ғой” деген…
Бұл кітаптың сөремде тұрғанына тура 1 ай болыпты, сыйлыққа алынған кітабым еді. Уақыт жоқ, сабақ көп деп оқымай жүрген едім. Сабақтан қайтып, төсекке жатқан күйі тұра алмай қалдық. Сөйтіп, кітаптың қызығына кіріп, оқып тастаған жайымыз бар.
Кітапта соғыс жылдарындағы қиындықтар, жандарын орамалдарына түйіп ұстаған аналардың отағасы аман келер деген үміті, сол кездегі кішкентай бүлдіршіндердің еленбей өтіп кеткен балалық шағы баяндалады. Бір оқып шығуға кеңес берер едім.
16.11.24-16.12.24