Magrifat


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Похожие каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Ассалаумағалейкүм уа рахматуллахи уа баракатуһ!

Сіздермен жаңа кітаппен бөліспекшімін.


Бұл кітапта "қажылық" - "умра" - ға қатысты пәтуалар жиналған.


Ерекшелігі:
Кітапта керекті мәселелерді қысқа әрі жүйелі түрде жазылған.
Кітап барлығына қол жетімді болуы үшін бағасын қатты қымбат қылмадық.

Автор: Байлепесов Жаңаберген

Кітап бағасы: 990₸.

Төлем жасау үшін:
+77768440365 ақшаны салып сол нөмірге түбіртекті  жібересіз сізге пдф форматын жібереміз.

Алла баршамызға разы болсын.






Қазақтың жеті шелпегінде жеті түрлі хикмет бар:
1)Садақа
2)Көршімен жақсы мәміле
3)Аурудың жағдайын білу
4)Жолаушыны тойдыру
5)Біреудің қажетін өтеу
6)Өлгенге сауап бағыштау 7)Үлкеннің батасын алу

#Түйінім




Өмірін түзегісі келген жанның ең бірінші амалы "кәлима
шахадаттан" бастау алады.

#Түйінім


Әйелді орнына қою керек деушілер әйелдің орнын біледі ме екен өзі?
Өкінішке орай көбісі білмейді
.

https://t.me/magrifatta


Қорыта айтсақ:

Егер өлеңде Алланы еске түсірсе, Пайғамбарымызды ﷺ мақтап, салауаттар айтылса, игі сөздер аспапсыз орындалса -- ондай өлеңдерді тыңдау рұқсат.

Үлкен ғалым Зайлағи "ат-Табин" атты еңбегінде: «Егер өлеңде үкімдер, ғибраттар, фиқһ үкімдері аспапсыз орындалса -- мәкрух емес.» - деген. (6/14)

Бірақ әйелдердің нашид айтуы бұл үкімнен тыс, оларға рұқсат емес.

Ибн Хумам "Фатху ал-Қодир" атты еңбегінде: «Әйелдердің бұл өлеңдерді айтуы арсыздық іс болғаны үшін харам.» - деген.

Сол секілді тірі әйелдің бейнесін сипаттауға, адамдардың шахуат қалауын оятуға, екі жыныстың бір-біріне сағынышын арттыратын өлеңдерді айтуға, мейлі ол өлеңді ер кісі айтқан болса да рұқсат емес.

Әр түрлі дыбыс шығаратын аспаптар немесе жаңа техналогияларды қолданып, сол әндерді шығаратын апараттар, немесе компьютер арқылы өлеңдер шығару -- рұқсат емес. Оған төмендегі риуаяттар дәлел болады:

А) Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Менің үмметімнен сондай адамдар пайда болады, олар азат адамды құл қылып сатуды, жібекті (ерлерге кигізуді), ішімдікті, музыкалық аспапты өздеріне халал қылып алады.» - деген. (Сахих Бухари 5/2123)

Б) Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Менің үмметімнен кейбір адамдары ішімдікті өз атауымен емес басқа аттармен атап ішеді. Бастарын музыкалық аспаптармен, иконалармен ұратын болады. Алла оларды жерге батырып, оларды маймыл мен доңызға айналдырады.»
Сахих ибн Хиббан 15/160, Мауариду Зомән 1/336)

С) Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Шындығында, Алла Тағала мені әлемге рахмет ретінде, тура жол көрсетуші ретінде жіберді. Алла Тағала маған мағазиф (гитара іспеттіні) жəне мазамирді (сыбызғы іспеттіні) жоюды бұйырды....» - деген.
(Муснад Ахмад 5/268, Муснад Таялуси 1/154,Муғджамул Кабир 8/196,Шағб Иман 5/243)

https://t.me/magrifatta


Музыка тыңдау харам ба?

