1986 жыл. 16 желтоқсан. алматы. орталық алаң
17-18 жастағы дәл қазіргі біздей жастар өз мемлекеттерінің тәуелсіздігі үшін бейбіт шеруге шықты. олар оқиғаның бұлай өрбитінін әрине күтпеген де еді.
Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол біздің жыл сайынғы қаһармандарымыз.
бірақ бұл кісілерден бөлек қаншама біз білмейтін жастардың өз оқиғалары бар. солардың бірі, 17 жастағы Гүлден. қарағанды қаласында 1 курс студенті. аудиторияда үндеу қағаздарын лақтырғаны үшін 1,5 жыл бас бостандығынан айырылған. кейін, білім алуын жалғастыра алмаған.
Қайраттың жанында 3 жолдасы болған. әр біреуі 14-15 жылдық жазаға кесіліп, қазақстан мен ресейдің әр жеріндегі түрмелерді көрген. айта берсек, оқиғалар көп.
әр бір оқиға, тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенінің дәлелі. өкініштісі, желтоқсан оқиғасының қалай өрбігенін қойып, қайда, қашан, неліктен болғанын білмейтін қазақ жастары баршылық…
қанмен келген, тәуелсіздік күні құтты болсын🇰🇿