OY-Detox by Ainel - подкаст туралы арна


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Қоғам, өмір, жеке хобби мен ой тазалығы туралы қазақша подкаст
Қандай да бір сұрақтар бойынша akainazar1@gmail.com поштасына хабарласа аласыздар

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri




https://youtu.be/dJL36PDdFiI

подкаст туралы БАҚ жиі жазып айта бастады. Күшті 😍Әріптесім Эльдар бұл салада қарқынды жұмыс жасап жүрген подкастерлердің бірі. Тегін курстар да, подкастерлермен видео- трансляциялар да өткізеді, енді міне Qazaqstan арнасының сюжетіне де түсіп үлгеріпті.
Не керек, сюжетте менің OY-Detox-ым да жүр, нақтырақ айтсам - суреті. Все равно приятно ))


Игры, бизнес, книги dan repost
В полку книг о подкастинге прибыло: шестеро студентов магистратуры ВШЭ выпустили "Меня слышно? Как делать подкасты в России".  Книга выполнена в жанре "коллективная монография": составители поговорили с авторами самых крупных и знаковых российских подкастов о полном производственном цикле - от подготовки к записи до анализа и привлечения аудитории, от взаимодействия с гостями до работы с рекламодателями. Как это случается в коллективных монографиях, глубина суждений спикеров неоднородна- от тонких до довольно поверхностных. Уровень практической информации применимости тоже.

Книга ориентирована на начинающих подкастеров. Но еще к ней будет интересно вернуться лет через 5, чтобы сравнить, чем жил рынок подкастов тогда и сейчас.

Скачать можно на Ридеро
Также отдельно можно послушать интервью, на основе которых написана книга.


Подкасттардың да, подкаст туралы кітаптардың да қатары көбейіп келеді. Жақсы тенденция 👍


Қазақ подкастерлердің ішінде краунд­фандинг платформа, яки патреоны бар автордың бірі де, бірегейі — Әйнел. Ай­туынша, шығармашылық жұмысы үшін ақы сұрау менталитетімізге жат: «Өзім де бұл қадамға әзер бардым. Ал орысша под­кастерлер брендтермен жұмыс істейді, патреондары бар, подкастты қалай жүргізу керегін үйрететін тренингтер жүргізіп ақша табады. Бізде қазақша подкастерлер үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен подкасттар шығарып, тегін тренингтер өткізеді».






12 қараша - менің авторлық подкастым OY-DETOX-тің туған күні 🎂

Бүгінгі туған күндік эпизодта мен кей подкаст қонақтарының сұрақтарына жауап беремін. Не керек, OY-DETOX қонақтарының кебін киіп, олар интервьер, ал мен интервью беруші болдым да қалдым. Подкаст туралы бірәз әңгіме айтылды, тыңдап көріңіздер!

1 жыл бойы мені тыңдап, лүпілдеріңізбен, жылы сөздеріңізбен, кері байланыстарыңызбен бөлісіп келе жатқандарыңызға рақмет! Осы қарқындарыңыздан айнымаңыздар 😊Себебі қолдауды сезіну қашан да маңызды ❤️. Мен де өздеріңіздей кең болуға тырысып бағудамын!

Ал OY-DETOX-ті құттықтағыңыз келсе, өзіңізге ұнаған кез келген эпизодпен стористе бөліссеңіздер болады. Әрі менің шығармашылығымды кез келген сомада Patreon арқылы қолдай аласыздар https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

Ал, OY-DETOX-тің туған күні құтты болсын, достар! Ура!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Кеше үйге маманды шақыртып микрофоным мен эпизодтарды өңдейтін бағдарламамды жөндетіп алдым. Десек те, мүмкіндік болса, эпизодтарды студияда жазғанды жақсы көремін. Микрофоныңды да ыңғайлап береді, дорожкаларыңды да тазалап береді, сапасына да көңілің тыныш болады. Бүгін кезекті эпизодты студияда жаздым, өте пайдалы ақпарат көп болды. Soon 😍




За первые полгода существования студия подкастов «Либо/Либо» заработала около 6,5 млн рублей и выпустила 20 подкастов.

