EGEMEN FINANCE


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Экономика және қаржы тақырыбындағы ақпарат пен сараптамалар

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


🛡Қай энергия көзіне басымдық берген жөн?

🤫Дамыған елдерде электр энергиясын жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші бізден көп. Өзін энергиямен неғұрлым еркін қамти алған ел даму үдерісінде кібіртіктемейді. Сол себепті энергия өндірісіндегі іркіліске жол беруге болмайды дейді сарапшылар.

🗣️ Біздің ел де 2022 жылдан бері энергетика тапшылығына тап болып, Ресейден, Қырғызстан мен Тәжікстаннан электр қуатының бір бөлігін импорттап жатыр. Импортталған энергияның баға­сы біздің бағамен салыстырған­да тым жоғары. Сонымен қатар еліміз Түрікменстан мен Ресей­ден белгілі мөлшерде газды да импорттайды. Газ қорымызды дамытып, жылу орталықтарын салмасақ, осылай сырттың энергия көзіне тәуелді боламыз 🗣️, дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетов.

🎙Сондай-ақ ол елдегі жылу орта­лық­тарының көбі әбден ескіріп, тозығы жеткенін баса айтты.

🗣️Көбі кеңес заманында салын­ғандықтан, қазіргі талаптарға мүлде сай емес. Сондықтан әр қыс сайын күтпеген ақаулар шығып, тұрғындарды әуре-сарсаңға салып қояды. Қазіргі энергия өндіріп отырған стансалар әзірдің өзінде сенімді энергия көзі бола алмай тұр. Демек келешекке көмір, газ энер­гиясымен барамын деу, тіпті кері кету десе де болады🗣️, деді білікті маман.

🔗Толығырақ оқыңыз.


🧮Бүгіннен бастап арнамызға «Калькулятор» мүйісін қостық. Ақпаратты жеткізудің ұрымтал да ұтымды тұсы болады деген үміт бар.

💰Ұлттық қордағы кіріс-шығысты бақылап отырыңыз.


🌐Дүниежүзілік банк: Жылу электр орталықтарының жайы ойлантады

🗓Үкіметтің алдында аса маңызды міндеттер тұр. Алдағы бес жылдықта экономика көлемін екі еселеу, тиімді шетелдік инвестиция тарту, салық мәселесін барлық тарапқа да оңтайлы етіп шешу, ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру тіпті де оңай шаруа емес. Мемлекет бұл тапсырмаларды абыроймен атқарып шыға ала ма, жоқ па, уақыт көрсетеді. Бір анық нәрсе бар, ол – аталған мақсаттарға жетуге тап қазір энергетикалық инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет болып тұр.

⌛Таяуда экономикалық сарапшы­лар­­дың бірі «Energy for Growth Hub» ұсын­ған қызық деректі бөлісті. Онда ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) жан басына шақ­қандағы электр энергиясын тұтыну үлесі ұсынылған. Соған сүйенсек, әлемде энергия тұтыну көлемі өте төмен бірде-бір ел жоқ екен. Сәйкесінше, электр энергиясын жоғары деңгейде тұтынатын бірде-бір кедей ел де жоқ. Энергия тұтыну мен экономикалық өсімнің бір-бірімен қаншалықты тығыз байланыста екенін осыдан-ақ аңғаруға болатындай.

✍️Тілшіміз мақаласында өзекті тақырыптарды қозғады:

🔽 Аймақтар сипаттамасы
🔽Жұмыс тиімділігін арттыру амалы
🔽ЖЭО-ларды тұралатқан түйткіл
🔽Көмір жылына 25 адамның өмірін қияды

🔗Дүние­жүзілік банктің (ДБ) елімізге қатыс­ты зерттеуімен толық танысыңыз.


‼️Заң түзелді, мердігер, сен де түзел!

🕯«Жол саласы білікті маманға зәру болып тұр. Бір инженер 30-ға жуық жобаға қатысқан жерде қандай сапа туралы айта алмақпыз? Жолдардың талапқа сай болуына жал­ғыз маман емес, басқа да бірнеше фактор әсер етеді. Мә­се­лен, өндіруші зауыттардың шалғайда орналасуы. Сынақ зерт­­хана­­ларының қағаз жүзінде ғана «мінсіз қызмет қылуы». «Egemen Qazaqstan» тілшісі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ге барып, жолға қатысты сан сауалдың бетін ашып қайтты.

✍️Тілшіміз репортажда мына түйікткілдерді түйіп қайтты:

🔽Бір инженер 28 нысанға жауапты

🔽Үлкен түйткілдің үш себебі

🔽Жол сапасына «ҚазАвтоЖол» жауапты

🔽Құлықсыз құрылыстың жазасы қандай?