Қазіргі таңда мұсылмандардың көбісі ұлы болған діндерінен ұзақтап,өз елін құрдымға батырған батыс елдерінің әндерін ынтасы ауып тыңдайды.Батыс елдерінің жағдайлары және де оларға ұқсағысы келген өнер адамдарының өмірлері қазіргі мұсылмандардың жақсылық пен жамандықты ажыратып беретін таразысы іспетті өмірлерінің өлшемдеріне айналған.Адамдардың арасында таралып кеткен ең үлкен бәлекет ол адам жиеркенетін,ұсқынсыз әндер.Осыған қарамастан әндерді әр қайсысын фиқһи негізбен бөліп қарастыру керекпіз.Олар:
Бірінші: Әндегі сөздердің қолданысы:
1)  Мәкрух тахриман – әннің қолданған сөздерінде ғашықтықтың,бос нәрселердің болуы.Ол - әйелдерді,бойжеткен қыздарды бейнелеуі,ғашық болған кезіндегі ғашығына деген сезімдерін немесе көзсіз махабаттан,ғашығынан ажырап қалған кездегі тартқан азабы жайлы суреттеп айтуы.Жоғарыда айтып кеткен сипаттар және белгілі бір тірі әйелдің бейнесін бейнелеу,елітіп адамның назарын аудару үшін ішімдікті,құмарханаларды сипаттау  немесе мұсылманның не мұсылман мемлекетінде өмір сүретін өзге дін өкілін мазақтап,абыройын түсіру ниетінде арнайы өлең жазу,(бірақ куәлік ретінде немесе сөзінің астарын түсіндіру ниетінде болса бұл ол мәселеден тыс) рұқсат емес.
Онымен шұғылданып,оны өзіне мамандық қылып, Алланың дінінен,шариғи ілімдерден ұзақтау мәкрух.Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен  сәлемі болсын):
«لأن يمتلئ جوف الرجل قيحاً خير من أن يمتلئ شعراً»
«Адамның ішіне өлең толғаннан, ірің толғаны жақсырақ» - деген.(Сахих Муслим 4/1769,Сахих Бухари 5/2279 бет.) Бірақ, бұл өлеңдермен егер де терең астарлы мағыналарды,көркем бейнелерді,ұқсастықтарды ашықтау үшін жаттаған болса әбестік жоқ.Өйткені әдебиет ғылымында бұл секлді ұқсастықтарды тілге тиек еткен ғалымдар бар.(Роддул мухтар 1/47)
2)  Мубах – сөздерінде бос сөз нәрсе жоқ болғандары.Ол – ешқандай реніш жоқ,айыптауы жоқ,мұсылмандардың бірін төмен көріп намысына тиіп,айыбын әшкерелемейтін сөздер.(Әшбахун назаир 4/126) (Дуррул Мухтар 1/45-48)
-  Өмірден өткен белгілі бір әйелді сипатын айту мубах.Тірі белгілі бір әйелдің сипатын сиаттау бұл қағидадан тыс.(Фатху ал-қодир 7/9/409.)
Екінші: Музыкалық аспаптар жайлы.
1)  Харам болғандар: Ол –өлеңсіз музыкалық аспаптар,ағаш пен қамыстан жасалған  сыбызғы,сырнайлар секіді,немесе бұлардан өзге   материалдардан жасалған уд,гитара аспаптары секілді ,Алланы еске алудан тосатын қандай да бір музыкалық аспап барлығы бірдей харам.
2)  Мубах болғандар: Ол – үйленуде қолданатын «дуф» - аспабы немесе соған ұқсас қуанышты білдіретін аспаптар. «Дуф» - тан басқа аспаптарды қолдану  мәкрух.(Бахр ар-ройқ 7/88) Фиқһ ғалымдары «дуф» -тан мақсат етілген нәрсе ешқандай әшекейлермен әшекеленбеген болуы. – деген.(Фатху ал-қодир 3/184) Оған мына хадистер дәлел болады:
А) Робиғ бинт Муғууаз (Алла олардан разы болсын) былай деген:
«Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) азанда (той күні)үйге келіп менің көрпеме отырды...Сол жердегі әйелдер дуфты ұрып Бәдір шайқасындағы әкелерінің соғысы жайлы мақтау өлең айтып жатты.Бір әйел өлең арасына :«Арамызда ертеңді білетін Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бар.» - деп еді, Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Былайша айтпа» -деді. (Сахих Бухари 4/1469)
Б) Айша анамыздан (Алла оған разы болсын): «Бір әйелді ансарлық бір жігітке үйлену үшін алып барғанда: Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен  сәлемі болсын) : «Әй!Айша,сендер сайран салып келмедіңдер ме?Ансарлар сайран салғанды жақсы көреді.» - деген еді. (Сахих Бухари 5/1980).
С)Амр ибн Сағид былай деген: «Қурза ибн Қағб және Әбу Масғуд Ансариді тойда отырғандарында кіргенмін.Сол кезде әйелдірдің өлең айтып жатқандарын көрдім.Олардан: «Сендер Пайғамбарымыздың «Алланың игілігі мен  сәлемі болсын) үлкен сахабалары бола тұрып және Бәдір шайқасының қақармандары бола тұрып осыны жасайсыңдар ма?(Яғни өлеңді тыңдайсыңдар ма?). – дегенімде, олар: «Отыр!Қаласаң тыңда,егер қаламасаң кете бер.Біздерге тойда сайран салуға рұқсат еткен.» - деді.(Мужтаба 6/135, Мустадрок, 2/201 бетте сахих деген.)




