Қазақша субтитрі бар 10 таңдаулы TED talks
1. 30 күн бойы жаңа нәрсемен айналысыңыз (3:11)
https://www.ted.com/talks/matt_cutts_try_something_new_for_30_days?language=kk#t-9260Сіз көптен ойлап жүрген бір істі бастауға жүрексініп жүрсіз бе? Мэтт Каттс 30 күн бойы жаңа нәрсе істеп көруге шақырады. Бұл шағын баяндама мақсатқа оңай қол жеткізудің жолын ұсынады.
2. Өз тіліңді өлтірме! (14:00)
https://www.ted.com/talks/suzanne_talhouk_don_t_kill_your_language?language=kk Сюзана Талхуқ араб тілін күнделікті қолданысқа енгізудің және оны көркем ойды жеткізудің құралы ретінде қолданудың қажеттілігін баяндайды. Ол араб тілінде сөйлейтін елдердегі тілдік болмыстан және оның күрделілігінен қашып жатқандарға тоқталады.
3. Көзімнің тірісінде... (6:04)
https://www.ted.com/talks/candy_chang_before_i_die_i_want_to?language=kk#t-21867Cуретші әрі TED Fellows бағдарламасының қатысушысы Кэнди Чанг Жаңа Орлеанның бір ауданындағы ескі, иесіз үйді «Өлмей тұрып ...» деген аяқталмаған сөйлем жазылған алып тақтаға айналдырды. Тұрғындардың таңқалдырарлық, әсерлі, күлкілі жауабы жазылған бұл тақта— бір мезетте осы ауданның айнасына айналды (Ал Сіз қалай жауап берер едіңіз?).
4. Оғаш па, әлде жай ғана өзгеше ме? (2:26)
https://www.ted.com/talks/derek_sivers_weird_or_just_different?language=kk#t-1014Дэрек Сиверс "таяқтың екі ұшы бар" дейтін мәтелдің растығын сізге 2 минут ішінде таңсық, күтпеген жолдармен көрсетеді.
5. Әйелдің ар-намысы – адам құқығының «төресі» (16:27)
https://www.ted.com/talks/jimmy_carter_why_i_believe_the_mistreatment_of_women_is_the_number_one_human_rights_abuse?language=kkАмериканың бұрынғы президенті Джимми Картер әйел құқығын аяқ асты ету дамыған әрі дамушы елдерде әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанының үш себебін баяндайды. "Еркектерге бәрібір болуы" осы себептердің бірі деп санайды.
6. Баланың ынтасын ғылымға қалай оята аламын? (9:40)
https://www.ted.com/talks/cesar_harada_how_i_teach_kids_to_love_science/transcript?language=kk#t-10294Гонкконгтағы Харбор мектебінде Сезар Харада азаматтық ғылым мен қоршаған ортаны қорғаушылардың болашақ ұрпақ өнертабысын оқытуда. Өз сыныбын өндірісті мегажерге, шығармашыл баланың орман, металл, химия, биология, оптика және кейде күшті құрылғылармен мұхиттардағы қауіп-қатердің алдын алатын орынға ауыстырған. Онда жас кезінен ата-анасы үйреткен: "Сен ластай аласың, бірақ ластаған нәрсеңді тазалауың керек" дегенді үйретуде.
7. 100 күн бойы меселіңіз қайтса, не істейсіз? (15:24)
https://www.ted.com/talks/jia_jiang_what_i_learned_from_100_days_of_rejection?language=kkДжа Джанг оқиғасы бәріміздің қорқынышымыз- қабылданбай қалу оқиғасы туралы. 100 күн бойы бейтаныс адамнан 100 доллар сұрап, меселі қайтып, "тағы бургерге" тіркелу-Джанг өзін үнемі кезігетін қабылданбай қалу қорқынышынан құтылуға дайындайды. Жай ғана сұрау арқылы мүмкіндіктерге жол ашуға болатынын түсінді.
8. Халықаралық жаңалықтар көзқарасымызға қалай әсер етеді? (4:11)
https://www.ted.com/talks/alisa_miller_how_the_news_distorts_our_worldview?language=kkPublic Radio International басшысы Алиса Милер не себепті қазір әлем жаңалығын көбірек білгіміз келетінін түсіндіреді. Себебі Америка медиасы көп нәрсені жасырып отыр. Өз сөзін статистикалық деректермен және графикамен дәлелдейді.
9. Мақсатыңды құпия ұста! (3:00)
https://www.ted.com/talks/derek_sivers_keep_your_goals_to_yourself?language=kkОйымызға керемет жоспар келсе, біреумен бөлісуге асығамыз. Дэрек Сиверс мақсатыңды құпия ұста дейді. Ол 1920 жылдан бері жасап келе жатқан зерттеуі арқылы мақсатты басқамен бөліссе, оған қол жеткізе алмауы мүмкін екенін түсіндіреді.
10. Оқуға қызығушылықты оятудың 3 тәсілі (6:18)
https://www.ted.com/talks/ramsey_musallam_3_rules_to_spark_learning?language=kkХимия пәнінің мұғалімі Рэмзи Мусаллам өзінің он жыл бойы дұрыс оқытпай келгенін мойындап, шынайы педагог әр нәрсені білуге деген құмарлықты оята білу керектігін өміріне төнген қатерлі жағдайдан кейін түсінеді. Әзіл-шыны аралас әңгімесінде Мусаллам әлемнің жаратылысын тани білуге деген оқушылардың қызығушылығын, қиялдай білуді дамытуды сипаттайды.