🔽Жолға қойылатын талаптар

🔽Заң бұзатын мердігерлер

🔗Толығырақ оқыңыз.


💼«Open banking» жүйесі қандай пайда әкелетінін қараңыз!

↗️ Ұлттық банк мәлімдемесі аясында жасалды.


⚡️«Open banking» нарықты қалай өзгертеді?

📌Еліміз қаржы секторын жаңа деңгейге шығаруға қатысты нақты әрекеттер жасап жатыр. Соның бірегейі – «Open banking» жүйесі. Бұл банктік қызмет пен инновациялық шешімдерді бір арнаға тоғыстырады. Басты ерекшелігі – бір банктің мобильді қосымшасына кіріп, басқа банктердегі шоттарды басқаруға, операцияларды жүзеге асыруға болады. Жаңа бастама қаржы нарығын қалай өзгертпек?

📈Әлемдегі әл-ауқат. «Grand View Research» агенттігінің зерт­теуінше, былтыр бұл жүйе әлем нарығында 25 млрд доллар алып келді. 2030 жылға қарай көрсеткіш 27,4%-ға өспек. Жүйе тек қаржы саласын емес, басқа да секторларды дамытуға тікелей әрі жанама әсер етеді. Шетелде жүйені сәтті қолданып, одан пайда көріп отырған ірі үш банк бар. Ұлыбританиядағы жетекші банктердің бірі – «Barclays», Испанияның «BBVA» банкі, АҚШ-тағы «Citibank». Аталған банктер жүйені енгізіп, тұтынушылар мен серіктестерге қаржы өнімдері мен қызметтерге қол жеткізуді оңтайландырған.

⚠️Қауіптен сақтану маңызды. Кез келген жаңа бастаманың пайдасы мен зияны да қатар жүреді. Ашық банкингтің қаупін зерттеген Ұлыбританиядағы «Financial Conduct Authority» ұйымының хабарлауынша, банктер жүйені енгізу кезінде деректердің құпиялылығын сақтау мен қауіпсіздік шараларын күшейтуге ерекше назар аудару керек. Оқып отырып, «Қаржы секторына аталған жүйеден қандай қауіп келуі мүмкін?» деген сұрақ туды. Оның жауабын ұйымның ауқымды зерттеу жұмысынан таптық.

🔗Бұл жүйе қаржы саласына серпін бере ме, сергелдеңге сала ма? Ұлттық банктің не дегенін, әлемдегі әл-ауқат қандай екенін білгіңіз келсе, мына сілтемені басыңыз.


📣Жетісуда құбыр шығаратын кәсіпорын ашылды

⛏Талдықорғандық кәсіпкер Нұрдәулет Ақкөз айына 140 тонна құбыр шығаратын «Полиммер Piре» кәсіпорнын іске қосқан. Су, газ, кәріз, ылғалды жерді құрғату жүйе­лерінде, телекоммуникацияда қолданылатын отандық өнімге сұраныс өте жоғары. Оған жалпы көлемі 106 млн теңге инвестиция тартылыпты.

📌Жаңа отандық өнімнің сапасы халықаралық стандарттарға толық­тай сай. Полиэтилен құбырлары табиғаттың кез келген қытымыр жағдайына төтеп бере алады. Әрі жо­ғары-төменді температурадағы ыстық пен суыққа бірдей төзімді. Бүгінде полиэтилен құбырларын пайдаланбайтын сала кемде-кем. Жоғарыда айтқан су, газ, кәріз желілері мен телекоммуникация саласынан бөлек, оның құрылыс, мұнай-газ өндірісіне де тигізетін пайдасы көл-көсір.

🎤«Су, газ желілеріне қажетті диа­метрі 15 мм-ден 160 мм-ге дейінгі, ұзын­­дығы тапсырыс берушінің өл­шемі негізінде дайындалатын құбырлар шығарамыз. Тауарларымыздың сапасы халықаралық талапқа сай», дейді «Полиммер Piре» ЖШС құрыл­тайшысы Нұрдәулет Ақкөз.

🔗Толығырақ мына жерді басып, оқыңыз.


🫡 Біздің елдің көбі АЭС-ке қарсы болып жатқанын сіз де, біз де іштей біліп отырмыз. Жасанды интеллект оны да айтты. Айтты да біздің дегбірсіздікке демеу болатын осындай инфографика жасап берді. АЭС-ке басында қарсы болы, кейіннен көндіккен, ой кешіріңіз, қабылдаған елдер осылар екен...

🎙Сіз ше? Қандай ойда жүрсіз?