Әйелдің сезімі желкенін жайған кеменің бағыты іспетті жел тұрса өзгере береді.

#түйінім


Дін атынан тек екі - ақ адам сөйлеуді екен. Бірі ғалым,екіншісі надан.
#түйінім


Абыройға жетуге болады бірақ оны көтеріп жүру қиын.

✅Қадыр Мырза Әли


Табаридің тәпсірінде 22:46: ибн Аббас пен Убайдадан (Алла оларға разы болсын) былай дегенін келтіреді: «Алла Тағала мүмін әйелдер егер бір қажеттілік үшін сыртқа шыққанда бастарынан түсіп тұратын және тек бір көзі көрініп тұратын жилбабты киюге бұйырған.» - деген.
  Әбу Бакір Жассас «Құран үкімдері» - кітабында: «Бұл аятта жас әйелдердің өзге ерлердің алдында жүздерін жасырып, жабуды көрсетуі сыртқа шыққаннан кейін арын сақтауға бұйырылғанына дәлел.Бұл жүрегінде дерті бар адамдардың дәмеленіп қалуынан қорғау үшін.»
   Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «.....Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін....» Нұр сүресі 31 аят. Бұл жердегі «өздігінен көрінгендерінен басқа» - деген аяттың мағынасын ибн Масғудтан және Иброхимнен(Алла оларға разы болсын)  келген риуаятта: «киім» - деп ашықтаған. Мустадрак 2/431, ибн Әби Шайба бұл риуаятты сахих деген 3/546, Шарх Мағани Асар 4/332,Муғжамул Кабир 9:228.

  Сунан Әбу Дәуітта келген хадисте Айша анамыз (Алла оған разы болсын) былай деген: «Алла алғашқы алғашқы мухажир әйелді рақымына алсын.Алла Тағала «бүркеншіктерін омырауларына түсірсін» аятын ең алғашқы түсірген кезінде изар іспетті киімдерін бастарына бүркей етіп киіп алды.» 4/61.
 
  Сахих Муслимде келген хадисте: Умму Атия (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Иә,Алланың елшісі!Біріміздің жилбабы болмаған жағдайда не істейміз? – дегенде, Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Басқа мұсылман бауырынан сұрап кисін. – деген.» 2/202.

