Жапонияның тамағы бөлек әлем. Әр елге барған сайын тамағын, салатын, сусынын ішіп көргің келеді. Олимпиада деп жүріп, тамағын зерттеуге мүмкіндік болмады. Өткенде түіне қызығып бір тамақ алып едім, дәмі жақпады. Одан кейін де бір салат пен сусын алып, оны да ұнатпадым. Салаты қатты, сусыннында дәм жоқ. Қазір Жапониядан бөтен тамақ жеуге жасқанып қалдық. Олимпиада біткен соң Токиода қалып, екі күн аралаймын. Сол кезде теңіз тағамдары базарына барып, жергілікті экзотикалық тағамдарын жеп көрсем... Жапонияда бешпакет (біздегі “Доширак” пен “Роллтонға” ұқсас) қатты ұнады. Тойымды әрі дәмді. Ыстық су құйсаң үш минутта дайын болады. Дәмі де ерекше. Олимпиадада жарыс арасында асығып жүргенде осы бешпакеттер құтқарды.