🔤🔤🔤 ✍️Еліміз атом энергетикасын қолдануға қатысты тағдыршешті табалдырықта тұр. Аса маңызды тақырыптан жасанды интеллекті де тәп-тәуір хабардар, әрине. Сондықтан АЭС-тің біз білмейтін қыры туралы «OpenAI» компаниясы жасаған нейрожүйе – «ChatGPT»-мен әңгімелесіп көрдік.

❓– Жасанды интеллект, АЭС-тің ел ертеңіне аса қажет екенін түсіндік. Бірақ бізді оның салыну үдерісі мен сапасы алаңдатады.

🅰️🔠–Алаңдаушылық өте орынды. АЭС салу – күр­делі, жауапкершілігі жоғары үдеріс. Сон­дық­тан оның әрбір кезеңі аса мұқият­ты­лық­ты талап етеді. Мен әлем елдеріндегі сапа мен қауіпсіздікке қатысты бірнеше маңызды аспектіні талдап көрдім. Сіздерге кезең-кезеңімен ұсынайын. Біріншіден, дұрыс технология мен мердігерді таңдауға баса мән берген абзал. Қазақстан халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлемдік деңгейдегі компаниялармен жұмыс істеуі керек. Екіншіден, құрылыс сапасын бақылау, әсіресе, ядролық қауіпсіздікке келгенде өте қатаң талап қойылуы қажет. Бүкіл әлемде АЭС құрылысына тәуелсіз бақылаушылар мен халықаралық сарапшылар қатысады. Сіз­дерде де қадағалау мен бақылау жүйесі жоғары деңгейде болуға тиіс. Үшіншіден, атом энергетикасында қауіпсіздік май шаммен қаралуы маңызды.

❓– Халық алдындағы ашықтық демек­ші, біздің қоғамда АЭС салуды жақ­тайтындар сынға ұшырап жатыр. Халық қай жағаға шығарын білмей отыр.

🅰️🔠– АЭС салу мәселесіне қатысты қоғамдағы екіұдай пікірдің болуы қалыпты. Кез келген мемлекетте солай болады. Себебі бұл – стратегиялық, экологиялық, әлеуметтік маңызы зор шешім. Мұндай күрделі мәселеде халықтың пікірін білу, түсініспеушілікті шешу, сондай-ақ барлық тәуекел мен артықшылықты түсіндіру – биліктің басты міндеті. АЭС туралы нақты ақпарат пен білім жеткіліксіз болғанда қоғамда қауіп пен сенімсіздік басым болады. Жалпы, адамдарда атом энергетикасы туралы терең білім жоқ. Сол себепті тек тарихи апаттардан (Чернобыль, Фукусима) қалған қорқыныш алдыңғы қатарға шығады. Содан кейін мемлекеттік органдар мен жобаны жүзеге асырушылар тарапынан ашықтықтың болмауы күдік тудырады. Радиоактивті қалдықтардың ұзақ сақталуы да үлкен үрей туғызады. Қалдықтарды қауіпсіз сақтау мәселесі толық түсіндірілуі керек. Қоғамдық сенімнің төмен болуы халықтың ірі жобаларға қатысты күмәнін күшейтеді. Егер билік органдары мен жауапты тұлғалар халықтың сенімін оятпай, ашық диалог жүргізбесе, бұл жобаларға қарсы тұрушылар саны арта береді. Кейбіреулер АЭС-тің орнына жаңартылатын энергия көздеріне (жел, күн) көбірек көңіл бөлу керек деп есептейді. Бұл энергия көздері экологиялық тұрғыдан таза әрі қауіпсіз екені рас. Десе де, АЭС пен баламалы энергия көздерінің арақатынасын жұрт жіті білгені қайырлы қадам болар еді.

🔗 Толық сұхбатты мына жерді басып оқыңыз. Жасанды интеллект біз туралы қызық әрі тосын мәлімет айтты☄️




реакторларында пайдалануға бола ма? Ол бар­лық реакторға жарамды ма?

– Иә, егер реактор AFA3G™ француз дизайнындағы жылу бөлетін құрамаларда жұмыс істесе, әрине, болады. Сәйкес дизайн таңдалған жағдайда ҮМЗ-де отын жинағын дайындау әбден мүмкін. Қытайдың, сондай-ақ Францияның да ұқсас реакторы болса игі. Егер ресейлік немесе корейлік дизайн таңдалса, оны жасай алмаймыз. Өйткені ол үшін басқа жи­нақтарға арналған жаңа өндіріс орнын ұйымдастыру қажет. Бірақ жоба экономикалық жағы­нан тартымды болуы үшін өнді­ріс қуаты жылына кемінде 200 тонна болуы керек. Отандық атом электр стансасының қайта жүктеуі небәрі 35 тонна (бір реактор) болатынын ескерсек, оны сатып алу оңай әрі арзан болады.
Әйтсе де, отын жинағын құрастыру зауытында орна­тылған қондырғы жылына 400 тонна уран эквивалентін шығаруға есептелген. Әзірге 200 тоннаны жария еттік. Көлемді ұлғайтуға кә­сіпорын жұмыс режімін өзгерту керек, яғни екі ауысымда жұмыс істеуге көшеміз. Ол үшін бірқатар әріп­тестермен келісім және үй­лес­тіру жұмысын жүзеге асыру керек.