Түйіндеме:

Төрт мазхаб ғалымдары бір ауыздан бүлік болған жағдайда әйелдерің жүздерін жабудың міндет екеніне келіскен.Ал бүлік болмаған жағдайда міндет емес мұстахаб.Алайда бұдарды ашқан жағдайда ол әйелдің басқа мүшелін ашқан секілді үкімде болмайды.Өйткені бұлар өзге мүшелермен салыстырғанда әурет емес.

https://t.me/magrifatta


Бұл Ханафи мазхабының әйелдің жүзін жабуды уәжіп деген ғалымдар.Содр Шахид Мәзә былай дейді: «Жас әйелдер бүлікке себепші болмас үшін жүздерін ашпауы керек.Біздің заманымызда жүзді жабу уәжіп.Пасықтықтың басымдылығына қарап парыз десек те болады.»Мажмағал анхур 1/81. Зайнул Абидин ибн Нужайм Бахр ар-Ройқта былай дейді: «Біздің бүлікке толы заманымызда жас әйелдің ерлердің арасында жүзін ашуына ғалымдарымыз тиым салған». Бахр ар-Ройқта 1/284.

  Шәмсуддин Тимурташи мен Хаскафи «Дурруд Мухтар шарх тәнуир ал-абсор» атты еңбекте былай дейді: «Жас әйел адамның жүзін ерлердің арасында ашуына болмайды.Бұл жүзі әурет болғандығы себепті емес,бүліктен сақтану үшін -яғни арсыздық пен шәхуаттан сақтану үшін- Мысалы шахуатқа түспейтініне сенімді болып тұрса да жүзін ұстау секілді.Өйткені ұстау қарауға қарағанда ауыр.Сол ұстау себепті мусахромен үйленуге тиым салынды.» 

Ибн Абидин  «роддул мухтар» атты еңбегінде былай дейді: «Әйелдердің жүздерін ерлер көріп бүлікке түсіп кету қәупі болғандығы үшін жүздерін ашуына тиым салынады.Өйткені жүзін ашқасын ерлер шахуатпен қарайды.Ер кісі шәхуатқа түспейтініне сенімді болып тұрса да әйелдің қолы мен жүзін ұстаудан қалай тиым салынған болса жүзіне қараудан да солай тиым салынады.» Роддул мухтар 1/406.
 
  Имам Малики мазхабындағы көзқараста дәл осы секілді.Мәуәхиб ал-Жәлил атты еңбекте былай делінеді: «Егер әйелдің бүлікке түсіп қалуынан қәуіптенсе жүзі мен қолын жасыру міндет болады.Қоди Абдулуаххаб шейх Ахмад Зарруқтан «рисаланың» шархында былай деген: Әйел кісіге міндет болатын да осы.» - деген. Мәуәхиб ал-Жәлил 1/499. 
       Шафиғи мазхабына келсек оларда жүзді жабудың уәжіп екенін ашық айтқан.Оған дәлел «Футухатул уәххаб» және «Тәжрид линафғи абид» атты еңбектертегі мына сөздер: «Әйел адамның жүзі мен қолын жасырудың міндет болуының себебі оның әурет болғандығында емес.Нағыз себеп әйелге қарау көбінесе бүлікке себепші болғандығы үшін.» Ал, «Хулайби уә Умайри» - атты еңбектің түсіндірмесінде: «Жүздерін ашық күйінде сыртқа шығуына тиым салынады.Өйткені жүзін ашу харамға түсуге себеп». Ханбали мазхабы да осы көзқараста.

  Мухаммад Шафиғ Усмани «Тафсил ал-Хитоб» атты еңбегінде: «Біздің заманымыздағы кейбір өзін ілім иесі санайтындар істі қиындатып жібергесін сөзіміз ұзарып кетті.Менің мәселені егжейлі-тегжейлі тексергенімнің нәтежесі бойынша  Шафиғи,Малики,Ханбали мазхабтары өзге әйелдің жүзі мен қолдарына қарауға және зәрулік тумай жүздерін ашуға бір ауыздан тиым салған.Бұл намаздағы әурет болғандығы үшін емес бүлікке себеп болар орын болғандығы үшін.» «Тафсил ал-Хитоб 3/466.»  
 
