Бүгін қазақ тілінде жақында шыққан жаңа екі подкаст тыңдадым.
Бірі – Айнұр Базарованың «Болашакер» подкасты болса, екіншісі – Дана Маратованың «Әжемнің әңгімесі» подкасты. Ұнағаны – менің пікірімше, екеуі де концепциясы жақсы дайындалып, ойластырылған, бас-аяғы бар дүние. Подкаст авторларының тренингтен өткендері көрініп тұр.
«Болашакер» - бұл подкаст шекара асып, шетелде білім алуды көздеген жандарға арналады. Бұл жерден ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары, шетелдік стипендияны қалай іздеу керек, университетті қалай таңдау керек деген сынды сұрақтарға жауап табуға болады. Айтпақшы, бірінші эпизодта қонақта болған Ернар Қуанышевпен мен де бөлек эпизод дайындаған болатынмын.
«Әжемнің әңгімесі» - аты айтып тұрғандай подкаст авторы Дананың әжесі Динамен бұрынғы тарих, бүгінгі өмір, болашаққа болжам әңгімесі негізінде құрылған. Дина әже қазір 80 жаста екен, 40 жыл мектепте тарих пәнінен сабақ берген.
Осы екі подкастта маған тағы не ұнады?
1. Трейлер. Подкаст туралы толықанды ақпаратпен бөліскен алғашқы аңдатпа-трейлер. Подкаст мақсаты не, қандай тақырыптар талқыланада, оның туындауына не түрткі болды деген сынды сұрақтарға авторлардың өзі алдын-ала жауап береді.
2. Әр эпизодтың ұзақтығы. «Әжемнің әңгімесі» подкастының екі эпизоды шығып үлгеріпті. Әр эпизодтың ұзақтығы 8-13 минут. Айнұр Базарованың «Болашакер» подкастының бір ғана эпизоды шықты, ұзақтығы – 19 минут.
3. Музыка, эпизод барысындағы паузалар, автор-жүргізушілердің байсалды дауысы.
Ал енді мені кішкене алаңдатқан дүниеге тоқталып өтейін. Ол:
1. «Болашакер» подкастының алғашқы эпизоды 23 қыркүйекте шығыпты. Одан кейін жаңа эпизод әлі жарияланбады. Ал подкаст әлемінде тұрақтылық өте қажет қасиет.
2. Ал «Әжемнің әңгімесі» атты тақырыпта Қазақ радиосында бөлек бағдарлама бар екен. Бұл подкастың бірегейлігіне кішкене нұсқан келтіреді. Тақырыптың уникальный болғаны жақсы.
Егер қазақша жаңа подкасттарды іздеп жүрсеңіздер, тыңдап көруге кеңес беремін.