“Адамдар әдетте подкастты қандай да бір жұмыспен айналасып отырып тыңдайды, мысалы менің соңғы эпизодымда қонақ болған Азат Ысқақ подкастты ыдыс жуып жатқанда тыңдайтынын айтты. Ал мен көбіне таңғы ас дайындау барысында және жолда (автобуста не көлікте)тыңдайды екенмін. Барлық тірлігін тастап қойып, сіздің подкастыңызды мұқият тыңдайын деп отыра қалатын адамдар өте сирек. Сондықтан сіз беретін ақпарат жеңіл (тақырыбы бойынша емес, берілу тәсілі бойынша), адамды еліктіріп алатындай қызықты әрі уақытын құрға өткізбегенін сезінетіндей пайдалы болуы керек”, - деппін 😊 https://newreporter.org/kz/2019/08/31/4-modul-kasibi-kenes/