Тәуелсіздік күні – бұл тек мейрам емес, бұл біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін қасиетті күн, тарихи жеңіс. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің қадірін түсіну үшін өткенімізге көз салу керек. Бір кездері қазақ елінің егемендігі туралы ойлау, тіпті оны қиялдау – шизодан кем болмаған. Сол заманда бұл мүмкін емес дүние сияқты көрінді. Бірақ тарих бізге дәлелдеді: ешқандай империя мәңгілік емес, ал ұлттың азаттығы – оның рухының күшімен келеді.
Бүгін біз тек өзіміздің тәуелсіздігімізбен шектелмеуіміз керек. Біз көрші халықтардың да еркіндікке ұмтылысын қолдауымыз керек. Бәлкім, қазір біреу якуттардың немесе басқа Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттардың тәуелсіздікке жетуі туралы айтса, бұл да кезіндегі біздікі сияқты «шизо» болып көрінер. Бірақ қазақ тарихы дәлелдегендей, еркіндікке деген ұмтылыс әрдайым жеңіске жеткізе алады.
Мен шын жүректен сенемін: бір күні Ресей федерациясыда тарих сахнасынан кетеді. Оның орнына өз жолын тапқан, еркін әрі егемен елдер пайда болады. Ол кезде бұл ешкімге таңсық емес, қарапайым ақиқатқа айналады.
Құрметті ағайын, осы күн бізге бір ғана нәрсені үйретеді: қандай қиын болса да, үміт үзілмеуі керек. Еркіндік жолы ұзақ болуы мүмкін, бірақ ол әрдайым әділдікпен келеді. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, ал қазақ халқы тарихтан тек жеңіс алып, басқа ұлттарға да рухани үлгі болсын!
Кешігіп құттықтап жатқаным үшін кешірім сұраймын...