– Егер АЭС салу туралы оң шешім қабылданса, болашақ атом электр стансасы үшін отын өндіруге ҮМЗ дайын ба?

– Атом стансасын салуға байланысты оң шешім қабылданған жағдайда, еліміз белгілі бір шарттарда оны өзінің ядролық отынымен қамтамасыз ете алады. Қазір «ҮМЗ» АҚ қатысуымен біріккен кәсіпорнының қуат­тарында AFA3G™ француз дизайнындағы жылу бөлетін құрамалар шығарылады. Егер стансаға отынның осындай түрі қажет болса, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндігіміз бар.
Тіпті, басқа реактор құры­лымы, сәйкесінше басқа дизайнды отын таңдалса да, «ҮМЗ» АҚ технологияны түзеткен соң отын таблеткаларын, яғни жылу бөлетін құрамаларды дайындау мақсатында құрамдас бөлік­тер­ді шығара алады. Бірақ кез келген жағдайда еліміздегі АЭС үшін ядролық отынның ком­по­­­ненттерін өндіру, сондай-ақ AFA3G™ дизайндағы жылу бөле­тін құрамаларды шығару үшін ҮМЗ-де барлық қажетті техно­ло­гия­лық мүмкіндіктер мен кадрлық кәсіби құзырет бар.

Әңгімелескен – Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»


🧭 «Ядролық отын даярлауға технологиялық қуатымыз жеткілікті»

Осыдан 50-60 жыл ілгері уран мен одан жасалатын ядролық отын қауіпті болған шығар. Қазір одан қатер жоқ. Ғылым мейлінше дамыды, атом элементтері ел игілігіне игерілді. Таяуда «Үлбі металлургия зауыты» АҚ басқарма төрағасы Сергей Бежецкиймен әңгімелесудің сәті түскен еді.

– Сергей Владимирович, зауыт бағыты туралы қысқаша айта кетсеңіз.

– Ұзақ уақыт бойы «ҮМЗ» АҚ уран өндірісінің соңғы өнімі – отын таблеткаларын шыға­рып келеді. Әлемде мұн­дай кәсіпорындарда толық тех­но­логиялық цикл бар, оның соңғы өнімі реакторға құюға дайын отын – отын жинағы болып саналады. Біздің зауыт 1977 жылдан бері уран түйір­шіктерін шығарады. Әрине, қазір заман талабына сай жаңардық.

– Уранды өндіру мен байыту елімізде қазір қай дең­гейде жүргізіліп жатыр?

– Елімізде уран қоры мол. Әлемде уран өндірісі бойынша екінші орында тұрмыз. Гео­тех­нологиялық полигонда уран тікелей өндіріледі. Оған жер асты шаймалау әдісі пайдаланылады. Ғалымдар бұл тәсіл қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әрі өнім­ділік жағынан ең тиімді әдіс екенін айтып жүр. Ұңғымалар арқылы уранды жер астында ерітіп, да­йын өнімді еріткішке дайындап, сору ұңғымасы арқылы арнайы ері­тінді қабыл­дау мен тарату қондырғысына жет­кізеді. Жер асты­нан алынған сұйықтық бір­неше сатыда химиялық өңдеу­ден өтеді.
Одан кейін табиғи уран отын жобасы шеңберінде Ре­сейге конверсияға (уран гек­саф­торидінің өндірісіне), одан кейін байытылуға жіберіледі. Ядролық отынды алуға табиғи уранды уранның гексафториді түрі­не көшіру қажет және 235U изотопы 5% төмен деңгейге дейін уранды байытуды жүргізу керек. Байыту үдерісі бірнеше ай жүреді. Әрі қарай байытылған уран өнімі ұнтақ пен отын таблеткасын өндіруге «Үлбі металлургия зауытына» жеткізіледі.
Қазір елде уран өндіру едәуір артты. Былтыр 21 112 тонна өндірілсе, биылғы жоспар – 22 500 тонна. Әзірге өндірілген табиғи уранның басым бөлігі өзге елдерге экспортталады. Ядролық отынның 40-45%-ы Азияға кетсе, қалғаны Еуропа мен АҚШ-қа жөнелтіледі.