На чем зарабатывает «Либо/Либо»

Реклама — небольшой временной промежуток, в котором говорится, кто выступает партнёром подкаста. Так устроено участие «Яндекс. Практикума» в подкасте «Запуск завтра».
Партнёрский маркетинг — специальная рубрика в подкасте, в которой участвует компания. Так, в подкасте «Деньги пришли» есть выступление представителя Альфа-Банка.
Подкаст для партнёра — подкаст для компании, производством которого занимается студия. Например, «Хроники еды» — подкаст «Кухни на районе», делает его «Либо/Либо».
Подкаст для платформы  — эксклюзивный подкаст, который выходит только на сайте партнёра. «Истории русского секса», например, можно послушать только на «Яндекс.Музыке».


Yeldar Kudaibergenov dan repost
Қайырлы күн! Мен подкастинг бойынша тегін онлайн курс бастағанымды айттым ба? Айтпасам, міне. Барлық ақпарат https://podcaster.kz сайтында.

Ал енді сол курсты өтіп жатқан адамның подкастын тыңдап көріңіз. Әзірге 4 минуттық бір эпизод бар https://pca.st/episode/ebb31c34-ad57-48cc-94cc-73738edda177


Бүгін қазақ тілінде жақында шыққан жаңа екі подкаст тыңдадым.

Бірі – Айнұр Базарованың «Болашакер» подкасты болса, екіншісі – Дана Маратованың «Әжемнің әңгімесі» подкасты. Ұнағаны – менің пікірімше, екеуі де концепциясы жақсы дайындалып, ойластырылған, бас-аяғы бар дүние. Подкаст авторларының тренингтен өткендері көрініп тұр.

«Болашакер» - бұл подкаст шекара асып, шетелде білім алуды көздеген жандарға арналады. Бұл жерден ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары, шетелдік стипендияны қалай іздеу керек, университетті қалай таңдау керек деген сынды сұрақтарға жауап табуға болады. Айтпақшы, бірінші эпизодта қонақта болған Ернар Қуанышевпен мен де бөлек эпизод дайындаған болатынмын.
«Әжемнің әңгімесі» - аты айтып тұрғандай подкаст авторы Дананың әжесі Динамен бұрынғы тарих, бүгінгі өмір, болашаққа болжам әңгімесі негізінде құрылған. Дина әже қазір 80 жаста екен, 40 жыл мектепте тарих пәнінен сабақ берген.

Осы екі подкастта маған тағы не ұнады?

1. Трейлер. Подкаст туралы толықанды ақпаратпен бөліскен алғашқы аңдатпа-трейлер. Подкаст мақсаты не, қандай тақырыптар талқыланада, оның туындауына не түрткі болды деген сынды сұрақтарға авторлардың өзі алдын-ала жауап береді.
2. Әр эпизодтың ұзақтығы. «Әжемнің әңгімесі» подкастының екі эпизоды шығып үлгеріпті. Әр эпизодтың ұзақтығы 8-13 минут. Айнұр Базарованың «Болашакер» подкастының бір ғана эпизоды шықты, ұзақтығы – 19 минут.
3. Музыка, эпизод барысындағы паузалар, автор-жүргізушілердің байсалды дауысы.

Ал енді мені кішкене алаңдатқан дүниеге тоқталып өтейін. Ол:
1. «Болашакер» подкастының алғашқы эпизоды 23 қыркүйекте шығыпты. Одан кейін жаңа эпизод әлі жарияланбады. Ал подкаст әлемінде тұрақтылық өте қажет қасиет.
2. Ал «Әжемнің әңгімесі» атты тақырыпта Қазақ радиосында бөлек бағдарлама бар екен. Бұл подкастың бірегейлігіне кішкене нұсқан келтіреді. Тақырыптың уникальный болғаны жақсы.

