Руслан Меделбек


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Саяхат, журналистика, тіл меңгеру және спорт жайлы жазбаларымның бәрін осы жерден таба аласыз. Әлеміме қош келдіңіз.
Прага 🇨🇿 тұрғыны

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Токио 🇯🇵жазбалары #1
Жапония бөлек әлем. Токиода құдды бір сән апталығына я сән көрмесіне келген сияқтысыз. Токиодағы ең танымал Шибуя мен Харадзюку ауданына бара қалсаңыз модниктер. Жастардың киім үлгісі, шаш үлгісін көріп таң қаласың. Аниме әлеміне де тап болдым. Шаштары аққа боялған, кекілі екі көзін жауып тұрған жігіттер, екі бетін алқызыл ғып бояп, қызыл-жасылды көйлек қиген қыздар... Мұндай киім үлгісін Миланнан да, Парижден де көрмегем. Шибуяда шу шаршатады: музыка, ғимараттардағы алып лед экрандар мен ондағы жарнамалар, жұрттың шуы, пойыз, машина, автобус... Оған күннің қапырығын қосыңыз. Бірақ Шибуя адамды тартып тұрады. Екі күнде де Шибуяға барып қайттым. Айтпақшы бұл жер әлемдегі ең ығы-жығы қиылыс саналады. Әр үш минут сайын бағдаршамның жасылы жанғанда Шибуядағы үш жолақтан бір уақытта кемі жүзден аса адам өтеді (видеосын қыстырдым). “Час пик” кезінде одан да көп. Мұның бәрі бұл жерде не істеп жүр деп ойлайсың. Бұған қоса мұнда “иесін күткен” Хатиконың ескерткіші бар


Жапонияның тамағы бөлек әлем. Әр елге барған сайын тамағын, салатын, сусынын ішіп көргің келеді. Олимпиада деп жүріп, тамағын зерттеуге мүмкіндік болмады. Өткенде түіне қызығып бір тамақ алып едім, дәмі жақпады. Одан кейін де бір салат пен сусын алып, оны да ұнатпадым. Салаты қатты, сусыннында дәм жоқ. Қазір Жапониядан бөтен тамақ жеуге жасқанып қалдық. Олимпиада біткен соң Токиода қалып, екі күн аралаймын. Сол кезде теңіз тағамдары базарына барып, жергілікті экзотикалық тағамдарын жеп көрсем... Жапонияда бешпакет (біздегі “Доширак” пен “Роллтонға” ұқсас) қатты ұнады. Тойымды әрі дәмді. Ыстық су құйсаң үш минутта дайын болады. Дәмі де ерекше. Олимпиадада жарыс арасында асығып жүргенде осы бешпакеттер құтқарды.


Олимпиададағы еріктілердің көбі ағылшын білмейді. Жапонша сөйлей береді. Түсінбей бара жатсақ ишарамен түсінісіп аламыз. Волонтерлер арасында 50-60 жастағы жандар көп. Оларды қарттар санатына қоса алмайды екем. Жүгіріп, құрақ ұшып көмектесіп жүргені. Әлемдегі ең ұзақ жасайтын халық жапондар екенін ескерсек, олар үшін 50-60 жас нағыз жүгіріп жүретін шақ.
Еріктілер ағылшын білмесе де бар күшін салып көмектескісі кеп тұрады. Алдарында ашулана алмайсың. Жымиғанын маска да жасыра алмайды. Жымиып тұрған адамға қалай бұрқылдайсың. Кеше қала орталығына шығып, көшеде кетіп бара жатып бір жапоннан жол сұрайық дедік те айнып қалдық. Қазір оның жанына барып жол сұрасаң ол бақандай он минут түсіндіретінін түсіндік те “қой, өзіміз бірдеңе қылып тауып алайық” дедік. Өткенде Жапония бөлек планета дегенмін. Өз ережелерімен өмір сүретін ел. Жапондар “олимпиадада ерікті болу үшін ағылшын тілін біру керек” деген стереотипті бұзды. Әрине, бәрі ағылшын білмейді демеймін. Білетін еріктілер шынымен ағылшын тілі керек жерлерде жүгіріп жүр.


Қадірменді дос, таныс-жаран!

Ұзақ уақыттан бері телеграм әлемінен канал ашуға қол жетпей жүрген еді. Токио төрінде осы жоспарды жүзеге асыру бұйырды. Енді саяхат, спорт, тіл меңгеру, журналистика, музыка жайлы жазбаларымды телеграм каналыма да жариялап отырамын. Алда Youtube арна ашып, барған ел мен жерден видеоблог жариялауда ойда бар. Бұйырса оның да уақыты келер. Каналыма көз сала жүріңіз.

https://t.me/ruslan_medelbek

Показано 4 последних публикаций.

193

подписчиков
Статистика канала