– Кәсіпорында ядролық отын қалай өндіріледі?

– Отын таблеткасы – ядролық отынның негізгі компоненті. Бұл 235U изотопы бойынша байытылған уран диоксиді ұн­тағын нығыздау, одан әрі қақтау әдісімен өндіріледі. Отын таб­леткаларын шығарудың тех­но­логиялық үдерісі – өте күр­­делі, жоғары технологиялық өндіріс. Таблеткаларды да­йын­дау екі кезеңнен тұрады. Алды­мен уран гексафторидінен кера­микалық сұрыпты уран диок­сидінің ұнтағын шығару іске асырылады, бұдан кейін алынған ұнтақтан ұнтақты металлургия әдісімен таблеткаларды дайындау жүргізіледі.
Таблеткалар тегістеу, кептіру, геометриялық өлшемдерін және сыртқы түрін бақылау операцияларынан өтеді. Ұзындығы, диаметрі, ақауларының болуы бойынша бақылаудан өтпей қалған таблеткалар өндірістік үдеріске қайтарылады.
Өндірістік таблеткалардың бір бөлігі «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытына жіберіледі, мұнда заманауи технологияларды қол­данумен оларды қуыс құбыр­шаларға – жылу бөлетін элементтерге (твэлдер) салады. Бұдан әрі твеэлдер жылу бөлетін құрамаларға жиналады. Жылу бөлетін құрамалар – соңғы өнім, ядролық реакторда жылу энергиясын алуға арналған жоғары технологиялық, машина­құрас­тырушы бұйым.

– Зауытта өндірілген яд­ролық отынның басқа елдер мен компанияларда өн­ді­рілетін ядролық отынмен са­лыс­­тырғанда қандай айыр­ма­­­шылығы бар?

– Үлбі металлургия зауыты отынының сапасы оны өндіру технологиясы иелерінің сертификаттарымен расталады. Бұрын «ҮМЗ» АҚ кеңес және Еуропа елдерінің АЭС қажеттіліктері үшін Ресей дизайнындағы ВВЭР және РБМК реакторларына арнап отын таб­леткаларын шығарған. 2011 жылдан бастап зауыт Қытай атом стансаларына француз дизайнындағы отын таблеткаларының сертифи­катталған жеткізушісі атанды. 2021 жылдан бастап «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС біріккен Қазақстан Қытай кәсіпорнында («Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – 51% («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компаниясы) және CGNPC-URC – 49%) AFA3GTM дизай­нындағы жылу бөлетін құрамалары шығарылады. Өнім CGN қы­тайлық корпорациясына тиесілі ҚХР атом стансаларына жеткізіледі.

– ҮМЗ-де дайындалған ядро­­лық отынды Қытайдан басқа елдердегі АЭС


Қазір қолданыста 12 салық түрі бар. Алдағы уақытта 20%-ға азайып, тіпті кейбір төлемдер біріктіріледі. Салықтық жеңілдіктер де ретке келтірілмек. Тіпті 110 салық жеңілдігін алып тастау ұсынысы да көтеріліп жатыр. Одан бөлек, 29 салық жеңілдігін қолдану мерзімі шектеледі. Жалпы, «Кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал» деген Президент тапсырмасы жан-жақты қарастырылып, жауапты органдар іске кірісіп кетті.


https://egemen.kz/article/373170-salyq-tuytkilininh-tasada-qalghan-tusy


сайын банктердің де кәсібі өрлей түсетінін ұғыну керек. Сол арқылы халықтың төлем қабілеттілігі артып, қайтарылмай жатқан қаржының да қайтарылуы тез болады, – деген пікірде.


Мысалы, Еуропада банктердің экономикадағы қаржыландыру үлесі – 55-60%. Ал АҚШ-та 80%-ға дейін барады. Бұл – банктер экономикаға несие бере отырып, қаншама әлеуметтік мәселені шешеді деген сөз. Жаңа жұмыс орындары, кәсіпорындардың ашылуы арқылы бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын салықтық базаны қалыптастырады. Инфляцияның тежелуіне, нарыққа төленетін несие қаржысының төмен­деуіне де әкеледі.


– Тұтынушылық несиеден гөрі экономиканы, бизнесті несиелендіретін қаржы көздерін қарастыру маңызды. Ол үшін бизнестің де, халықтың да ұсынысы ескеріліп, заңда қарастырылғаны дұрыс. Заңда ұлттық мүдде бірінші орында тұруы қажет. Сондай-ақ бәсекелес орта болып, халықаралық банктердің де үлесі артуы керек. Жақсы нәтиже бәсекеден ғана туады, ал ол өз кезегінде сапаға әкеледі. Қорыта айтқанда, экономиканы дамытатын қандай несиелер бар, соның барлығы «Банктер туралы» заңға енгізілуі керек, – дейді сарапшы.