Егер қазақша жаңа подкасттарды іздеп жүрсеңіздер, тыңдап көруге кеңес беремін.


Кристен Майнцердің "Взрывной подкаст. Как создать успешный проект от идеи до первого миллиона» кітабын оқып біттім. Тез (150 бет) әрі жеңіл оқылады. Расында да, подкастты жаңадан бастағысы келіп жүргендерге жақсы дүние. Подкасттың тақырыбын, мұқабасын таңдау, қонақтарға хат жазу және оларды іздеу, әр эпизодқа тақырып қою мен лид жазу бойынша кеңестер бар.
Кітап меломанда бар, құны 4750 теңге екен. Мен онлайн литрестен 1990 теңгеге сатып алып оқыдым.


Подкаст туралы орыс тіліне аударылған екі-ақ кітап бар, қателеспесем. Бірі - Эрик Нюзумның "Пошумим. Как делать хитовые подкасты» кітабы болса, екіншісі - мен қазір оқып жатқан Кристен Майнцердің "Взрывной подкаст. Как создать успешный проект от идеи до первого миллиона» кітабы. Кристеннің өзі бірнеше сәтті шыққан подкастардың авторы, мен оның бір жылдары By the book подкастын қызыға тыңдағанмын.

Егер подкаст жасау ойыңызда болса, онда осы кітаптарды оқып шығуға кеңес берер едім, өзінше бір подкаст жасау бойынша дайын нұсқаулық 😉


about media in kazakh dan repost
Әйнел Әмірханның OY-Detox подкасының соңғы эпизодын тыңдап шықтым. Uyatemes.kz жобасы авторларының бірі Камила Тұяқбаевамен жыныстық сауаттылық тақырыбында әңгімелесіпті.

Қазіргі Қазақстан қоғамы үшін аса өзекті мәселені талқылаған екен. Подкаста Камила медиамызға кішігірім зерттеу жүргізгенін айтады (ал медиа - қоғамдағы басым пікірді ұсынып, оны қайта өндірумен айналысады). Ол түрлі жаңалықтар порталынан алынған тастанды балаға қатысты 13 мақаланы талдаған. 85 000 сөзден тұратын мәтінде шамамен 500 (немесе 580) әйелге қатысты сөз (әйел, қыз, ана, т.б.) кездесіпті. Ал "еркек", "әке" деген сөздер тек 3 мәрте кездеседі. Бұлардың бірінде ғана тастанды баланың әкесіне байланысты қолданылған (біреуі баланы тауып алған жанұяға, енді бірі баланы тастап кеткен қыздың әкесіне қарата қолданылады).

Осылайша, медианың тастанды бала мәселесінде барлық кінәні әйелге жабатыны ортаға шығып отыр, ал жауапкершіліктен қашқан еркектерге еш назар аудармайды.

Иә, Қазақстанда әйел құқығына байланысты мәселе жоқ, медиамызда гендерлік баланс сақталады 🤡

Әйнел ханымның подкасын мына каналдан тыңдай аласыз: @oydetox


“Адамдар әдетте подкастты қандай да бір жұмыспен айналасып отырып тыңдайды, мысалы менің соңғы эпизодымда қонақ болған Азат Ысқақ подкастты ыдыс жуып жатқанда тыңдайтынын айтты. Ал мен көбіне таңғы ас дайындау барысында және жолда (автобуста не көлікте)тыңдайды екенмін. Барлық тірлігін тастап қойып, сіздің подкастыңызды мұқият тыңдайын деп отыра қалатын адамдар өте сирек. Сондықтан сіз беретін ақпарат жеңіл (тақырыбы бойынша емес, берілу тәсілі бойынша), адамды еліктіріп алатындай қызықты әрі уақытын құрға өткізбегенін сезінетіндей пайдалы болуы керек”, - деппін 😊 https://newreporter.org/kz/2019/08/31/4-modul-kasibi-kenes/





20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

51

obunachilar
Kanal statistikasi