✨ Эмоцияға жол берген адамның ақылы істен шығады!
Бүгін эмоцияны ақылға бағындырудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Өмірде кейбір қиын сәттерді еске алған кезімде сол сәтті тағы бір мәрте бастан кешіргендей боламын. Сол сәт менде бүгін тағы да қайталанды.
Сол мезетте жүрегім ауырып , тынысым тарылып ішкі жан - дүниемнің астан кестеңі шықты. Сол бір сәттерді ойлап қайғы - мұңның тұңғиығына бата бердім. Тіпті өзімді жоғалтып қойдым. Алдыңғы мәрте ауырып қалуымның бір себебі де осы еді. Хош.
Содан кейін тынышталайын деп қараңғы бөлмеге кіріп жатып қалдым. Бірақ жүрегімдегі күйзелістер жанымды жегідей жеп , өкініштер өзегімді өртеп барады. Солай біршама уақыт дөңбекшіп жатқанымда кенеттен Алла Тағала менің ойыма бір ойды сала қалды. Әрі сол ой менің ақылымның жұмыс жасауына себепші болды. Ақылыммен ойлана бастадым. Сол қиындықтарды таразылай бастадым. Сол бір сынақтың болашақ өміріме қаншалықты жеңілдіктер алып келетінін және мені қаншалықты Алла Тағалаға жақындата алатынын түсіндім. Алла Тағаланың менің болашағым үшін ең хайырлы істерге жол сілтеп тұрғанын ұғындым.
Солайша жүрегім орнына келіп сол бір тұңғиықтан суырылып шықтым. Ал мені құтқарған сол бір ақылыма сап ете түскен бір ой еді. Яғни Алла Тағала өзі салған ой...
Айтқым келгені өмірде бірнеше ауыр сынақтарға тап боласыз. Ол сынақтың ащщы дәмін татқан кезде өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Ал ол сынақтан аман шығудың жолы эмоцияны ақылға бағындыру екен. Қашан сол нәрсеге шамаңыз келсе сынақтардың артындағы Алланың сізге қалаған ең хайырлы нығметтерді көре аласыз. Ал егер эмоцияңызды жеңе алмасаңыз онда Алла Тағалаға жалбарынып көмек сұраңыз. Мүмкін сол кезде ақылыңызға эмоцияңызды бағындырып беретін болар...
Алла Тағала өзінің рахымынан үміт еткен құлын ешқашан қор қылмайды екен ғой. Үмітің үзіліп бәрі бітті деген кездеріңде Алланың жәрдемі келіп барлығы жаңадан басталғанын сезесің...
Расында өмірдің алтын қағидаларында мынадай сөздер бар :
Жеңіске жету қиындықтардан кейін болады.
Тас қараңғылықтан кейін арайлап таң атады.
Әрбір қиындықтан кейін жеңілдік бар...
#бүгінгі_күннен