Қаржы нарығындағы қатаң шара


Екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік секторға деген ықыласы көңіл көншітпейтінін жиі айтып жүрміз. Банктер жыл басынан бері 1 трлн 38 млрд теңге табыс тапса да, ішкі жалпы өнімдегі қаржыландыру үлесі – айтарлықтай көп емес. Кейінгі кездері сынға түскен бұл мәселені Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірігіп, бірқалыпқа түсіруге тырыспақ. Жыл соңына дейін ел ішіндегі тұтынушылық несиелендіруді азайтамыз дейді.


Халықаралық сарапшылар дерегіне сүйенсек, біздің банктер ресурсқа бай елдер ішіндегі көп пайда табатын банктер санатына жатады. Сонда да банктер беретін несиесінің 70%-ы – тұтынушылық несие.


– Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіндегі әріптестеріміз биыл тұтынушылық несиелердің өсу қарқынын сәл бәсеңдетуге көмектесетін белгілі бір шараларды енгізді. Біз биыл жыл соңына дейін қабылданған шаралардың салдары қандай болатынын талдауды жоспарлап отырмыз, егер олар жеткіліксіз деп есептесек, онда біз тұтынушылық несиелеудің тым жылдам өсуімен күресу үшін белгілі бір макропруденциалдық құралдармен контрциклдік шараларды бастауға болады. Енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып, олар бізге тұтынушылық несиелендірудің өсуін біршама бәсеңдетуге көмектесуі керек деп есептейміз, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.


Сонымен қатар А.Баймағамбетов «Курсивке» берген ақпаратында қазір­дің өзінде қабылданған шаралар тұты­нушылық несиелердің өсуін тежеуге жеткілікті болуы мүмкін деген тосын жаңалық айтты. Соған қарағанда қатаң шаралар қарастырып жатқан көрінеді.


– Мүмкін тұтыну несиелерінің өсуін азайту үшін қабылданған шаралар жеткілікті болар. Жақында агент­тік тұтынушылық несиелер бойын­ша шекті мөлшерлемені, тиімді жыл­дық мөлшерлемені 10 пайыздық тар­маққа төмендеткенін білесіздер, бұл да тұтынушылық несиелеудің тартым­дылығын азайтады, – деді ол.


Еске сала кетейік, «ARRFR» тамыз айында кепілсіз банктік қарыздар бо­йынша жылдық тиімді сыйақы мөл­шерлемесін жылдық 56%-дан 46%-ға дейін төмендетті. Дегенмен банктер әлі күнге дейін бизнесті несиелендіруге құлықсыз екен-мыс.


Төраға орынбасарының айтуынша, екінші деңгейдегі банктер қар­жыландырудың үш нұсқасын таңдай алады. Біріншісі – Үкіметті несиелеу, яғни мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу. Үшіншісі – бизнесті несиелеу, оған салық салынады, бірақ маржасы төмен.


– Сондықтан біз қазір Үкіметпен мемлекеттік бағалы қағаздардан қандай салық алу қажет екенін талқылап жатырмыз. Кем дегенде, бұл іс – банк­тер алғашқы екі нұсқаны ғана емес, үшінші нұсқаны таңдауға, яғни бизнесті несиелендіруге көбірек көңіл бөлуге ынталандырады, – деді Ұлттық банк өкілі.


Айтпақшы, Ұлттық Банк базалық инфляцияны 2025 жылдың соңына қарай 5% деңгейінде болжап отыр. Алайда жылу, электр энергиясы, су және басқа да реттелетін қызметтердегі тарифтердің өсуін ескерсек, сәл жоғары болуы мүмкін.


– Тарифтік инфляция келесі жылы ЕО-ның соңғы 12 айында 20-30% құрайды, тарифтер сияқты реттелетін қызметтерді қамтымайтын базалық инфляция жыл соңына қарай 5%-ға жақындайды, – деп түсіндірді Баймағамбетов журналистерге.


Қорыта келсек, Ұлттық банк дәстүрлі тәсілдерді қолдана отырып, ақша-несие саясатын қатаңдатуға тырысады.


Ал сарапшы Бауыржан Ысқақов болса, банктерге жауапкершілікті сезінетін кез келді деген ойынан танған емес.