  Жоғарыдағы айтылған тұжырымдардан әйелдің жүзі мен қолы бүліктен қәуіптенген жағдайда жасыру уәжіп екені айқын болды.Тіпті имамул Харамайн мұсылмандардың бұл мәселеде бір ауыздан келіскенін(ижмағ) айтып былай деген: «Мұсылмандар әйелдедің жүздерін ашып сыртқа шығуына болмайтындығына бір ауыздан келісті.Өйткені қарау бүліктің бастамаса және шахуатты оятушы.Шариғаттағы ең тиімді тәсіл бұл бүлік есігін жауып тастап өзге әйелмен жеке қалу іспетті жағдайларды жекелеп ашықтаудан ұзақта қалу». Әснә ал-Мутолиб 3/109, Ғурор ал-Бахия 4/96. Тухфатул ал-Мухтаж 7/193,Нихаяту ал-Мухтаж 6/188,Хашияту ал-Жамал 122, Хашияту ал-Байжурми 3/373.

  Олардың дәлел қылатыны дәлелдері мынау: Алла Тағала Құран Кәрімде:  «Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді.» (Ахзаб /59)
Сунан Әбу Дәуітте Умму Сәлама (Алла оған разы болсын) былай дейді: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын.» - аяты түскен кезінде ансарлық әйелдер бастарын жапқандығы соншалықты бастарында құдды бір қарға тұрған секілді шыққан еді.» 4/61.


Әйел адамның жүзі мен қолын жабуының үкімі

Бұл мәселе ауам халық пен шариғи білім алып жүрген адамдардың арасында көптеген түсініспеушліктерге жол ашуда.Өйткені білімнің негізгі қайнаркөзінен және нағыз ғылымның иесі болған фақиһ мужтаһид ғалымдардың кітаптарына назар аудармауында.
Алдымен жүз бен қол әурет емес екенін көпшілік ғалымдар тілге тиек еткенімен, жүз бен қолды өзге ерлердің алдында ашып жүру керек дегенді білдірмейді.Өйткені «хиджап» пен «әурет» екі бөлек термин.Әуретті жабу – намазда болсын намаздан тыс уақытта болсын өздігінен жеке парыз және оны адамдардың көруіне тиым салынған.Ал,хиджабқа келсек өзге ерлердің көзіне түсіп қалудан сақтанған жағдайда ғана кию керек болады.
Екінші әуретті жабу ерлерге де әйелдерге де парыз. Ал хиджап тек әйелдерге ғана арналған.Мұхаммед Шафиғ Усмани өзінің «Тафсил хитоб фи тафсир хиджап» -атты еңбегінде әурет пен хиджаптың арасындағы айырмашылықты талқылағаннан кейін былай дейді: «Көпшілік адамдар жүз бен қолды әуреттен саналмайтындығына және хиджапты міндет емес деп дәлелдер келтірген.Олар әйел адамның жүзі мен қолын туысы болсын өзге ерлер болсын жалпы ашық жүруді рұқсат еткен.Бірақ алып келген дәлелдердің көбісі әлсіз екені анық болды». 
 
Жүз бен қолдын әурет еместігіне төмендегідей дәлелдер келген:      
1)  Сахих Бухариде келген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Ихрамға кірген әйел ниқап пен қолғап кимесін» - деген.(2/653). Бұл жерде жүз бен қолды Пайғамбарымыз  ﷺ жабудан тиым салғанымен әуретті ашуға бұйырып тұрған жоқ.
Хафиз Ироқи «торх тасриб» - атты еңбегінде былай дейді: «Бұл хадистегі ниқабтан тыю әйел адамның жүзіне тиіп тікелей жанасатын киімді киюіне болмайтындығына дәлел.Егер жүзге жанаспаса жабуға болатындығына төрт мазхаб имамдары және көпшілік ғалымдар келіскен». Ал, жүзге жанаспай жабылатын киімнің рұқсат және мұстахаб екеніне қатысты мазхаб ғалымдары кітаптарында айтып өткен.

