🫀🕯жарығым,
кешені ойлап өкініп, ертеңді ойлап уайымдап, бүгінгі күніңді, бүгінгі өміріңді текке кетіріп алма,
кешегі күн кетті, ертеңгі күн жұмбақ, бүгінгі күн қымбат.
жаныңда жүрген жұмыр басты пендеден қолдау, жылулық күтудің керегі жоқ, сенің Раббың бар. неліктен мұңайғанда жаратылыстан жұмсақтық күтеміз, жаратқан тұрғанда. Раббыңа бет бұр, Раббыңнан емес. өміріңде нендей жағдаят болсын, түймедей болсын, түйедей болсын оны жүрегіңнің Иесіне айт. сен Аллаһтың құлысың, Мұһаммедтің (с.а.у.) үмметісің, Ислам дінінің жалғастырушысысың. ал енді ойлап көр, қандай мәртебеге ие бола тұра, қайдағы жоқ дүниеге бола көңілімізге қара бұлт қаптауы керек пе?, жоқ. көңіліңді көтер, басыңды тік ұста, қандай жағдай болмасын Раббыңнан үміт үзбе🤍💫🫂