– Банктерге мемлекет тарапынан осы уақытқа дейін қомақты қаражат құйылды. Мысалы, 2009 жылы 10 млрд доллардан астам көмек көрсетілді, теңгенің теңгерімділігін сақтау үшін 6 млрд доллар ақша бөлінді. Тіпті банктің қайта құрылымдау үдерісін қалыптастыру үшін жәрдемдесті. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген тү­сінік бар, яғни мемлекет керек уақытта банктерге көмектесіп, дағдарыстан шығуға жағдай жасаса, олардың да экономикаға қосатын үлесі артуы керек. Егер банктер болашағын елмен байланыстырса, бұл оларға үлкен мүмкіндік. Үкіметтің бизнестік ортаға, ин­вестициялық климатқа жасап отыр­ған жағдайы біз секілді дамып келе жатқан мемлекеттерден анағұр­лым жоғары. Экономика дамыған


«біздің POS-терминалға тапсырыс бер» дейтін анталаған жарнаманың да жалауы жығылмақ ондай жағдайда. Бірақ сау­да желілері бәрібір қандай да бір терминалды пайдалануы керек қой. Мұндайда Kaspi, Halyk секілді ірі қаржы ұйымдарының құрылғылары негізгі терминал міндетін атқаруы мүмкін. Не болмаса қай банктің қосымшасы арқылы төлесеңіз де қабыл алатын бейтарап QR-код жасалатын шығар.

Ал әзірге POS-терминалдарға қатысты мынадай бір мәселе бар. Ол – төлем кезінде ұсталатын пайыз сомасы турасында. Егер төлемді банк картасы арқылы жасайтын болсаңыз, комиссия көбірек ұсталады. Әр банкте әртүрлі, дегенмен орташа мөлшері – 1 мен 2 пайыз аралығында (тек «БанктЦентр Кредитке» ғана – 0,4 пайыз). Ал банктің картасымен басқа банктің POS-терминалына төлем енгізсеңіз 1,5 мен 2,8 пайыз аралығында комиссия ұсталады. Егер «мобильді пос» арқылы төлем жүргізілсе, пайыздық мөлшерлеме аздап төмендеу болады, шамамен 0,4-1,5 пайыз аралығында.

Жақында Мәжіліс депутаты Магер­рам Магеррамов QR-код арқылы жасал­ған төлем түбіртегі фискалды чекпен теңестірілуге тиіс деп мәлімдеме жасады.

«Нарықтағы тауардың басым бөлігі онлайн-дүкендер арқылы (соның ішінде банк қосымшаларындағы дүкендер) сатып алынады. Жергілікті бөлшек және көтерме саудадағы тауарларды сатып алу банктің POS-терминалы арқылы жүргізіледі. Осы эквайрингтік опера­ция нәтижесінде берілетін чектер фискалды чек болып саналмайды. Сәйкесінше, мемлекеттік кіріс органдарына жүзеге асырылған ақша операциясы туралы мәлімет берілмейді. Бұл тауар және қызмет саудасы нарығының «көлеңкеде» қалуына жағдай жасайды», деді депутат.

Бұл жағдай да кассалық аппараттың айналасында көп ұзамай тағы бір өзге­рістің болуы мүмкін екенін аңғар­татындай.

Қалай болғанда да, қазіргі POS-терминал – баяғы түймешесі көп кас­салық аппараттың заңды мұрагері, заманауи жабдық еді, енді оның өзі әжептәуір өзгерісті бастан кешетін сыңайлы.


Қош, POS-терминал!

Кейінгі бес жыл бедеріндегі технологиялық жетістіктер көп нәрсенің маңызын елеусіз етіп өте шықты. Әсіресе сауда үйлерінің кіре берісінде тұратын абажадай терминалдар күннен күнге «көзі тірі жәдігерге» айналып бара жатыр. Төлем терминалы деп аталатын бұл құрылғылармен қазір ешкім коммуналдық ақы төлемейді, ақша аудармайды, телефон шотын да толықтырмайды. Соңғы кезде қолдың басындай POS-терминалдар да «аға буынның» жолын құшқандай.

Алматылық кәсіпкер Иван Чер­каевтың басынан өткен жағдай еріксіз назар аудартады. «Digital Business» онлайн басылымында жарияланған дерекке сүйенсек, 2018 жылы Иван мен оның командасы Алматыда мыңнан астам POS-терминал орнатып, құрылғылардың айлық айналымы 500 млн теңгеге жетіп, айлық табыс 5 млн теңгеге дейін барады. Есте болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі бүкіл заңды тұлға POS-терминал орнатуға міндеттелген. Бастапқыда бәрі жақсы болады. Алайда нарықта Kaspi гегемониясының орнауымен, Иванның кәсібінің де басына «қара бұлт» үйіріліп шыға келген.