2)  Имам Шафиғи (Алла рақымына алсын) «Ум» атты кітабында былай дейді: «Егер жүзі ашық әйел, адамдардан жүзін жауып, жасырғысы келсе жилбатың немесе химардың кейбір бөлігін немесе басына киетін қандай да бір киімнің бір бөлігімен түсіріп жабуына болады.Жүзіне жабатын жабылғы іспетті қылады бірақ жүзінен алшақтатып киеді.Алайда ниқаб киюіне болмайды.»
3)  Шәмсул ә-имма Сарақси (Алла рақымына алсын) «Мабсут» - атты еңбегінде былай деген: «Егер жүзіне тимейтіндей басынан төмен химарды түсіретін болса ешқандай әбестік жоқ.Өйткені жүзді жабу оған тимейтін емес оған тікелей жанасатын киіммен жүзеге асады.Бұл шатырдың астындағы заттың үкімінде болады.» 4/128. Басқа ғалымдар да былай деген: «Ихрамға кірген әйел егер жүзіне жанаспайтын бір затты басынан төмен түсіру мұстахаб.Бұған шатыр секілді бас жағына бір тіректер секілді қылып жүзіне қойып оның үстінен киімді кигізген.» Фатхул қадир 2/512, Шурунбулали 1/234. \
Бұған Әбу Дәуіттің (Алла рақымына алсын) сунан кітабында(2/167) және Имам Байхақидың сунан  кубросында (5/48) келген хадисті дәлел қылған.Айша  (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Біз махрамдар Пайғамбарымыздың ﷺ қасында отырған кезімізде атты кісілер біздің қасымыздан өтті.Біздің жанымыздан өтіп жатқанда арамыздан біреу басындағы жилбабын жүзіне түсірді.Ал олар өтіп кеттеннен кейін қайта аштық.»    

Келген ашық тиымға қарамастан жүзді жанастырмай жабудың рұқсаттығы және бұның ихрамда сүннет болуы ихрамнан тыс уақытта жүзді жабу уәжіп үкімін береді.Бұл біздің фақих ғалымдарымыздан түсінгеніміз. Кәмал ибн Хумам өзінің «Фатхул қодир»-  атты кітабында 2/512, Шурунбулали «Хашияту Дурор» кітабында 1/234, Шейхи Зәдә «Мажмағал анхур» - кітабында 1/285   былай дейді: «Бұл айтылған мәселелер зәрулік тумай әйел адамның жүзін өзге ерлерге ашуға болмайтындығына дәлел болды.Сол секілді келген хадисте бұл мәселеге құжат болды.»Яғни: Айша анамыздың(Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисі.




Шәкәрім атамызды дінді оқып енді танып жатқандаймыз.

https://t.me/magrifatta


Имам Қуртуби (Алла рақымына алсын) былай деген:
"Егерде тәкаппар адамды көрсеңіз, оның намазды аз қылатынын немесе мүлде намазсыз екенін біліңіз!Өйткені
тәкаппарлық пен сәжденің көптігі бір жерде бірікпейді."


https://t.me/magrifatta


Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін.
Жастық құрған жібек торға түспедім.
Мен бір сағат кем ойнадым басқадан,
Мен бір сағат артық жұмыс істедім.
Жөні басқа аңыз бенен ертектің.
Жырдың қиын сынағынан ерте өттім.
Мен бір сағат кем ұйқтадым басқадан
Мен бір сағат артығырақ тер төктім.
Жоқ өмірдің маған берген пұрсаты.
Көп нәрсені ұқтырады жыр сапы:
Сол бір сағат артық еңбек арқылы
Биік тұрсам биік тұрам бір саты!

Қазір Мырза Әли

https://t.me/magrifatta




Сұрақ: Әйел адамның жүзі мен қолын жабудың үкімі қандай?

Показано 20 последних публикаций.

56

подписчиков
Статистика канала