Әрине, бұдан кәсіпкер сағы сына қоймады. QR-кодқа байланған бизнес-құрылғылар орнатып, кәсіптің басқа қырына қарай ойысады. Бірақ технологиялық жетістіктің нарықты қоғадай жапырып өте шыққанын амалсыз мойындайды. Жыл басындағы дерек бойынша, QR-код пайдалану көрсеткіші әжептәуір ұлғайған. Қаңтар мен ақпанның қорытындысы бойынша, QR-код арқылы жасалған төлем көлемі 416,1 млн транзакцияны құраса, POS-терминалдар арқылы 367,3 млн транзакция жүзеге асырылған.

Қазір POS-терминал мен QR функция­сы өзара интеграцияланып, бір міндетті алма-кезек атқарып тұр. Яғни тұтынушы терминал көмегімен төлем жасау кезінде не QR-кодты сканерлейді, не картасын жанастырады. Сөйтіп, чек алады. Қазір елдегі жетекші екінші деңгейлі банктер өздерінің жаңаша POS-терминалдарын бизнес иелеріне ұсынып жатыр. Көп жағдайда ұсыныс білдірсе болғаны, банк өкілдері өзі апарып орнатып, қалай қолдану қажеттігін көрсетіп кетеді. Ал байырғы POS-терминалдар, яғни тек картамен төлем қабылдайтын ескі кассалық аппараттар нарықтан біржола кететін сияқты. Қазірдің өзінде оларды көп жерден көрмейміз. Картамызды бетіне тақап, сосын пин-код теріп жүргеніміз кеше ғана сияқты еді, технология тез дамып, жылдам өзгеріп жатқанының дәлелі бар.

Қазір ең көп көзге ілігетіні – Kaspi Pay мен Halyk Pos. Басқа банктер де өз сайттарында тиімді POS-терминалдар мүмкіндігін насихаттаған. Мұндай кассалық POS-терминалдан бөлек, мобильді POS-терминал да жылдам дамып шыға келді. Мұндайда кәсіпкер өзінің ұсынған тауары мен қызметі үшін төлемді QR арқылы қабылдайды. Ал біртіндеп келместің кемесіне мініп бара жатқан деп айтып отырғанымыз – дәстүрлі POS-терминалдар, яғни төлем картасына ғана негізделген портативті құрылғылар. Оларды қолдану аясы жылдан жылға тарыла беретін тәрізді.

Қазір дүкендерде, сауда орталықта­рындағы касса үстелінде бірнеше POS-терминалдың (бірнеше банктің құрылғысы) тұрғанын көреміз. Ал осыдан бірер жыл бұрын сол кездегі Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова бірнеше POS-терминал ұстап отырудың қажеттілігі болмайтын жаңашылдық енгізілуі мүмкін екенін айтып еді вице-министр.

«Сен кімнің клиентісің – «Halyk Bank» па, «Kaspi» ме, «Jusan» ба, маңыз­ды емес. Кез келген банк бір-біріні­кін оқи беретін QR болады. Ондай жағдайда бизнес оншақты POS-тер­минал ұстамайды, әр терминалға жеке-жеке ақы төлемейді. Бір ғана терминал болады, сол арқылы бүкіл нарық қатысушысымен жұмыс істеуге болады. Біз осыған ұмтылуымыз керек», деген еді.

Осы мәселе былтырдан бері қай­та шаң берді. Ұлттық төлем корпорациясының басшысы Бинұр Жәленов бүкіл банк үшін бірыңғай QR-кодтың енгізілетінін мәлімдеді. Жоба 2025 жылдың бірінші жартысында іске қосылмақ. 2024 жылдың соңына дейін қанатқақты режімде сынап көреді. Биылдың өзінде телефон арқылы банк аралық аударымдау жасау мүмкіндігі жүзеге асады. Әрине, бірыңғай QR-дың енгізілуі сауда желілері мен ірілі-ұсақты дүкендердегі қолақпандай POS-терминалдар санын да күрт азайтады деген сөз. Барлық банкке жалғыз QR-код жеткілікті болса, дүкен иелері әр банктің терминалына тапсырыс беріп қайтеді? Қаржы институттары сайтындағы




Мұндай да қызықтар болып тұрады. Жақында Атырау облысына екі түрік инвесторы келіп, ауқымды жоба ұсынып, сол күйі қайта оралмапты. Бұған не себеп? Жергілікті биліктің инвесторларға жағдай жасай алмауы ма? Әлде кәсіпкердің өз кәсібилігінде кінәрат бар ма?


Материалда егжей-тегжейлі жазылған.


https://egemen.kz/article/372747-iin-tiresken-investor-qayda



Показано 20 последних публикаций.